Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1075 материал табылды

Медицина • 31 Шілде, 2022

Заманауи медициналық құрылғылар орнатылды

Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталыққа гипотермия аппараты мен электрэнцефалография мониторы берілді. Биыл Samruk-Kazyna Trust қоры өз демеушілігімен гипотермияның аппараттық кешендерімен бес нысанды жабдықтауды жоспарласа, Жетісудағы орталық соның алғашқысы болып отыр.

Таным • 31 Шілде, 2022

Аққу көлі аңызы

Сарайшық – ортағасырлық қала. Аңызға бай шежірелі шәрі. Көне заманның көзін­дей күмбезді мекен, ордалы орда. Сол шайыр шаһарда хан­ның жалғыз қызы айлы түн­нің алдында тізерлей отырып, қолаң шашын қайыққа төгіп тастап, тәтті көлге қарап таранады деседі. Аспан­да жұлдыз біткен сол үшін туып, сол үшін өледі екен. Жанарынан жалт еткен сәулеге ұшқан құс та, жүгірген аң да байлаулы. Әйтсе де сол арудың өмірі тәтті болғанымен, тағдыры тым ащы болыпты.

Қоғам • 31 Шілде, 2022

Қылмыс ұлтқа бөлінбейді

Жаркенттегі қайғылы оқиға халықтың қабырғасын қайыстырды. Қаршадай қызды қапияда қолға түсіріп, жауыздық жасаған қылмыскердің әрекеті қоғам ішінде дүмпу туғызуда. Күдікті қолға түскен, кінәсін де мойындап отыр. Қазір Жетісу облысының полиция департаменті жан-жақты тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Аймақтар • 29 Шілде, 2022

Көшпелі экспедиция кереметі

Баһадүр бабамыз Қаракерей Қабанбайдың биыл 330 жылдық мерейтойы. Осыған орай еліміздегі тарихшы, өлкетанушы, тағы да басқа азаматтардан құралып, Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қанат Еңсеновтің бас­тауымен «Батыр бабалар жолымен – Сырдария – Жетісу – Шығыс» атты республикалық тарихи-танымдық экспедиция ұйымдастырылды.

Медицина • 29 Шілде, 2022

Қауіпті медициналық қалдықтар

Медициналық қалдықтарды жинауға, зарасыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бар. Әйтсе де Алматы және Жетісу облыстары бұл мәселеде енжарлық танытып отыр. Жақында сол санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін екі өңірдің денсаулық сақтау объектілеріне 14 млн теңгеге айыппұл салынды.

Аймақтар • 28 Шілде, 2022

Ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындары басталды

Өңір-өңірден келген жалынды жастардың басын бір шаңырақ астына жинап, берекесін нығайтып, бәсекеге түсірген дода алауы Жетісуда тұтанды. Облыс орталығы Талдықорған қаласында Ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындарының шымылдығы түрілді. Жарыс спорттың 12 түрінен өтуде. Оған еліміздің 14 облысынан 3 мыңнан астам спортшы қатысады.

Қоғам • 28 Шілде, 2022

Санитарлық ережелерге сәйкес келмейді

Жаз – демалу және күш пен денсаулық жинау уақыты. Әрине, біз демалыстың көп бөлігін су жағасында немесе арнайы санаторийлерде өткіземіз. Таза ауа, ыстық күн, шомылу ағзаны қатайтуға жақсы себеп. Бірақ таңдалған жер және шомылуға арналған су айдынының суы ең алдымен қауіпсіз болуы керегін білу керек.

Коронавирус • 28 Шілде, 2022

Ауырмайтын жол іздеңіз

Бұл індет қайта айналып соққан дауылдай болды ғой. Адам таңдамайды, жасы бар, жасамысы бар алдын ала жарақтанбаса жығылуы мүмкін. Медицина саласы қанша дамыды десек те, сақтықта қорлық жоқ. Бүгінде жаһандық індет жетісулық дәрігерлерді әбігерге салуда.

Өнер • 27 Шілде, 2022

Дәуірлер тоғысы

Алқаракөк аспанның күңгірт күмбезіне, тал түстегі күн көзімен шағылысқан көгілдір сағымға, көк бұлтқа шомылған ағаштардың ұшар басында қадалып отырып жер мен көктің тәңір берген ғажайып бояуын көкейіне қондырған. Өмірдің оған берген осынау еншісіне еш баға жетпейтін секілді. Шексіздік… мүмкін дәуірлердің бір нүктеде тоғысуы.

Аймақтар • 27 Шілде, 2022

Жетісудың жеті кереметі

Қасиетті мекеннің қай қырынан қарасаңыз да көз суырар сұлулыққа толы. Асан қайғы бабамыз жер жәннаты атап кеткелі алып даланың, тәубе, басынан бақ кеткен емес. Жеті өзенді бауырға басып, күннің нұрына шомылып жатқан құйқалы қонысты суреттеуге сөз жете ме?! Тұмса табиғатының мөп-мөлдір ауасымен бір тыныстасаңыз, жан сарайыңыз ашылады, жаныңыз рақат табады. Жақында Жетісудың жеті кереметін көзбен көрмекке бекініп, саяхаттап қайтқан едік.