Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1075 материал табылды

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2022

Спорт – өмір салты

Намысқа тырысқан жас балуандардың ерлігін көргенде әлемдік додаларда жауырыны жер иіскеп қайтқан жігіттердің алдын орар батырлардың келе жатқанын аңдайсыз. Олар әлі бала, бірақ осы қарқынынан қайтпаса 23 жыл қоржынға түспеген алтынды қанжығаға салары анық. Бұл ойға спорт ардагері Сәдуақас Қожасбаевты еске алуға арналған дәстүрлі спартакиадада келдік.

Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2022

Бөденемен шаруасын дөңгелеткен

Арқ­а­дан Жетісуға ат терлетіп келген Азамат Абыроев жер жәннатынан сүй­ге­німен қатар, сүйікті ісін де тапқан. Жергілікті жұрт қарағандылық жігітті ба­уырға басып, кәсібін ілгерілетуге жәрдемдесіпті. Бүгінде оның бүтін қаланы қам­та­­масыз етуге қауқарлы бөдене шаруашылығы бар. Оған қоса қыстай жылы­жай шаруашылығымен айналысады, ал келіншегі жылыжай жемістерінен түр­лі тағам дайындайды.

Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2022

Қарашеңгелге мектеп салып берді

Қаратал ауданына қа­расты Қа­рашеңгел ауы­лында жаңа мектеп пай­далануға берілді. Бұл өзі талай жыл­дан бері өңірдегі толғақты мәсе­ленің бірі еді. 1926 жылы іргетасы қалан­ған ескі мек­тептің то­зығы жетіп, оқу­шылар әр ғи­ма­рат­тың босағасын сы­ға­лап жүр­ген-ді. Енді, міне, өзде­­рінің жеке-дара білім оша­ғы бар.

Қоғам • 14 Қыркүйек, 2022

Келіндер кереметі

Қазақ халқы әу бастан «Келіні жақсының керегесі алтын» деп босағадан ат­таған жаулықты жанның тәрбиесі мен көрген-түйгеніне мән берген. Ғасыр­лар­дан келе жатқан осы үрдіс бүгін де өз маңыздылығын жойған жоқ. Оған Көксу ауданының Мәмбет ауылында өткен келіндер сайысы тағы бір рет дәлел болды.

Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2022

Ғибрат шашар ғимарат

Бүгінде Мәдениет үйі мен кітапхана ашылса қуанатын болдық. Сондай бір жылы жаңалық Алакөл ауданынан жетті. Ақтүбек ауылында су жаңа ғимарат бой көтеріпті.

Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2022

Ауылға медициналық пункт салып берді

Ауыл – азаматымен ажарлы. Туған жеріне жақсылық жасаған жанның қадірі халық үшін қашанда биік. Жақында Тарас ауылында көптен күткен медициналық пункт ашылды. Бұл үлкен қуанышқа мұрындық болған – сол топырақтың перзенті. Бұл игілікті іске біз де куә болып қайтқан едік.

Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2022

Жазушының есімі берілді

Көптің көңілінде жүрген түйткіл де тарқады. Талдықорғандағы №9 мектепке жазушы Сайын Мұратбековтың есімі беріліп, оқу­шылардың қуанышын еселеді. Классик жазушының атын арқа­лаған білім ордасы қаланың қақ ортасында орналасқан. Жеті­сулық қаламгерлер жақсы жаңалықтан бір желпініп қалды.

Білім • 01 Қыркүйек, 2022

Мектеп тауарларын таңдағанда...

Жаймашуақ жаз да көрген түстей өтті де кетті. Бұл – ата-аналар балаларын мектепке әзірлеп әбігерге түсетін мезгіл. Жаңа оқу жылына жаңа форма, жаңа оқу құралдары қажет. Әйтсе де облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кеңсе тауарларынан басқа, костюм-шалбар, аяқкиім, сөмкені сатып аларда мұқият болуды ескертеді. Оқушыға мектеп формасын таңдау өте маңызды, себебі 9 ай бойғы тіршілігі сонымен байланысты.

Өнер • 31 Тамыз, 2022

Еркіндік емлесі

Біз еркіндіктің не екенін қыранға қарап түсіндік. Қанатын кеңге жайған ғажайып құс алып ас­панның алақанында қал­қып жүргендей. Шыр­қау биікте қалық­таған бостандық бейнесі қазақтың арманын ар­қалап бара жатқандай. Отанды сүю оңай емес, қыранның мұзарт шыңға асыққанындай алапат күй. Біз картинаға қарап ұлттың еркіндікке құштарлығын көреміз.

Аймақтар • 29 Тамыз, 2022

Достық ниетін білдірді

«Жетісу өңірінен Қытайға қарай бірқатар ауыл шаруашылығы өнімі экспортталады. Соған байланысты Қытай тарапы өз стандарттарына сай зертхананы қазіргідей тек Қытай жағында емес, шекараның Қазақстан жақ бетіне де салса, экспорттау барысындағы процедураларды біршама жеңілдетер еді». Бұл облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Қытайдың Алматыдағы Бас Консулы Цзян Вэймен кездесуде айтқан ұсынысы. Алдағы уақытта екіжақты ынтымақтастық шеңбері кеңейе түспек.