Саясат • 20 Қараша, 2020
Денсаулық сақтау министрлігінде бірінші вице-министр Марат Шорановтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлескен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу мәселесі бойынша кеңес өтті.
Қоғам • 20 Қараша, 2020
Өмір болған соң сан түрлі тағдыр, алуан түрлі оқиға болады. Күні кеше айрылмастай болып қосылған жандардың уақыт өте келе көңілі жараспай, арманы ұштаспай ажырасып жататындары жанға батады. Басқасы басқа, мұндай кезде жаутаңдап қалған жазықсыз баланы аяйсың. Себебі, барын баласына шашып үйренген адамдардың өзі ажырасқан соң жауапкершіліктен жалтарып, алимент төлеуден бұлтарып жататыны бар.
Қоғам • 18 Қараша, 2020
Елімізде тіркелетін жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі қараусыз жүрген төрт түліктің салдарынан болады. Құқық қорғау органдары осы мәселе туралы жұртшылықты құлақтандырудай-ақ құлақтандырып жатқанымен, оқыс оқиғалар саны азаймай тұр. Мәселен, жуырда көлік полицейлері 8 жылқының иесін анықтап, оны темір жол бойында мал жайғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Саясат • 18 Қараша, 2020
Қаржы пирамидасының қақпанына түсіп қалмаңыз
Елімізде қаржы пирамидасына қатысты алаяқтық қылмыстары жылдан-жылға өршіп барады. Құқық қорғау органдары қарапайым тұрғындарды қанша құлақтандырғанымен әккі айлакерлердің тұзағына түсетіндер саны азаяр емес. Бел ауыртып, білек талдырмай пайдаға кенелудің де кемшін тұсы барын осыдан аңғаруға болатын-сынды. Осы жылдың өзінде тәртіп сақшылары аталған мәселе бойынша 250 қылмыстық істі тіркеп, 98 адамды жауапкершілікке тартты.
Саясат • 12 Қараша, 2020
Психотропты заттар: Саналы ұрпақтың санасын уламайық
Ұлт тамырына балта шабудың бірден-бір жолы – оның санасын улау. Алуан түрлі ақпараттық шабуылдарды емес, ертеңгі ел үмітінің денсаулығына, ойлау қабілетіне, тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер ететін тура мағынасында айтып отырмыз. Мәселен, ел жастарын елітетін есірткі саудасы тыйылмай тұр. Өткен он айдың өзінде осы есірткі мәселесіне қатысты 1950 қылмыстық іс тіркелді.
Қоғам • 11 Қараша, 2020
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы "Көңілде алаң басылса..." атты қалалық жазба ақындар мүшәйрасын жариялап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 11 Қараша, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Азаматтарды, əсіресе балаларды кибербуллингтен қорғау жөніндегі заңнамалық шараларды қабылдайтын кез келді. Балалар құқын қорғау жөніндегі басқа да шараларды күшейту керек», деген болатын. Бүгінде аталған бағыт бойынша елімізде бірқатар қадамдар жасалып жатыр. Мәселен, жуырда буллинг пен кибербуллингтің зиянын түсіндіріп, алдын алуға арналған «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты вебинар өткізілді.
Саясат • 10 Қараша, 2020
Зияткерлік меншікке зиян келмесін
Әділетті мемлекет қалыптастырудағы маңызды қадамдардың бірі дұрыс шешім не болмаса үкім шығаруға септігін тигізетін қажетті жинақтарды көптеп шығару саналады. Мұндай жинақтар судьялар қызметіне де оң әсер етіп, ой көкжиегін кеңейтетіні белгілі. Ол үшін түрлі бастамаларды саралап, зерттеп-зерделеу қажет-ақ. Ондай қадам еліміздегі судьялардың VIII съезінде жасалды.
Қоғам • 09 Қараша, 2020
«Цифрлы Қазақстан»: Адам құқығын жаңа технологиялар қорғайды
Жасалған құқық бұзушылық пен қылмыстың ізін суытпай бетін ашу мәселесі қашан да өзекті. Құқық қорғау органдарының қызметі де көбіне-көп осындай әрекеттер арқылы бағаланып жатады. Заман да, қоғам да тәртіп сақшыларынан ең алдымен осыны талап етеді. Алайда адам баласының барлық оғаш әрекетін қадағалап отыру мүмкін емес. Соған қарамастан, полиция қызметкерлері қол қусырып отырған жоқ. Мұндайда құқық қорғау органдарына заманауи технологиялардың пайдасы көп тиеді.
Қоғам • 06 Қараша, 2020
Тапсырмалар іске асырылуымен құнды
Ішкі істер министрлігінің апталық баспасөз мәслихатында ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру барысы туралы баяндады. Сондай-ақ министр ішкі істер органдарының осы жылдың тоғыз айындағы қызметін қорытындылады.