Рауан ҚАБИДОЛДИН
Рауан ҚАБИДОЛДИН«Egemen Qazaqstan»
336 материал табылды

Қоғам • 03 Қыркүйек, 2020

Әрбір отбасы базарлы болсын десек..

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының әлеуметтік басымдықтары бойынша дөңгелек үстел өтті.

Руханият • 31 Тамыз, 2020

Арманы – Олимпиада чемпионын тәрбиелеп шығару

Әдетте кеншінің еңбегін игерілген қазба байлықпен, диқанның маңдай терін орылған аста-төк астықпен өлшеп жатамыз. Ал талантты тамырын басып таныған жаттықтырушының еңбегін немен өлшейміз сонда? Жауабы – біреу-ақ! Шәкірті шыңнан көрініп жатса жаттықтырушының да жанын салып еңбек еткенінің дәлелі емес пе? Мәселен, Олимпиада чемпионын тәрбиелесем деген арманы жетелеген жаттықтырушы-ауыр атлет, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Иван Снегуров та шәкірттерінің жеңісін өз еңбегінің өлшемі деп біледі.

Қоғам • 31 Тамыз, 2020

Шомылу маусымы: Сақтыққа салғырттық сан соқтырады

Су. Өмірдің өзегі, тіршіліктің көзі әдетте осы судан басталады деп жатамыз. Алайда соның кесірінен көп адамның өмірі үзіліп, дәм-тұзы таусылатыны да жасырын емес. Судың емес-ау, немқұрайлықтың кесірінен деген жөн болар. Өкініштісі сол, қарапайым суға шомылу ережелерін сақтамаудың салдарынан оқыс жағдайға ұшырап жатқандардың саны жыл санап артып келеді. Биыл да солай...

Қоғам • 28 Тамыз, 2020

Әскери-медициналық жасақ Ливаннан оралды

Қазақстандық арнайы мақсаттағы әскери-медициналық жасақ екі аптадан астам уақыт бойы Ливанда болды. Әскери дәрі­герлер Бейрут, Боуар, Сайда, Машгара қалаларындағы жергілікті тұрғындарға көмек көрсетіп, елімізге аман-есен оралды.

Қазақстан • 28 Тамыз, 2020

Алтын қазық

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тарихында қазақ ұялатындай ештеңе жоқ», дейді. Ұялмайтынымыз – Ұлы дала төсінде ұлттың ұятын түгендеп, өмірлік ұстанымын шегендеген өз жолымыз болды. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», әз Тәукенің «Жеті жарғысы» еді Қазақ елінің қайнар бұлағы.

Үкімет • 27 Тамыз, 2020

Маман даярлау: қамданыс қазірден басталып жатыр

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева медиа саласының мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарының ректорларымен «Қазақстан Республикасындағы журналистиканың даму деңгейі» тақырыбында онлайн-кездесу өткізді.

Саясат • 21 Тамыз, 2020

Жемқорлықты жоюдың бір жолы – адами факторды азайту

Әлемді әбігерге салған пандемиямен күрес қаншалықты маңызды болса, ел экономикасының еңсесін басқан сыбайлас жемқорлықпен күрес те соншалықты өзекті болып отыр. Заң күшейіп, бақылау қатаңдаған сайын азаюдың орнына, жыл санап көбейіп келе жатқан жемқорлардың саны алаңдатады.

Саясат • 19 Тамыз, 2020

Праймериз: Бәсекелестіктің бәсі басым

Кеше елімізде Nur Otan праймеризі басталғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Халықтың барын бағамдап, жоғын түгендей білетін белсенді азаматтардың белін бууға негізделген бұл партияішілік таңдаудың тиімді тетігінен күтеріміз көп.

Саясат • 18 Тамыз, 2020

Партияішілік праймериз басталды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» партия жұмысын қайта жаңғырту бағдарламасы лайықты жалғасын тауып келеді. Соның жарқын дәлелі ретінде Nur Otan партиясында елімізде бұрын-соңды болмаған жаңа форматтағы ішкі іріктеу – праймеризге қатысушыларды тіркеу басталды. Праймериздің бас­талуына байланысты Үндеуінде «Бүкіл еліміз бойынша ауқымды праймериз өткізу биліктегі партияның «қайта жаңғыруының» нәтижесі болады», деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Қоғам • 17 Тамыз, 2020

Өрелі жігіт өрге ұмтылады

Елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жемісін айқын мақсатты көздеген мемлекет те, бірлесе әрекет етуге белін буған кәсіпкер де көріп отыр. Алайда елге берер несіп пен өрісі кеңір кәсіпті бизнесмендердің басым көпшілігі түсіне бермейді. Қалтасын қағып, қаржы құюдан тартынады. Мұндайда тиімді жобаны тәптіштеп түсіндіре білетін білікті маманның жұмысы аса маңызды. Мұндай білікті азаматтардың қатарында «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ фронт-кеңсесінің бірінші вице-президенті Шынасыл Жеңісұлы Ерназар да бар.