Өнер • 27 Мамыр, 2020
Коронавирустың кесірінен еліміздегі бірқатар мекеме жұмысын онлайн режімде жалғастырып жатыр. Мәселен, кеше сағат 12.00-де Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қарағанды облысына қарасты Сәтбаев қаласының Достық үйі Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейінде тікелей эфирде онлайн-экскурсия ұйымдастырды.
Қоғам • 22 Мамыр, 2020
Сарбаз қайтты сағыныш арқалаған...
Еліміздегі төтенше жағдай режімі кезінде ел тарихында алғаш рет мерзімді әскери қызметке шақырылған сарбаздардың запасқа шығарылуы кейінге қалдырылған болатын. Алайда режім аяқталғаннан кейін бұл шешім өз күшін жойып, дүйсенбіден бастап өткен жылы көктемде шақырылған жауынгерлер өз үйлеріне арнайы эшелондармен жіберілуде.
Саясат • 22 Мамыр, 2020
Баспаналы болудың бастамасы қандай?
Жыл санап отандық әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мен әлеуетін арттыру мәселесіне Қорғаныс министрлігі тарапынан жіті көңіл бөлініп келеді. Мәселен, сапта тұрған сардарлардың қызметтік баспана мәселесі де біртіндеп оң шешімін тауып жатыр. Тәуелсіздіктің қалқанына айналып, ел тыныштығының қарауылында тұрған сарбаздар үшін бұл да қомақты қамқорлықтың белгісі.
Руханият • 09 Мамыр, 2020
1418 күн. 1418 түн... Осынша уақытқа созылған алапат соғыс өрті. Қазақ қана емес-ау, дүние жүзі тартты бұл азапты. Дәйекті деректер Екінші дүниежүзілік соғыста жауған оқ пен жарылған бомбадан 72 мемлекеттің 62 млн тұрғыны ажал құшқанын айтады. Соның арасында 601 мыңға жуық қазақстандық бар. Ал Ұлы дала төсінен майданға аттанғандардың жалпы саны 1 млн 200 мың адамнан асып жығылады. Соның 500-ге жуығы Кеңес Одағының Батыры атанды.
Қоғам • 07 Мамыр, 2020
«Отан – елдің анасы, Ел – ердің анасы». Халық даналығы осылай дейді. Әйтпегенде, ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын? Ел-жұрты олар үшін де алаңдайды. Олардың ерлігі мен еткен еңбегіне қарап, ертеңгі жас ұрпақ бой түзейді. Сезінбейді емес, бұл жауапкершілік жүгін әрбір әскери адам сезінеді. Туған топырағын от пен судан, аңдап келген жаудан қорғауды ұстаным етіп, олар да бір кез әскер қатарына қосылған еді. Міне соларға қарап Қазақстан Қарулы Күштерінің бүгінгі қайраты мен айбатын аңғара беріңіз.
Қазақстан • 07 Мамыр, 2020
Тәңіріміз Тәуелсіздікті тарту еткелі төрткүл дүниемен тереземіз теңелді, керегеміз кеңейді. Шекараны шегелеп, барымызды бағамдадық, жоғымызды түгендедік. Көкте – Көк Байрағымыз, төменде отты айбарымыз – Алаш әскері салтанат құрып тұр! Ол – бүгінгі бейбіт өмірдің шайқалмаған тұнығының, ертеңгі егемен елдің мызғымайтын тұғырының айғағы! Намыстың – найзасы, жігердің – қайрағы!
Қоғам • 24 Сәуір, 2020
Әскери полицияның әлеуеті жоғары
«Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды». Батыр Бауыржан Момышұлының осы бір қанатты сөзі бүгін де Алаш азаматтарының жігерін жанып, рухын шыңдап келеді. Осындайда темірдей тәртіп пен мұқалмас намыс десе ойымызға ең алдымен ел тыныштығының күзетінде тұрған Отан қорғаушылар түсер еді. Ал әскердегі құқықтық тәртіп пен заңнаманы сақтау мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей келе жатқан маңызды орган – Қазақстанның әскери полициясы.
Саясат • 21 Сәуір, 2020
Ерекше қамқорлықтың екінші толқыны басталды
Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен мұқтаж адамдарға тікелей атаулы көмек көрсетуді көздейтін «Біз біргеміз!» акциясының екінші толқыны бастау алды. Осылайша Jas Otan волонтерлері тағы да 10 000 отбасын азық-түлікпен қамтуды көздеп отыр.
Қоғам • 20 Сәуір, 2020
Тексеру комиссиясы тағайындалды
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов Қарағанды облысындағы «МиГ-31» әскери ұшағының құлауына байланысты мәлімдеме жасады.
Қазақстан • 15 Сәуір, 2020
Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен 15 сәуірде Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының кеңейтілген республикалық онлайн отырысын өткізді.