Рауан ҚАБИДОЛДИН
Рауан ҚАБИДОЛДИН«Egemen Qazaqstan»
336 материал табылды

Саясат • 21 Қыркүйек, 2020

Экономика тұрақтылығы заңмен реттеледі

Әлемді әбігерге салған пандемияның кесірінен осыған дейінгі өмір-дағдымызға өзгеріс енгені айтпаса да белгілі жайт. Әсіресе, коронавирустың салдары ел экономикасына айтарлықтай әсерін тигізді. Қаржы, несие салаларына қатысты нормалар мен актілерді қайта қарауға тура келді. Мәселен, еліміздегі микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс барысын реттеу бойынша Қазақстанның кейбір нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер енді.

Саясат • 18 Қыркүйек, 2020

Үш буынды модель: полиция, прокуратура және сот

Жасыратын несі бар, бәріміз де әділетті мемлекетте өмір сүргіміз келеді. Заңда – үстемдік, сотта әділ төрелік болғанын қалаймыз. Орынсыз айыптау мен негізсіз жауапқа тарту үрдісі айылын жиса дейміз ғой, баяғы. Ол күнге де жетерміз. Адам заңға емес, заң адамға қызмет ететін күн қайтсе де орнайды. Алайда азаматтардың мүддесіне қызмет ететін мемлекетті бір күнде құра алмасымыз анық. Ол үшін ең алдымен құқық қорғау және сот жүйелеріне ауқымды реформа қажет.

Саясат • 17 Қыркүйек, 2020

Тәртіп сақшысына талап күшейді

Кезінде үлкендердің «менің милициям мені қорғайды» деп әндеткенін жиі естуші едік. Жұрттың осы сеніміне селкеу түспеуі үшінде жыл санап елімізде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қойылатын талап пен белгілі бір стандарт күшейіп келеді. Бұл – заңды құбылыс. Себебі, отандастарымыздың құқығы тапталмауы мен мүдделері аяқ асты қалмауында маңызды рөлді ең алдымен осы тәртіп сақшылары атқарады.

Саясат • 17 Қыркүйек, 2020

Кибербуллинг: Жалған аккаунттан жапа шеккендер

Адамзат баласы интернетке қол жеткізгелі бері шекара ұғымы жойыла бастаған сыңайлы. Бүгінде қай-қайсымыз болсын «айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша жылдам хабар алғызған» (Ы.Алтынсарин) осы жаһандық «тордың» тұтқынымыз. Мұндайда ес білетін ересектерден бұрын оңы мен солын танып үлгермеген балалар мен жасөспірімдер үшін алаңдайтын болдық. Оған себеп – баланы өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізетін буллинг пен кибербуллингтің кесірі. Бүгінде еліміздегі 11-15 жастағы жасөспірімдердің 12%-ға жуығы – осы кибербуллингтен жапа шеккендердің қатарында.

Қоғам • 14 Қыркүйек, 2020

Әлеуметтік желінің әлегі

Бүгінде адамзат баласының тұрмыс-тіршілігін, өмір сүру барысын интернетсіз елестету қиын. Электр қуаты қаншалықты маңызды болса, ғаламтор желісі де содан бір елі кем емес маңызға айналды. Әсіресе, әлемді пандемия жайлап, жұмыс, оқу барысы онлайн режімге ауысқанда интернетсіз жұмысымыз жүрмей, қолымыз байланатын болып барады. Алайда таяқтың екі ұшы барын да ұмытпаған жөн. Бұл шекарасы жоқ шексіздіктің игілігімен қатар өзіндік зияны да бар. Соның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған балаларға кері әсер тигізетін кездер жиілеп кетті.

Қоғам • 14 Қыркүйек, 2020

Педофилия: Адамзат азғындықтан арылған жоқ

Заман өзгерді дейміз ғой. Әсілінде заман емес, адам өзгерген сыңайлы. Құрдымға кеткен құндылықтар мен адам айтса сенгісіз аярлықты күн сайын көретін болдық. Оған да етіміз үйреніп барады. Әсіресе, балаларға қатысты жасалатын зорлық-зомбылық пен педофилия тыйылмай тұр. Бала құқығы аяқасты қалмасын деп ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанымен, хайуан екеш хайуанның өзі жасамайтын бассыздыққа бел буғандардың айылы жиылар емес. Биылғы қаңтар-тамыз аралығында елімізде қылмыстың осы түріне қатысты 550 оқиға тіркеліп отыр.

Ауыл • 10 Қыркүйек, 2020

Мал – баққандікі емес, барымташынікі болып тұр...

Мал баққан ауыл адамының көрген бейнеті мен тартқан азабын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жем-шөбін шашпай-төкпей жинап алып, ауру-сырқауының алдын алу, күн сайын қора-қопсысын тазалап, өрісте жүріп өрістеп кеткенін сандалып соңынан іздеу де бір бейнет. Малсақ адамның жыл он екі ай көретіні – осы. Ол ол ма, ит жетектеп төрт аяқты түз тағысынан қору былай тұрсын, екі аяқты барымташының залалы мен зардабы жанға батады. Өткен сегіз айдың өзінде қылмыстың нақ осы түрі 2174-ке жетіп отыр.

Саясат • 09 Қыркүйек, 2020

Қылмыс саны азайып келеді

Адам құқығы қашанда маңызды. Демократиялық ел болудың алғышарты да, негізгі тірегі де – осы. Сондықтан еліміз адам құқығының аяқасты қалмауын үнемі алдыңғы орынға қояды. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-баспасөз мәслихатында Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов баяндады.

Саясат • 07 Қыркүйек, 2020

Түйткілдер түйінін тарқатқан тұжырымдамалық құжат

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында республикалық «Egemen Qazaqstan» газетіне келіп, зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді.

Қоғам • 04 Қыркүйек, 2020

Қаскөйлік қашанға дейін жалғасады?

Ұлға мирас, ұрпаққа аманат болған ата дәстүрдің аяулысы – аңшылық өнер еді. Оған да опасыздық жасалып жатыр. «Құндыздың терісі – өзіне жау» демекші, мүйізі үшін киікті, терісі үшін түлкіні, уылдырығы үшін балықты қырып әлекпіз. Обал мен қиянат, аяныш пен сауап түсінігін жеке бастың қамы, ашкөздік ұғымдары алмастырған заман орнады. Жануарлар әлеміне жасалып жатқан бүгінгі сорақылықтың орнын кейін қайтып толтырмақпыз сонда? Мәселен, биыл алғашқы жартыжылдықтың өзінде браконьерлер Табиғат-Анаға 1,6 млрд теңге көлемінде залал келтіріп үлгерді.