Рауан ҚАБИДОЛДИН
Рауан ҚАБИДОЛДИН«Egemen Qazaqstan»
336 материал табылды

Саясат • 14 Тамыз, 2020

Рухани жаңғыру: Мазмұнға мән беретін кез келді

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу барысы мен оның негізгі нәтижелері туралы баспасөз мәслихаты өтті. Оған Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов және «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы қатысты.

Саясат • 07 Тамыз, 2020

Бекте де береке болмай тұр...

Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты айтып отырмыз, баяғы. Өзекке түскен жегіқұрттай болған бұл қоғамдық кесел мемлекетті экономикалық шығынға батырып қана қоймай, елдің берекесін де қашырып тұр. Төзімнің түбі, шыдамның шегі деген болмау­шы ма еді? Түйені түгімен жұттырған тойымсыздық пен тоғышарлыққа тосқауыл болар айла-шара жеткіліксіз болғандықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңа толықтырулар пакетіне қол қойған болатын. Соған сәйкес бағынышты қызметкері жемқорлықтың желкенін керген жағдайда басшының қызметтен кетуі мақұлданды. Нәтиже бар ма?

Үкімет • 06 Тамыз, 2020

Тергеу басталды: тықыр таянды ма?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында жүйелі жұмыс істемей жатқан салаларды қатаң сынға алған болатын. Ел дамуына тежеу болған мұндай салалардың саны бір емес, бірнешеу. Оның қатарында еліміздің денсаулық сақтау, білім және ғылым, цифрлы даму салалары да бар.

Саясат • 31 Шілде, 2020

Тоғызыншы территория: Халық өсімі қандай деңгейде?

Дүние жүзін тығырыққа тіреген коронавирус пандемиясы Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Өтпегені былай тұрсын, ауру асқынған сайын адам шығыны да көбейіп барады. Адамзат баласын қынадай қырып, ормандай отап жатқан жалмауыз індеттің кесірінен әлемде 608 мыңнан астам адам көз жұмса, соның 585-і – өз отандасымыз. Оның үстіне Ұлттық экономика министрлігі биылға жоспарланған халық санағын Үкіметке келесі жылға игеруді ұсынды. Осыны ойға алған сайын елдегі демографиялық ахуалға да алаңдайтын болдық. Көбеюдің орнына кеміп, бүр жарудың орнына семіп кетпесек екен дейміз.

Руханият • 29 Шілде, 2020

Шоғырда шоқтығы биік

Ол да отызды алқымдады. Алқынбады. Талпынғаны – тоғышардың туын құлатып, жемқордың желкенін қию. Алақандай елінің Алатаудай арманын орындап, ұлтының бар болса барын бағамдау, жоқ болса жоғын түгендеу. Тартынғаны... Тартынғаны одан да көп: адамгершіліктен аттамау, ауыз жаласқан сыбайласты жақтамау. Алысқа бармай-ақ жақыннан қайтып отырмыз. Аңыздағы Алпамысты емес, ел басқару ісіне ерте араласқан, бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Ибрагимұлы Жақсымбетовті айтып отырмыз.

Қоғам • 27 Шілде, 2020

Нұр-Сұлтанда 3 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

Қаланың барлық тұрғындары мемлекеттік бағдарламаға тұрғылықты жері бойынша тіркеумен де, тіркеусіз де қатыса алады.

Саясат • 14 Шілде, 2020

Алаш аза тұтқан күн

Алаш жұрты азалы. Ресми мә­ліметке сенсек, бүгінде Қа­зақ­­­станның 59 899 азаматы ко­­рона­вирус инфекциясына шал­дығып, соның 34 190-ы дерттен айығыпты.

Қазақстан • 07 Шілде, 2020

Шекарада шектеу бар

Дүние жүзін дүрліктірген пандемияның кесірінен көптеген кәсіпкердің қолы байланып, шет мемлекеттерде білім іздеген жастарымыздың жүріп-тұруы, елге қатынауы қиындай түсті. Иә, Қазақстанда төтенше жағдай режімі аяқталғанымен карантиндік шектеулер кезінде ел шекарасын кесіп өту мәселесі өзектілігін жойған жоқ.

Аймақтар • 05 Шілде, 2020

Халық артисі тұрған үйге ескерткіш тақта ілінді

Қоғам қайраткері Қуат Есімхановтың ұйымдастыруымен Нәби Айтжанов бастаған 4-5 жас кəіпкердің қаржылай қолдауы арқылы тұлғаны мәңгі есте қалдыру шарасы жүзеге асты, - деп жазады Egemen.kz

Елбасы • 02 Шілде, 2020

Елбасының тәжірибесі көпке үлгі

Елордада Конституциялық Кеңестің және Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ұйымдас­тыруымен «Қазақстан Респуб­ликасы Тұңғыш Президентінің Тәуелсіз Қазақстанның кон­ституциялық құрылысындағы рөлі: Елбасы тәжірибесі» атты жаңа кітап онлайн режімде таныстырылды.