Саясат • 26 Маусым, 2020
Парламент Сенаты Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында журналистерге арналған «Аманат» және «Туған ел» байқауларының қорытындысын жариялады. Оған республикалық және өңірлік телеарналардың, мерзімді басылымдардың тілшілері, блогерлер мен телеграмм-арналардың авторлары қатысқан болатын.
Аймақтар • 25 Маусым, 2020
Апат айтып келмейді... Уыста тұрмас уақыт қазақстандықтардың қайғысына айналған қаралы күнге де, міне бір жылдың жүзі болғанын айтып тұр. Иә, осыдан тура бір жыл бұрын Арыстағы 44859 әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасында орын алған жойқын жарылыс дүйім жұртты дүрліктірді. Төтенше жағдай кезінде 409 адамға медициналық көмек көрсетіліп, екі әскери қызметкер, бір жергілікті тұрғын және бір бала, яғни 4 адамның өмірі қиылды. Халық қайғырды. Тұғырда тұрған Туды төмен түсірдік. Алайда ынтымағымыз ыдыраған жоқ! «Арыспен біргеміз!» деп бір өңірдің басына түскен ауыртпашылықты бір ел болып көтердік.
Руханият • 23 Маусым, 2020
Қоғамдағы тыныштық тәтті ұйқыдағы нәресте іспетті. Ол да алақанға салып әлдилеуіңе, маңдайынан сипап мәпелеуіңе мұқтаж. Айқай-шу мен араздық оның да ұйқысын бұзып, берекесін қашырады. Сондықтан болар, нәресте анасына қарап еміренген кезде елдегі тыныштық тәртіп сақшысын іздеп тебіренеді. Себебі ел тұтастығының ең асыл темірқазығы – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік. Тәртіп бар жерде тұрақтылық бар. Ал тұрақтылығы тұғырдан түспеген мемлекеттің келешегі кемел, болашағы баянды болмақ. Осы құндылықтардың қарауылында Қазақстан полициясы тұр!
Саясат • 18 Маусым, 2020
Партия жақтастарының лигасы құрылды
Елордада Еуразиялық интеграция институтының директоры, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Саиров бастаған бірқатар азамат БАҚ өкілдерімен кездесу өткізіп, Nur Otan партиясы жақтастарының лигасы құрылғанын мәлімдеді.
Сұхбат • 04 Маусым, 2020
Жандарбек Мәлібеков: «Күн таңбалы Ұлы дала еліміз»
Бір сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді» деген еді. Тәуба, сан алуан іс-шараның салтанатты ашылуында Туымыз желбіреп, Әнұранымыз шырқалып жатады. Егемендіктің бір нышаны – Елтаңбаның мәні мен мақсаты, тәлімі мен тағылымы туралы айтпағанда, стандарты жаңа заманға сай жүйеленіп, түрлі өзгеріс енгізіліп отырады. Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековпен арнайы сыр тарқатып әңгімелесудің сәті түсті.
Қазақстан • 04 Маусым, 2020
Еліміздің тұтастығын, тәуелсіздігін айқындап тұрған мемлекеттік рәміздеріміз қашанда қадірлі. Сондықтан болар, Елтаңба десе, ет жүрегіміз елжіреп, көк Байрақ желбірей көтерілсе, рухымыз атойлап, Әнұран айтылса, алпыс екі тамырымыз иіп шыға келеді.
Тарих • 01 Маусым, 2020
Ақтаңдақ жылдардың ақиқаты қашан ашылады?
Уақыт пойызы қазақты алдымен феодализм бекетінен бір, кейін социализм перронынан екі түсіріп, енді келіп капитализм стансасында аялдап тұр. Осы кезеңдердің қай-қайсысы болсын халқымыз үшін оңайға соққан жоқ. Үмітті күдік, қуанышты қорқыныш жеңген сәттер аз емес. Сондықтан болар, кей отандасымыз отырып алып, «егемендік елімізге не берді?» деп ойға батады. Берді. Әлі де беріп келеді. Ең алдымен өткенге үңіліп, тарихымызды таразылап алдық. Жаңаша көзқарас пайда болды. Зерделеген сайын қанды қасап жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың санын толықтырып, ақталмаған тұлғаларды ақтап алып жатырмыз. Олардың тізімі де жыл өткен сайын арта түсуде...
Тарих • 31 Мамыр, 2020
Қасіретті жылдар. Тауқымет тартқан аналар
Қылышынан қан тамған солақай саясаттың символындай болып XX ғасыр да жылдар жылғасымен алыстап барады. Соған кері бұрылып қараған сайын алапат аштық пен қисапсыз қырғынның ізін әлі де анық аңғаруға болады. Қазақтың жұлындары үзіліп, бұрымдары қиылған аяулы аналарының, қадірлі қыз-келіншектерінің қасіретті көз жасы төгілгенін Ұлы дала аз көрген жоқ. Сол бір азапты жылдардың белгісіндей, дәлеліндей болып Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының Ақмол ауылында Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені тұр...
Қазақстан • 29 Мамыр, 2020
«Ғасыр зұлматы» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті
«Egemen Qazaqstan» газеті бүгін қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған онлайн дөңгелек үстел өткізді.
Руханият • 29 Мамыр, 2020
«Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген...»
Кеңес Одағының керегесі қаусап, шаңырағы ортасына түскеніне де отыз жылға жуық уақыт болды. Алайда қазақ халқының бұл империя құрған тоталитарлық жүйеден көрген қорлығы мен тартқан тауқыметі ұлт жадынан ұмытылмақ емес. Адам айтса сенгісіз алапат аштық пен саяси қуғын-сүргіннің, тәркілеу мен күштеп ұжымдастырудың, отырықшылдандырудың кесірінен Ұлы дала ұландарының үлесі кемудің үстіне кеми берді. Деректер 1879-1939 жылдар аралығында ұлтымыздың саны 5 млн адамнан 2 млн 300 мың адамға дейін азайғанын айтады.