Жәдігер • 14 Желтоқсан, 2023
Жетісудың қияқ пен ұшқат, жусан мен алаботасына дейін елжірей жырлаған Ілияс Жансүгіровтің мұрасының жаңа парағы ашылып отыр. Туған жерге деген перзенттік махаббаты, табиғатқа деген дарқан мейірі, парасат биігінде шалқыған көл-көсір сезімі архивтен ақтарылып жатыр. Күні кеше кинорежиссер Ербол Бораншаұлының жеке кітапханасынан құлагер ақынның төте жазумен жазылған «Өтірік» атты өлеңдер жинағы табылды.
Тағзым • 14 Желтоқсан, 2023
Телевизияда өзекті әлеуметтік мәселелерді көтеріп, елдің жүрегінде қалған журналист Бейсен Құранбектің еңбегі ұмытылмайды. Жыл сайын Жетісу жері аяулы перзентін еске алып, түрлі іс-шара ұйымдастырып келеді. Соның бірі – шағын футболдан БАҚ өкілдері арасындағы республикалық турнир. Биыл үшінші рет өткен доп додасы жылдағыдай тартысты болды.
Білім • 14 Желтоқсан, 2023
Қандай жағдайда да бала білім алуға міндетті. Сондықтан қоғамды екіге бөлмей, мүмкіндігі шектеулі оқушыларға да жәрдем берудің жолын жасау шарт. Осыған орай Талдықорғанда «1000 мектепке әдістемелік қолдау» жобасы аясында мектеп басшыларын әдістемелік тұрғыда сүйемелдеу және «Білім сапасын мониторингілеу – мектепішілік бақылаудың тиімді құралы» атты өңіраралық семинар өтті.
Мирас • 13 Желтоқсан, 2023
Жетісу жерінде ондаған елдің өнерпаздарының басын қосқан айтулы өнер додасы өтті. Ісмерлердің еңбегі Талдықорған төрінде көпке ұсынылып, білікті қазылардың таразысына салынды. Алғаш ұйымдастырылған халықаралық «Жетісу өнері» көрмесіне жүзге тарта туынды ұсынылған. Ең ғажабы, жас дарындармен қатар көпке танымал қолөнер шеберлері де бақ сынады.
Субсидия • 12 Желтоқсан, 2023
Жетісуда ауыл шаруашылығы саласында субсидия беру кезінде қателік көп кездеседі. Мәселен, шағын және орта бизнес өкілдерінің техника алуға сұранысын басқарма бірнеше рет кері қайтарған. Тек антикордың араласуымен ғана мәселе шешілген. Өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасы ескірген техникалар туралы мәлімет беруден қашқақтап отыр. Одан бөлек, мемлекеттік сатып алу ісінде де сыбайлас жемқорлық меңдеп тұр.
Халық • 08 Желтоқсан, 2023
Жетісу жерінде елуден астам этнос өкілі тұрады. Дарқан қазақ даласына бауыр басқан қауым Шу мен Таластың ортасын атамекені санап кеткені қашан? Себебі көңілі жеті өзеніндей асып-тасып жатқан ағайын тілі мен ділі бөлек ұлыстармен бір атаның балаларындай күн кешіп келеді. Содан-ау жанға жайлы жазиралы атырап ғасыр аунаса да киелі достықтың алтын бесігінен айныған емес.
Кәсіпкер • 08 Желтоқсан, 2023
Жетісу кәсіпкерлерінің базынасы
Халықтың әлеуметтік деңгейін тек мемлекеттен берілетін жәрдемақы ғана көтермейді. Бұл ретте шағын және орта кәсіп иелерін де қолдау маңызды рөл атқарады. Осы орайда Жетісу облысының кәсіпкерлері бөлшек салық мөлшерлемесін 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету туралы мәселені бірнеше рет көтерген еді. Өкінішке қарай, мемлекеттік органдар өкілдерімен өткен жиындар өз нәтижесін берер емес.
Жастар • 06 Желтоқсан, 2023
Жақында Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Оңтүстік Кореяның жетекші оқу орындарын арнайы аралап қайтты. Сапар Корея Республикасы Туризм, мәдениет және спорт министрлігі және Корея елшілігіне қарасты білім беру орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.
Тағзым • 06 Желтоқсан, 2023
Қазақ өнерінің мәтеліне айналған «Танығың келсе Дәнешті, жантайып жатып ән есті» дейтін оймақтай лепес сізге де аян шығар. Дала сазы кеудесіне қонақтаған дүлдүл әнші, халық әртісі Дәнеш Рақышевтың есімі Жетісу жұртының ғана емес, мұқым елдің есінде. Осы ретте өнер саңлағының облыстық филармонияға есімі беріліп, тұрған үйіне ескерткіш тақта қойылды.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2023
Жастарға арналған футбол алаңы
Футболдан Қазақстан құрамасының кейінгі уақыттағы жетістіктері ауыл балаларына үлкен сенім сыйлағаны анық. Осы ретте Балпық би ауылында жаңа футбол алаңы ашылды. Оның басты ерекшелігі Б.Оңғаров атындағы орталық стадионына жасанды жабын төселген. Бұл нысан – Қазақстан футбол федерациясының «Alañ» футбол алаңдарын жаңарту бағдарламасының шеңберінде жүзеге асқан жоба.