Медицина • 18 Шілде, 2022
Ауылдағы ауруханалардың аужайы
Жетісуда пандемия қайта өршіп келеді. Мекеме қызметкерлері маска тағып жүр. Алайда сол маскамен мәселе шешіле қоймасы анық. Бүгінде облысқа тиесілі ауыл-ауылдарда орналасқан шағын емханалардың жайы мәз емес. Анау Кеңес заманынан келе жатқан кішкентай ғимараттар қаусап тұр. Ем алуға асыққан халық есігіне сыймайды. Жөндеуден өткені санаулы, кезек күткені қаншама. Індет өршігенде өңірлер әйтіп-бүйтіп амалдайды екен. Әйтсе де бұл әлек қашанға дейін жалғаспақ?
Медицина • 18 Шілде, 2022
«Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы Жетісу облысын аралап, халыққа тегін дәрігерлік қызмет көрсетуде. Айнабұлақ стансасынан басталған сапар Көксу, Егінсу, Бескөл, Жайпақ, Достық стансаларына бағыт алды.
Өнер • 17 Шілде, 2022
Даурығатын ештенесі жоқ, латынамерика биі әлемдегі ең ашық әрі еліктіргіш композициялардың бірі. Әрбір қимыл-қозғалысы әлденеден сыр тартып тұрады. Әйгілі әртіс Дженнифер Лопес «Кел, билейік» фильмінде оны «көлденең тілектің тік көрінісі» деп суреттейтіні бар. Әуезді әуені буыныңызды балқытып, лезде көңіліңізді баурап алатын дәруменге ие. Мәселен, «Тербел» әні. Кербез Дин Мартиннің даңқын асқақтатқан ғаламат туынды әлі де әуе кезіп жүр.
Тарих • 13 Шілде, 2022
Жетісу – құтты мекен, қойнауы тұнған тарих таралғысы. Ескі заманмен еншілес мұралардың мұңын шерткен ен даланың әлі де қазба-байлығы түгесілген жоқ. Оңтүстік-шығысын алып жатқан Жаркент өңірінің өзі неге тұрады. Көне дәуірдің кереметіне толы. Қасиетті мекенде тіршілік еткен бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігінен сыр тартатын құнды жәдігерлер самсап жатыр. Олар мыңжылдықтардың куәгері. Археологтер құпияға толы атақоныстың бағасына жете алар ма екен…
Қоғам • 13 Шілде, 2022
Адамның шыққан тегі қандай екенін шежіреге сүйеніп бағдарлайтын қазақтың танымы тереңде. Біз өткенімізді білмей, болашағымызды болжай алмаймыз. Осыны ескерсек, бір әулет бүтін Отанның бір бөлшегі болып шығады. Оған Талдықорған мемлекеттік архивінде өткен «Атадан қалған асыл мұра» атты отбасылық қордың ашылуында көз жеткіздік. Аталған қорға «Андас» әулетінің құнды заттары табысталды.
Өнер • 13 Шілде, 2022
Күннің алтын сәулесіне шомылған мамыражай тірліктің сұлбасы сұлудың жан толқытар сөзіндей көңілге нәр береді. Ару табиғаттың көз суырар әсемдігі суретшіні айналып өтуі мүмкін емес. Ымырт ұялап, ұзатылар қыздың сәукелесіндей желбіреген күннің шапағы Тәңір жазған картинадай ғажайыпқа толы. Таудың иығына сүйеніп барып қалың ұйқыға бататын тіршіліктің тамыры содан қуат алып жатқандай.
Медицина • 12 Шілде, 2022
Үш балаға күрделі операция жасады
Талдықорғандағы көпсалалы облыстық ауруханада танымал хирург Нұрлан Арын «өкпе мен бауырдың эхинококкозы және колостома, тоқ ішек анастомозы» диагнозы анықталған үш балаға операция жасады.
Аймақтар • 12 Шілде, 2022
Үшарал әуежайының ауқымы кеңейеді
Мәжіліс депутаттары Данияр Әлімбаев пен Әлия Әбсеметова Жетісу облысына сапары барысында Алакөл ауданындағы кәсіпкерлік және туризм саласының өкілдерімен кездесті.
Өнер • 11 Шілде, 2022
«Алтын адам» Жетісу шеберлер орталығы» қоғамдық бірлестігі Текелі қаласындағы Орталық Азия университетінің ғимаратынан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оқыту орталығын ашты. Оны «Мамания» шеберлік орталығы деп атады.
Өнер • 11 Шілде, 2022
Ғұмыр қиссаңыз алқұлым шақта қамсау қараңғылыққа әкеліп тіресе қайтесіз!? Жарық дүниеде жұлдызыңыз жанторсықтай жаныңыздан қалмағанымен түптін-түбі бақтың сізді айналып өтерін сезсеңізші. Ең соңында тағдырдың тарғалаңымен онаша қалу тозақпен бетпе-бет келгенмен бірдей емес пе? Қабірін өзі қазған пендедей әлдебір үрей дедектетіп ала жөнеледі. Тек сондайда Тәңірдің түстеп берген өміріне өкпе арта көрмеңіз. Аңылжыған бос кеңістік тастай қараңғы кейіпке енсе де жүректегі сәулеңізді сөндірмеңіз.