Аймақтар • 23 Қараша, 2023
«Ақсу қант» ЖШС ұзақ уақыт кідірістен кейін қайта жұмысын бастады. Өңірдегі ірі өндіріс орны маңайдағы шаруалардың өнімін қабылдап, қант шығарудың қамына кірісті. Енді тәттіні қамыстан ғана емес, қызылшадан да өңдейді. Қазір зауыттың кем-кетігі қалпына келтіріліп, байырғыдай қауырт жұмыстың қамына кіріскен. Биыл Көксу қант зауытынан кем нәтиже көрсетпейміз деп отыр.
Аймақтар • 22 Қараша, 2023
Бүгінде отбасын сақтап қалу өзекті мәселеге айналды. Шаңырағы шайқалған жастардың арасына береке құяр, ақылын айтар орталықтар ауадай қажет. Осы ретте Сарқан қаласында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылды. Аталған нысан жас отбасының ішкі түйткілдерін шешуге жәрдемдеседі.
Қоғам • 21 Қараша, 2023
Белгілі қаламгер, Халық жазушысы Бексұлтан Нұржекеевке «Жетісу облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Құрметті марапатты Талдықорған төрінде өңір басшысы Бейбіт Исабаев тапсырды.
Шаруашылық • 17 Қараша, 2023
Жетісуда күзгі жиын-терін науқаны жақындап келеді. Биыл ауа райының қолайсыздығына қарамастан шаруалардың нәтижесі былтырғыдан кем емес. Бүгінде масақты-дәнді дақылдардың 95 пайызы орылды. Қазір өңірдегі бар техникасы егін басында. Күн бұзылмай тұрып өнімді қоймаға тасып алу шарт. Картоп шаруашылығы да белсенді. Қазір өңірге ауылшаруашылық саласына инвестор тарту жұмысы жүйелі жүргізіліп отыр.
Халық • 16 Қараша, 2023
20 миллионыншы тұрғын да – жетісулық
Жетісумен қалай мақтансақ та жарасатындай. Еліміз- дегі 18, 19 миллионыншы тұрғындар Жетісу өңірінде дүниеге келгені белгілі. Енді, міне, 20 миллионыншы тұрғын да Талдықорғанда дүниеге келді.
Өнер • 15 Қараша, 2023
Өзің түсінбейтін тақырыпта әңгіме қозғаған өте қиын. Бірақ біз қазақпыз ғой, тіршіліктің барлық бағыт-бағдарында бармыз. Сіз күлуіңіз мүмкін, дегенмен дүниенің дүрсілі тікелей біздің жүрегімізден өтетіндіктен, әрбір сәттің сәулесіне жылынуға аңсармыз. Сол аңсарды бүгін фотограф Жеңіс Ысқабайдың «Ана» атты шығармасынан таптық. Бұл – әшейін сәйкестік емес, бұл – өмір.
Аймақтар • 15 Қараша, 2023
Ел азаматтарының айрықша бастамасы
Ауыл азаматымен көрікті ғой, шіркін! Сарқандағы жаңалықты естіп, көңіліміз бір жадырап қалды. Тасқұдық ауылында ақжүрек азаматтардың алқауымен салынған бастауыш мектеп есігін ашты. Бұл – өңірдің білім саласына ғана емес, еліміздің болашағына құйылған рухани инвестиция екені анық. Аядай елді мекеннің арманын әлдилеген білім ұясына жайғасқан оқушылардың көңілі шат.
Аймақтар • 15 Қараша, 2023
Жетісуда су жүйелеу мәселесі өзекті
Жетісуда егінге барар судың тапшылығы толғақты мәселенің біріне айналып отыр. Аграрлы өңірдің амалы таусылмасын десек, әуелі су қоймалары мен суландыру жүйелерін реттеу шарт. Осы мақсатта облысқа Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов келді. Ол аудандарды аралап, суару желілеріндегі түйткілдермен танысты.
Ауыл • 13 Қараша, 2023
Байланыстан тыс қалған ауылдар
Жетісуда 20 ауыл байланыс аясынан тыс жерде. Бүгінде өңірдегі 352 елді мекеннің 287-і мобильді интернетке қол жеткізіп отыр, ал 65-інің жайы мәз емес. Ондағы халық тау-тасты, төбені жағалауға мәжбүр. Ол ол ма, солардың ішінде 135 ауылдың тұрғындары 4G-ға тіркелген, қалғанының ұялы телефоны 3G-ді әрең ұстайды. Тіпті облыс орталығына жақын кейбір ауылда мәселе толық шешілмеген.
Театр • 13 Қараша, 2023
Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры Ашғабад қаласында өтетін «Бақыт дәуіріндегі театр өнері» фестиваліне қатысады. Жетісулықтар – рухани додаға ел ішінде жолдама алған тұңғыш өнер ұжымы.