Аймақтар • 05 Тамыз, 2022
Ауыл балаларының ауызбіршілігін нығайтып, берекеге ұйытқан жасөспірімдер арасындағы республикалық IV жазғы ойындар додасы өз мәресіне жетті. Талдықорғанда ту көтерген жалынды жастар 3 күн қатарынан бақ сынады. Дүбірге бөлеген байрақты бәсекенің жабылу салтанатына Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли қатысты.
Қоғам • 04 Тамыз, 2022
Дүкендегі ойыншықтар балаға қауіпсіз бе?
Балаларға арналған ойыншықтарды таңдау кезіндегі ата-аналардың біліктілігін анықтау маңызды. Осы ретте Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары Талдықорған қаласының тұрғындары арасында ойыншықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды білу бойынша сауалдама жүргізді.
Өнер • 03 Тамыз, 2022
Өрісі малға толса өрекпіп кететін ақжайнақ қазақтың қалыбы, қағидасы, тұрмыс салты осы төрт түліктің төресі қоймен тығыз байланысты. «Қойдай жуас», «қой аузынан шөп алмайды», «құтты қонақ келсе, қой егіз табады», деп теңеп-теңшеп һәм мақалдап сөйлегенде асылы Шопан ата төліне деген құрметін аңдаймыз. Картинадағы көрініс біздің осы оңаша ойымызды ормандай қылып көрсетіп тұрғандай.
Өнер • 02 Тамыз, 2022
Тордағы тотықұс ғұмыр бойы қанатын керіп, қыран тыныстаған кеңістікте қалықтасам деп армандайды екен. Қайран Мұқағали алқам-салқам қалпы жиынға кіріп келіп, жас ақынға «шеңберден шық» деп жол сілтегенін әдебиеттегі ағалар асыра жазады. Сол қарагөз қаламгер біз сүйіп оқитын Фариза Оңғарсынова еді. Әрине, сіз қой болсаңыз, өзіңіздің қораңызда еркін ойнақтауыңыз мүмкін! Бірақ сіз қой емессіз ғой...
Туризм • 02 Тамыз, 2022
Айналайын, Жетісу! Табиғатыңды қалай мақтасақ та Тәңірдің мерейі өн бойына құйылып түскендей жараса кетеді. Анау Алакөл, мынау Балқаш көлі, таулы аңғарлар, қызылды-жасылды желектер, тарихи нысандар – бәрі-бәрі жанға сая, көңілге мерей. Жаз басталса жапатармағай көлге асығатын халықтың әу бастағы ойы – жұрт тамсанған туризм саласы. Бұл ретте өңірдің өрісі кең, айдарынан жел есіп тұр. Оның үстіне жылдан-жылға түрленіп те келеді. Бүгінгі біздің әңгімеміз осы жайында.
Қоғам • 02 Тамыз, 2022
Өз әлеуетін, өмірлік маңызды дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, бастамашыл жобаларын іске асыруға мүдделі жастар үшін құрылған Zhas project жобасын іске асыру қолға алынды. Осыған орай Талдықорғандағы Журналистер үйінде баспасөз мәслихаты өтті.
Сұхбат • 01 Тамыз, 2022
Кедендік шекарада кедергі азайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қаңтар оқиғасынан» кейін Қытаймен шекарада орналасқан кеден бекеттерінде орын алған көлеңкелі жағдайларға байланысты қатты сын айтқан болатын. Содан кейін тиісті құқық қорғау органдарына аталған учаскеде тәртіп орнату жөнінде арнайы тапсырмалар беріп, оның орындалуын өзінің жеке бақылауында ұстағанын жақсы білеміз. Осы орайда Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Талғат Козбековке жолығып, ел басшысының сынынан кейін кедендік шекарада қандай оңтайлы шаралар жүзеге асырылып жатқаны жөнінде әңгімелескен едік.
Өнер • 01 Тамыз, 2022
Түйе өркешін ықтап өскен көшпелі халықтың өмір салты осы картинада қатталып қалғандай. Бағзы заманда қазақ үшін қам жеген, жортуылда жүріп күн кешіп, көкқасқа құрмалдық болып, бүгінде ел жадынан шыға бастаған бабатанымның басты бағдары да осы. Біздің әдет-ғұрпымызды уақыт көші алысқа алып қашқанымен, ұлттың тамыры ескі дәуірдің қазығына байлаулы. Осыны ұмытпаңызшы...
Қазақстан • 01 Тамыз, 2022
Архив жайлы айтар әңгімеміз көп. Жақсы жаңалық ести қалсақ, жарыса жазғымыз келіп тұрады. Құнды құжаттарды қайта қалпына келтіру оңай шаруа емес. Қазір бұл игілікті іске Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві білек сыбана кіріскен. Жақында Алматы қаласының мемлекеттік архивімен өзара тәжірибе алмасып, жаңа техникаларымен таныстырды.
Аймақтар • 31 Шілде, 2022
Жетісуда цифрландыру көрсеткіші жоғары
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Жетісу облысының халқымен кездесіп, тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ ведомствоның қызметі мен жобалары туралы кеңінен баяндады.