Өнер • 16 Маусым, 2022
«Қара шапан –Жауында әкем, сауында шешем киген,Сол шапанның қойнына шекер де үйгем.Жамау-жамау біз көрген балалықтай,Қайда қалды шапаным көшерде үйден?». Жас ақын Ерік Нарынның осы өлеңі картинадағы бояумен үндесетін секілді. Бір детальмен-ақ тірліктің қасіретін көрсету, оны жүрекпен сезіну қиын дүние. Бірақ жан толғанысыңыз түс болып төгілгенде кенеп бетінде еркін қалықтайсыз.
Өнер • 13 Маусым, 2022
Азалы желтоқсанда жүрекке ауа жетпеді. 1986 жылдың қысы ақ жамылған айналаны қанды түске бояп, қызыл қарды құшқан қаншама боздақтарымыз ажал құшты. Табанынан сыз өткен, суықтан жаны қалтыраған жастар небір дертке шалдықты. Әйтсе де олардың рухы мәңгілік биікке көтерілді, балбал тасқа айналды. Біз мысалға алған картина сол қасіретті еске салады.
Тарих • 09 Маусым, 2022
Шіркін, Жетісудың өн бойы сыңсыған ну орман ғой. Жаз келсе болғаны, жері жасарады, айнала-маң шалғын кілем төсенеді. Жетісу сұлудай сәнденеді, жол жиегі түрлі гүлді шөпке толады. Түйір тасында түйдек-түйдек тарихтың таралғысы топталып жатады. Бұл таңбалы тастар – тарихтың миы, ақыл-ойдың табысы. Сеңгір-сеңгір тауларды, үңгір-үңгір құздарды, түйе өркешті шыңдарды, бұраң-бұраң сүрлеулерді серік еткен Таңбалы шатқалы. Көрген кісі көңіл бөлмей кетпейді.
Өнер • 07 Маусым, 2022
«Суретшілік – соқырлардың жұмысы. Суретші көргенін емес, сезінгенін бейнелейді», дейтіні бар Пабло Пикассоның. Осы «сезіну» деген ұғым қылқалам иесінің бәріне қона бермейтін құдірет. Мұны даңқты суретші жақсы бағамдап отыр. Мәселен, біз мысалға алған картинадан сіз не сезіне алдыңыз?! Көзбен көргеніңізді емес, көңілге түйгеніңізді ой ішінде кестелеп көріңізші.
Тарих • 07 Маусым, 2022
Саяси құпия! Иә, қазақтың құпиясы көп. Әсіресе сталиндік репрессияға келгенде. Қасіретті көп көргеннен кейін бе, әйтеуір сол тақырыпқа тарихшылар көп бойлай бермейді. О, несі екен?! Көршіміздің көңіліне қараймыз ба? Әлде қанды құжаттарды қолға түсіру қиын ба? Неге әлі қазақ толық ақталмады? Тәуелсіз еліміз осы мәселеге келгенде енжарлық танытатыны бір доғал әңгімеге жүк дүние. Біз, осы сұрақтардың жауабын саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты жиында естідік.
Тарих • 31 Мамыр, 2022
Қазақ жайсаңдары кеңес идеологиясының шекпеніне сыймады, жо-жоқ дұрысы сыйғызбады. Жауыз Сталиннің сұрқай саясаты Алаш топырағынан нәр алған бәйтерек болмысты арда азаматтардың алдын бөгеді. Бірін – атты, бірін – сатты, ал басқасын айдауға салды. Бейіті белгісіз бабаларымыздың асыл бейнесі бала ұрпақтың жанарында осылай қатталды. Олар шеккен азапты айтып тауыса алмаспыз. Бүгінде жазықсыз оққа ұшқанын ойласақ жанға батады. Ерліктерін мұңлы музейлер ғана еске алып тұрғандай…
Өнер • 29 Мамыр, 2022
Соғыс ешкімді аямайды және мұнда жеңуші тарап жоқ. Алапат майданның азабын жер ғана емес, мұқым адамзат тартады. Іргедегі жатқан көршіңнің ынтымағы бұзылса, сенің де беймаза күй кешетінің анық. Сәбидің болашағын ұрлаған, ананың көз жасын тауысқан, қарашаны қан жылатқан ұрыс мүдделердің қайшылығы ғана. Ал қара халық сол қайшылықтың құрбаны.
Өнер • 25 Мамыр, 2022
Бір таудың етегінде көшпенді екі елдің қатар ғұмыр кешуі, қойны құт ұлан-ғайыр даланы тел жайлауы мүмкін емес, ол бір апанда жолбарыс пен арыстанның қатар тыныстауын көзге елестетеді. Сондықтан да айбарлы қос хандықтың бір-біріне деген дұшпандығы ғасырдан-ғасырға жалғасты. Жоңғарлардың жаугершілік жорықтары тым ұзаққа созылды.
Өнер • 17 Мамыр, 2022
Судан сұрауын тапқан адамды «балықшы» десе болатындай. Ау құрып, қармақ салып ашаршылықтан аттап өткен қазақтың бір нәсібі осы кәсіппен байланысты. Кеңестік кезеңнің кемесінде отырып сүзекі тартқан әжемнің әңгімесі де ескек пен қайықтан әрі аспаушы еді. Картинаға қарап, сол тәтті естеліктер қайта санамда жаңғырғаны…
Қазақстан • 04 Мамыр, 2022
Астана тұрғындары архив мекемелерін аралауды әдетке айналдырғалы қашан!? Әсіресе Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан батырлардың ұрпақтары аталарын іздеп, мұрағаттарға жүгінеді. Бүгінде ескі құжаттарға реставрация жұмыстары жүргізгелі оқырман біткен іздегенін лезде тауып алып жатыр. Бұл – Нұр-Сұлтан қалалық архивінің жетістігі. Шама-шарқынша ақпараттарды цифрлы форматқа көшіріп, заманға сай қам-қарекет қылып келеді.