Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1075 материал табылды

Аймақтар • 21 Тамыз, 2022

Спорт күніне стадион сыйлады

Спорт күні қарсанында Жетісуда жаңа стадион ашылды. Сарқан қаласындағы Н.Островский мектеп-лицейінде орналасқан ойын алаңы шағын шаһардың сәнін келтіріп тұр. Оның құрылысына жергілікті бюджеттен 35 млн теңге бөлінген.

Білім • 19 Тамыз, 2022

Жетісу мектептері жаңа оқу жылына дайын

Үкімет отырысында еліміздің биылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылуы, сол сияқты жаңа оқу жылына дайындық мәселелері пысықталған еді. Жиында өзге өңірлермен қатар Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев та жаңа оқу жылына өңір мектептерінің дайындығы жайында баяндады.

Аймақтар • 19 Тамыз, 2022

«ТеkТаu»-дың балы танымал

Жетісу өңірінде теңіз деңгейінен 1 425 метр биіктікте Жоңғар Алатауының етегінде табиғи таза бал өндіріледі. Мұнда Ескелді ауданындағы «ТеkТаu» ЖШС 300-дей араның ұясын ұстап, омарташылықпен айналысуда. Серіктестік жылына 100 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Өзі өндіргенімен қатар олар балды жергілікті омарташылардан да сатып алады. Балдың сапасы мен тазалығы өздерінің арнайы зертханасында тексеруден өтеді. Өнімдерін отандық нарыққа, БАӘ мен Ресейге және Қытайға экспорттап отыр.

Өнер • 18 Тамыз, 2022

Сәукеле

Бұл тек бас киім ғана емес, ұлт мәдениетінің ұйығы. Ежелден келе жатқан этнографиялық мүлік. Байырғы қазақ қызының жан дүние­сіне ажар беріп, оған деген көзқарасты қалып­тас­тырды. Дәстүр бойынша сәукеле тек ұзатыла­тын қыздарға ғана кигізіледі. Оны өзгемен айыр­бастауға болмайды.

Ахмет Байтұрсынұлы • 17 Тамыз, 2022

Ұлт ұстазының ұлағаты

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы жайлы өзі сүйген ұлттың сөзі айтылды. Бірақ сонда да аз секілді, қазақ үшін күрескен тауанды тұлғаның тереңіне кім бойлапты. Жақында Нұр-Сұлтан қаласының мем­лекеттік архивінен қайрат­кердің құжаттарын көзіміз шалып қалды. Алаштың арманы үшін алып империямен алысқан қазақ баласының жүрек сөзі жазылған қолжазбалар ерен ерді еске түсіреді.

Медицина • 17 Тамыз, 2022

Жұқпалы індеттен абай болған абзал

Жаһандық індеттен бөлек, жіті ішек жұқпасы да меңдеп келеді. Жетісу облысының дәрігерлері тұрғындарды сақ болуға шақыруда. Өңір бойынша соңғы 7 айда жіті ішек жұқпасының 352 жағдайы тіркелген, оның ішінде 219-ы 14 жасқа дейінгі балаларда кездесті. Былтырмен салыстырғанда сырқаттанушылар саны 97,5 пайызға жоғарылаған, ал республикалық көрсеткіштен 1,5 есе төмен.

Аймақтар • 17 Тамыз, 2022

Алманың атасы: Жетісу сиверсінің жайы қандай?

Сиверс. Бұл – тіл үйірер жабайы жеміс һәм жер бетіндегі алма біткеннің бабасы. Иә, «бабасы» деп айдар тағуымыз бекер емес, бұл өзі динозавр дәуірінен келе жатқан шырынды зат. 165 млн жыл бұрын пайда болған. Оны 2002 жылы британдық биолог-генетик Бэрри Дженнифер анықтап берді.

Өнер • 16 Тамыз, 2022

Арыстанмен арбасу

Француз суретшісі Эжен Делакруа 1854 жылы «Мароккодағы арыстанды аулау» картинасын Шығыс Африкаға жасаған сая­хаты туралы естеліктер негізінде жазған. Кескіндеме шеберге тән қалыпта құйылған. Арыстанмен арбасқан аңшылардың шайқасқа дайындық сахнасынан автордың қолтаңбасын тануға болады. Бұл Франция өнерінде әлі де үстемдік ететін классицизмді ұстанушылар арасында бар дағды. Құдды XIX ғасырды ұмыттырмау үшін осылай істеу қажет секілді.

Аймақтар • 15 Тамыз, 2022

Қамыстан өндірілген құмшекер

Қант мәселесі әлі де елді әбігерге салуда. Базарға барсаңыз, базынасын айтқан халықтың айқайынан құлақ тұнады. Бүгінде мамандар қызылшамен қатар қамыстан да құмшекер алуға болатынын айтуда. Ол үшін заманауи техниканың әрі білікті мамандардың күші керек. Бұл игілікті істі Көксу қант зауыты күні бұрын қолға алған. Енді бұл қатарға Ақсу қант зауыты қосылмақ.

Қазақстан • 15 Тамыз, 2022

Ерлікке толы еңбек

Мимырт тірліктің ми қайнатар ыстығында бал арасының тынымсыз тіршілігі тамсантады һәм көңіл тебірентеді. Тамсантатыны сол – адам атаулы қанша рет талпынса да қол жеткізе алмаған ізгілікті де әділетті, мәнді де мағыналы ғұмыр осы бір титімдей ғана тіршілік иесіне бұйырған. Ал көңіл тебірентетіні – қаншама қанат талдырып, аяқ шаршатып, мыңдаған гүлдің басынан тірнектеп жиған тәттісінен өзіне тиесілі несібесі шамалы: еңбек – онікі, қызығы – өзгенікі. Мұндай тірлік ғұламалардың көбіне тән болса, біз бұл сөзімізді қазақтың біртуар ері Нұрмолда Алдабергеновке қаратып айтар едік.