Саясат • 14 Желтоқсан, 2020
Елордада Қазақстан Халық партиясының мүшелері БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Журналистермен болған кездесу барысында партия төрағасы Айқын Қоңыров партия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Саясат • 09 Желтоқсан, 2020
Цифрлы Қазақстан: Автоматтандырудың артықшылығы көп
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мен цифрландыру мәселесінің маңызы әлемді әбігерге салған эпидемиялық жағдай кезінде тіптен арта түсті. Жаһанды жайлаған індет адамзат баласының адымын аштырмай тұрған тұста қажетті анықтамаларды үйден шықпай-ақ алғанға не жетсін. Осыған байланысты, еліміздің ішкі істер органдарында халыққа сапалы қызмет көрсетуді жолға қоюды көздейтін ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.
Саясат • 08 Желтоқсан, 2020
Кибершабуылға қайтсек төтеп береміз?
Елордада «Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан-2020» оқу-жаттығуы жарияланды. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Елбасы • 03 Желтоқсан, 2020
Бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Әсілінде, таңбалы тарихты тұғырлы тұлғалар жасайды. Бүгініміз – бүтін бір ұлттың темірқазығы бола қойған жоқ. Ендеше, қаз-қаз басқан Тәуелсіз Қазақстанның кешегісіне кері бұрылып, елдік пен еркіндіктің, егемендік пен ерен ерліктің шырайлы шақтарын, аумалы-төкпелі заманда еліміздің іргесін бекітіп, негізін қалаған Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биігіне көз жүгіртіп көрейік.
Саясат • 27 Қараша, 2020
Бронды техника күрделі жөндеуден өткізілді
Биыл «Семей Инжиниринг» акционерлік қоғамы жөндеуден өткізген техниканы қалпына келтіріп, қорғаныс тапсырысын тез арада 70 пайызға орындады. Кәсіпорынның базасында Т-72 танктері мен БМП-2 әскери құрлық көліктері күрделі жөндеуден өткізілді.
Парламент • 27 Қараша, 2020
Қазақстан Парламентін қалыптастырушы
Кеше елордада «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі» тақырыбында халықаралық парламенттік бейнеконференция өтті. Дәстүрлі шараны Қазақстанның Парламент Мәжілісі Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырды.
Қоғам • 24 Қараша, 2020
Құлынын ұрлатып, құрығын ұстап қалды
Айлап-жылдап баққан малдан әп-сәтте айырылып қалу – кімге де болсын оңайға соқпайды. Алайда соған қарап жатқан ұры бар ма? Біреудің еткен еңбегі, төккен тері екен демей-ақ сәті түссе сан соқтырып кетуге дайын тұрады. Ал төрт түлігін төлдетіп, саусам – сүтім, сойсам – етім, сатсам – қандай да бір қаражатым деп отырған адал еңбектің иелері қайтпек сонда? Өткен он айдың өзінде еліміздің 350 азаматына мал ұрлады деген айып тағылып отыр.
Қоғам • 23 Қараша, 2020
Қысқы жол: қамданбай жүрудің қаупі бар
Күнтізбеде күз мезгілі демесеңіз, қара жерді ақ қар, көк мұздың жапқанына біраз уақыт болды. Әрине, әр аймақта жағдай әрқалай. Қазақстанның барлық өңірі бір мезгілде қар жамылып үлгермесе де алып территориямыздың көп бөлігі қысты қарсы алып қойған. Әйтсе де «қыс шанасын жаз сайлап алған» автокөлік жүргізушілері қаннен қаперсіз. «Темір тұлпарын» қыс мезгіліне сай тиісті техникалық жағдайға келтірмеген жандар көптеп табылады. Құқық қорғау органдары қызметкерлерін алаңдататын да осы жайт.
Саясат • 23 Қараша, 2020
«Қазақ Республикасы» атауын қайтаруды ұсынды
Өткен аптада «Ақ жол» демократиялық партиясының XVI сайлауалды құрылтайы өтті. Аталған құрылтай еліміздегі эпидемиялық жағдайға байланысты онлайн режімде ұйымдастырылып, онда партияның сайлауалды бағдарламасы, сайлауалды дайындықтың өзекті бағыттары, сондай-ақ Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі талқыланды.
Қоғам • 20 Қараша, 2020
Он жылда 12 пайыз ғана өсеміз бе?
Қуатты мемлекеттің даму даңғылын даралайтын ең негізгі фактор – халық санының өсімі. Алайда жер көлемі бойынша дүние жүзінде тоғызыншы орынға тұрақтаған еліміздің демография мәселесінде діттеген межеге әлі жете алмай келе жатқаны алаңдатады.