Рауан ҚАБИДОЛДИН
Рауан ҚАБИДОЛДИН«Egemen Qazaqstan»
336 материал табылды

Саясат • 06 Қазан, 2020

Партия мүшелерінің дауысы есептелді

Nur Otan партиясы ішкі іріктеудің алғашқы кезе­ңін аяқтады. Партияішілік сайлаудың бірінші кезеңі бойынша сайлаушылардың дауысын есептеу жұмысы кеше тәмамдалды. Прай­ме­риз өткізу жөніндегі Орталық ұйымдас­тыру ко­митетінің ақпаратына сәйкес төрт күн­ге со­зылған дауыс беруге 662 687 адам қаты­сып­ты. Бұл – тіркелген сайлаушылардың 84,2%-ы.

Саясат • 05 Қазан, 2020

Праймериз қатысушыларына дауыс беру аяқталды

Осы жылы тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Nur Otan пар­тиясында елімізде бұрын-соң­ды болмаған жаңа формат­тағы ішкі іріктеу – праймеризге қатысушыларды тіркеу бас­талған еді.

Саясат • 05 Қазан, 2020

«Қызыл куәлікпен» әлі қоштаса алмай жүр

Он алты жасқа толып, жеке куәлікке қолы жеткен күнді көп адам ұмыта қоймайды. Себебі есеюді, азамат болуды ең алдымен осы құжат куәландыратындай еді. Ол ол ма, осындай куәлік алған азамат ел мен жер алдындағы қандай да бір жауапкершілікті, азаматтықты сезіне бастайды ғой. Бақсақ, мұндай сезім барлық адамға тән емес сияқты. Өкінішке қарай, азат елдің азаматтығын айғақтайтын құжатсыз жүргендердің саны өткен сегіз айда 867-ге жетіп отыр.

Саясат • 01 Қазан, 2020

Мигранттар мәселесі оңтайлы шешілді

Жаһандық пандемия алқымнан алған кезде амалдың жоқтығынан біздің еліміздің де шекара есігін бекітуіне тура келді. Алайда, Қазақстан Азия мен Еуропаны жалғайтын негізгі транзиттік дәліз саналатындықтан шекара есігін мүлде шегелеп тастадық деуге тағы ауыз бармайды. Мысал ретінде еліміздің Сыртқы істер министрлігінің 243 мигрантқа транзиттік дәліз ұсыну мәселесінде Өзбекстан мен Тәжікстандағы әріптестерімен келісімге келгенін айтуға болады.

Саясат • 30 Қыркүйек, 2020

Берешекті қайтарудың берекесіз тәсілі

Қандай да бір қарыз алған соң қайтаруға асыққанға не жетсін. Алайда қаржылық жағдайы тығырыққа тіреліп, қайтарғысы келсе де қайтара алмай жүргендер аз емес. Әсіресе қарызды банктен алып, пайызға малтыққандар көп. Мұндайда қарыз беруші көбіне-көп коллекторлар мен жеке сот орындаушыларына жүгінетіні белгілі. Олар өз кезегінде берешекті өндіріп алу үшін барын салып бағады...

Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2020

Төтенше жағдай ұтқырлықты талап етеді

Апат айтып келмейді ғой. Айтып келгеннің өзінде оның алдын алатын қал-қауқарымыз бірде болғанымен, бірде бола бермейді. Қандай да бір табиғи, не болмаса техногендік апатқа тап бола қалсақ санамыз сан-саққа жүгіріп, әлдекімнен әлдеқандай көмек күтеміз.

Саясат • 28 Қыркүйек, 2020

Адам саудасы: Құлдық құрдымға кеткен жоқ

1981 жылы Мавритания әлемдегі ең соңғы мемлекет болып ресми түрде елдегі құл иеленушілікті заңсыз деп танып, құлдықтың күшін жойған болатын. Бүгінде дүние жүзіндегі бірде-бір мемлекет құлдықты қолдамайды. Тіпті, ғылым мен ілім, технология дамыған ХХ ғасырда құлдықты елестету де мүмкін емес сияқты. Алайда заңдағы тыйымға қарамастан қылмыстың осы түрі әлі де айылын жияр емес. Өкініштісі сол, бұл қасіреттің қармағына отандастарымыз да көптеп ілініп келеді. Құлдық мәселесіне қатысты әлемдік статистикада Қазақстан 83-орынға жайғасса, биылдың өзінде елімізде 26 адам саудасы фактісі бойынша жазаланып отыр.

Қоғам • 25 Қыркүйек, 2020

Өнімді жұмыс өзгерістен басталады

Профилактикалық жұмыс жүргізіп, азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда, құқық қорғау органдарының қоғамдағы ұстанымын нығайтуда ең алдымен учаскелік полицияның маңызы зор. Түптеп келгенде, тәртіп сақшыларының бүгінгі қызметіне халық нақ осы учаскелік полиция инспекторларының жұмысына қарап баға береді. Сондықтан оларға артылған жауапкершіліктің жүгі де, талап та ауыр дер едік. Ендеше мұндай инспекторлардың мәртебесін арттыратын кез келген секілді.

Қоғам • 22 Қыркүйек, 2020

Сенімге селкеу түспесін

Елімізде құқық қорғау органдарының, соның ішінде полиция қызметкерлерінің халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, жүйелі жұмыс жасауын жолға қою мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Әділетті мемлекет құрудың алғышарты осындай қадамдардан бас­талса керек-ті. Себебі тәртіп сақшылары жұртпен ашық әңгіме жүргізуді дағдыға айналдырмайынша «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мүмкін болмайтын секілді. Осы бағытта жасалған оң қадамның бірі полицияның жұмысын сервистік модельге көшіру болып отыр.

Үкімет • 21 Қыркүйек, 2020

Жастар жаңашылдыққа ұмтылады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездесті. Жиын барысында талапты жастар ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, ведомство басшылары бірқатар сұраққа жауап берді.