Аймақтар • 24 Қазан, 2023
Мерейлі мереке қарсаңында Жетісудағы ақжолтай жаңалықтар тиегі ағытылды. Әсіресе шалғайдағы ауыл-аймақтар көгілдір отынға қол жеткізіп, көңілдері бір марқайып қалды. Тіпті Сарқан ауданының үш ауылында блок-модульдік медициналық пункт іске қосылды. Ал Жаркентте жаңа балабақша есігін ашып, спорт мекемесінің лентасы қиылды.
Тағзым • 23 Қазан, 2023
«Дала академигі» атанып, елінің абыройын аспанға көтерген алып тұлға Нұрмолда Алдабергеновтің халқына көрсеткен қызметі қыруар. Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында омырауына қос «Алтын Жұлдыз» тақты, қазақ қаламгерлерімен үзеңгілес дос-жаран болды. Қонаевтың сеніміне ие болып, аядай ауылын әлемге танытты. Сол еңбек батырының ерлігін ұлықтаған жерлестері Талдықорған төріне ескерткіш бюст орнатты.
Кәсіпкер • 18 Қазан, 2023
Қазір әрбір тұрғын ақшалы болғысы келеді. Бірақ, артық еңбек етуге ерінеді. Ал мемлекетке жаутаңдаған адам ешқашан байымайтыны анық. Сол үшін қолдан келер істің шешімін тауып, жеке кәсіпке бет бұрған абзал. Мәселен, кәсіпкер Айболат Махай секілді. Ол Балпық би ауылында жиһаз өндіретін жеке цех ашып, Көксу ауданын айтулы өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Әкеден келген асыл іс, үлкен кәсіптің баспалдағы болған.
Ән • 17 Қазан, 2023
Әнде тарих болмаса, оның әсері әлсіз. Музыка миға қонған сәтте адам беймәлім ырғақтың желісіне байланады. Одан оны ажырата алмай қаласыз. Мәселен, әуесқой композитор Оралхан Көшеровтің «Достарға» әні біздің сонау сәби көңіліміздің аспанында әлі қалықтап жүр. Өзіміз сүйіп тыңдаған, жарыса орындаған жасампаз шығарманың шежіресі шырқаған сайын әлдебір сырдың теңізін бойлап бара жатады.
Айбын • 17 Қазан, 2023
Жетісуда әскерге асық жастар көп
Қазіргі геосаяси жағдай ушығып тұрғанда еліне қорған болар жастарды тәрбиелеу маңызды. Осы ретте Жетісуда түрлі іс-шара ұйымдастырылып жатыр. Тіпті, Екінші дүниежізілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерді туған жеріне жерлеу рәсімі де қолға алынып отыр. Осы ретте Жетісу облысы қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бастығы подполковник Медет Турскелдиевпен әңгімелескен едік.
Денсаулық • 15 Қазан, 2023
Өңірдегі халықтың әлеуеті жақсы болуы үшін, медициналық көмектің керегі анық. Қазір Жетісуда осы бағытта ілгерілеу байқалады. Олай дейтініміз, жыл басынан бері бірнеше заманауи блокті-модульдік медициналық мекемелер ашылды. Бір қуанарлығы, бәрі де орталықтан шалғайда орналасқан ауыл-аймақтарда есігін ашты. Енді Жетісудың медициналық мекемелерінде үздік тәжірибе орталықтары ашылып жатыр.
Аймақтар • 15 Қазан, 2023
Облыстың электр және жылу энергиясына деген қажеттілігін «Текелі энергокешені» ЖШС қамтамасыз етеді. Оның белгіленген электр қуаты – 24 МВт, жылу қуаты – 42 Гкал/сағ. Дегенмен аталған станса жабдықтарының 67 пайызы тозған. Мұны өңірге арнайы іссапармен келген Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.
Мирас • 12 Қазан, 2023
Тастағы жазулар не айтқысы келеді, нені меңзейді, не білгені бар? Біз оларды неге естімейміз? Жел сайрайды, аспан күрсінеді, найзағай ойнайды, бұлт іркіледі, ал неге жартастар үнсіз? Ондағы таңбалы әріптер беймәлім әлемнің отшашуы секілді жарқ етіп, жоқ болады. Оларды уақыт өшіре алмайды, өшірсе, тек адам ғана қауқарлы. Бірақ оны түсінер де солар емес пе?
Театр • 09 Қазан, 2023
Театр өнерін түрлендірген талантты тұлға Бикен Римованың 100 жылдығына арналған «Biken» I Халықаралық фестивалі аяқталды. Бір аптаға созылған өнер бәйгесінде үздік шыққандар марапатталды. Ең ғажабы, бұдан бұлай аталған театр додасы дәстүрлі түрде өтетін болады.
Баға • 09 Қазан, 2023
Жетісу облысы: Қамыстың да құны шарықтап кетті
Шөп бағасы күннен-күнге шарықтап барады. Қараңыз, өңірде бір түк жоңышқаның бағасы 1800 теңге болса, бір орам жоңышқаның құны – 13-15 мың.