Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1075 материал табылды

Өнер • 30 Наурыз, 2022

Қыз жолы

«Қыздың қырық жаны бар» деген қазақтың ғибратты сөзінің кенептегі көрінісі осы болар. «Қыз – қонақ» деп қадірлеген бабамыз, оны алдағы ғұмырында сан тараулы жолдар күтіп тұрғанын алдын ала аңдаған-ау! Қыздарына мейірімін аямаған дана халқымыз барынша ертеңгі өмірінің баянды болуын тілеген. Біз ұсынған картинадағы шұбатылып жатқан жолдар әрбір сұлудың аттап өтер белесіндей иір де иір.

Руханият • 30 Наурыз, 2022

Жақша алдындағы жұлдызша

Көркемөнерде сезім мен ой рояльдің тіліндей жымдасып, қобыздың қос перне­сіндей бір-бірімен жұптасып, жүрек қантамырын қозғамаса есігін тарс жауып алады. Қалай қақсаңыз да ол қақпа оңайлықпен ашылмайды. Онда жаныңызды сатқындықтан, опасыздықтан, жалғыздықтан тазартатын энергия бар. Егер адам жүрегімен тілдескіңіз келсе, музыка тыңдаңыз! Әннің де өз тілі, өз тағдыр-сүрлеуі болады.

Елорда • 30 Наурыз, 2022

Астанадағы алғашқы Наурыз тойы

Кер кезеңмен бірге әбден сүрлеуден өткен сыралғы салт-дәстүрімізге кеңес идеологиясы қанша қолбайлау болғанымен қазақ халқы Ұлыстың ұлы күнін ерекше махаббатпен қарсы алды. Әсіресе, астана жұрты. Қала архивіне үңілсеңіз, еңбектеген сәбиден еңкейген қартқа дейін Наурыз мейрамына қатысып, мерейлі мерекені нақышына келтіре өткізгені жазылады. Біздің қолымызға түскен құнды құжаттар солай сөйлейді.

Өнер • 29 Наурыз, 2022

Қар басқан ауыл

Қалың қардың арасынан қылтиып шығып тұрған жалын атқан үй мұржалары тіршіліктің әнін айтады. Аппақ көрпе жамылған жер шарының тыныштығын солар ғана бұзса болатындай. Қараңызшы, қар астындағы ауылға жан бітіріп тұрғандай. Терезеден көз салсаңыз, жылы үйінен жайлы күй іздеген адамдардың жұмсақ қарым-қатынасын байқайсыз.

Әдебиет • 27 Наурыз, 2022

Ырыс пен тыныс

Ойлы жазушы Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы көзі қарақты оқырманның көбіне таныс. Үтір-нүктесіне тоқталмасақ та, біз бен сізді Тағанның тағдыры әлемтапырақ күйге түсіргені даусыз-ау! Ол үнемі «Біз осы неге?» деген сауал тастап барып күйінішін күй қылып толғаушы еді ғой. Бүгінгі таңда кез келген мәселеге Тағанның көзімен қарайтын болсақ, сол сауалды бір емес, жүз, тіпті мың мәрте қоятынымыз анық. Таған демекші, біз осы ретте ұмытылып бара жатқан, «Ағайын – ырысың, көрші – тынысың» деген қазақтың қонақжайлық қағидасына үңілмекпіз.

Өнер • 24 Наурыз, 2022

Қыс күнделігі

Бояу адамға нәзік эстетика сыйлайды. Әсіресе кенептегі көркемөнердің жанға берер тазалығы, мөлдірлігі мол. Картинадағы алуан түстердің арпалысы шынайы өмірдің құпиясын әшкерелеп тұрады. Байқасаңыз, ондағы өмір бергі беттегі біздің ғұмырымыздан әлдеқайда күрделі, әлдеқайда шытырман.

Өнер • 18 Наурыз, 2022

Алагеуім

Бұл сәттің де өз баяны бар. Табиғат ұйқыдан оянар шақта, ай аруды ұзатып салып, күн бикешті қарсы алады. Бір-бірін мәңгілік көре алмайтын ай мен күннің арасы жақындар мезет осы – таң алагеуім. Қара қыстың қатқыл таңы орманға барсаңыз, шебер сызған суреттер ерекше көрінеді. Біз ұсынып отырған картина, сол әппақ әлемнің көшірмесі ғана.

Өнер • 16 Наурыз, 2022

Астана жайлы әпсана

Ару Алматыға көктем келгелі қашан, ал асқақ астанада әдетінше қытымыр қыстың көбесі сөгілген жоқ. Жалпы, бас шаһарға көктем келе ме өзі, әлде бірден жайдарлы жазға ауыса ма!? Сұлу қаланың сәуірде ғана суығы қайтып, кербездене түсетін секілді. Әйтсе де, көктемкөз бойжеткеннің, көңілі көкорай ағаның, кеудесі кеніш достың жүрегіне Наурыз кіргеннен-ақ көктем қоныстанып алады. Ал бұл сурет қысқы астана жайлы қысқа ғана әпсана!

Өнер • 15 Наурыз, 2022

Әлемді тербеткен әйел

Мейірімді көзінің нұрын төгіп қараған сәтте-ақ мынау маңғаз дүниенің бетіне қан жүгіреді. Ананың жарқын жанары тасжүрек тіршілікті еркелете аймалағанда адамзат біткен еріксіз елжірейтіні анық. Өйткені әйел-ана өмір дауылын жеңетін күшке ие. Білесіз бе, бізді қоршаған ортаны таңертеңгі тымықта күннің көзі ғана осылай аймалай алатын шығар.

Қазақстан • 09 Наурыз, 2022

Қызғылт қамалдар

Жыл айналып жаза бергіңіз, ай айналып айта бергіңіз келеді. Алда-жалда «мақтаншақ» деп біреу сөге қалса, мұны қазақтың көнтерілі әдетіне жорыңыз. Жорыңыз да, мұқым әлемге мұрныңыздың ұшымен қараңыз. Дәл мысырлықтар секілді, түйемен пирамидаларын арқалаған. Әй, біз бәлкім қадірін білмеспіз, бұл ғажайып Еуропада болса ендігі естанды етер еді. Шырайлы Шарын шатқалы, сені айтып отырмыз! Жетісудың жеті кереметі, ұлан-ғайыр даланың уысындағы бір ғажап бұл!