Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1059 материал табылды

Өнер • 29 Мамыр, 2022

Жеңіс рәуіштері

Соғыс ешкімді аямайды және мұнда жеңуші тарап жоқ. Алапат майданның азабын жер ғана емес, мұқым адамзат тартады. Іргедегі жатқан көршіңнің ынтымағы бұзылса, сенің де беймаза күй кешетінің анық. Сәбидің болашағын ұрлаған, ананың көз жасын тауысқан, қарашаны қан жылатқан ұрыс мүдделердің қайшылығы ғана. Ал қара халық сол қайшылықтың құрбаны.

Өнер • 25 Мамыр, 2022

Ұлы шайқас

Бір таудың етегінде көшпенді екі елдің қатар ғұмыр кешуі, қойны құт ұлан-ғайыр даланы тел жайлауы мүмкін емес, ол бір апанда жолбарыс пен арыстанның қатар тыныстауы­н көзге елестетеді. Сондықтан да айбарлы қос хандықтың бір-біріне деген дұшпандығы ғасырдан-ғасырға жалғасты. Жоңғарлардың жаугершілік жорықтары тым ұзаққа созылды.

Өнер • 17 Мамыр, 2022

Балықшы

Судан сұрауын тапқан адамды «балықшы» десе болатындай. Ау құрып, қармақ салып ашаршылықтан аттап өткен қазақтың бір нәсібі осы кәсіппен байланыс­ты. Кеңестік кезеңнің кемесінде отырып сүзекі тартқан әжемнің әңгімесі де ескек пен қайықтан әрі аспаушы еді. Картинаға қарап, сол тәтті естеліктер қайта санамда жаңғырғаны…

Қазақстан • 04 Мамыр, 2022

Архивті аралады

Астана тұрғындары архив мекемелерін аралауды әдетке айналдырғалы қашан!? Әсіресе Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан батырлардың ұрпақтары аталарын іздеп, мұрағаттарға жүгінеді. Бүгінде ескі құжаттарға реставрация жұмыстары жүргізгелі оқырман біткен іздегенін лезде тауып алып жатыр. Бұл – Нұр-Сұлтан қалалық архивінің жетістігі. Шама-шарқынша ақпараттарды цифрлы форматқа көшіріп, заманға сай қам-қарекет қылып келеді.

Өнер • 04 Мамыр, 2022

Революциядан эволюцияға…

Ұзақ ой үстіндегі қоғам әйтеуір бір жарылады. Бұл – революцияға жол. Ал революция эволюцияның алғышарты. Жо-жоқ, ол билік ойлағандай жай ғана бүлік емес, халық шыдамының пісіп-жетілуі, қайшылықтардың абсцессі. Адамзат тарихы белгісіз көкжиектерге қадам жасайды. Сол арқылы ұлы шығармалар, алдүзік идеялар өмірге келеді.

Өнер • 27 Сәуір, 2022

Тіркемеші

Шынында, тың игеру – Қазақстан тарихындағы жете зерттелмеген, күнгейі мен көлеңкесі қатар жүретін аса өзекті тарихнамалық мәселе. Азапты жылдардың айқын көрінісі. Қазақ жастарын, әсіресе өрімдей қыз балаларды ауыр жұмысқа жеккен саяси элитаның басбұзарлығы болды. Картинаға қарап отырып, сол қасіретті кезеңнің бояуы қанық болмағанын көреміз.  

Таным • 26 Сәуір, 2022

Таныс һәм бейтаныс фотосуреттер

Бүтін тарих кейде бір жапырақ қағазға сыйып кетеді. Біз Нұр-Сұлтан қалалық архивіне барған сайын, құнды құжаттарды шолып отырып, аласапыран күйге түсеміз. Бәрі қаттаулы, бәрі шынайы. Тек сарғыш тартқан парақтар үнсіз, моп-момақан күйде сырын жайып салуға асық. Сондай бір дәлелді дүние осы жолы да бейжай қалдырмады.

Өнер • 20 Сәуір, 2022

Көшпендінің бір күні

Бабалар жайлы бірауыз сөз айту үшін аңызға сүйенетініміз анық. Сондай бір әдемі әпсананың бірі «кентаврлар» жайында сыр тартады. Үдере көш түзеген көшпелі жауынгерлерді алғаш көрген жат халықтар «кентавр» деп атапты. Бертінде оның аңыз да, әпсана да емес, таза ақиқат екенін әлем халқы мойын­дап, көштен туған мобильділікті ғасырлар бойы пайдаланды.

Өнер • 19 Сәуір, 2022

Аңызға айналған ансамбль

Жетісу мекені – қазақ ән-өнерінің қарашаңырағы. Кешегі Кенендердің кеудесіне қонған киелі бұлбұл құс Ұлы даланың төсінде еркін қалықтап, адамзаттың жүрегіне келіп тұрақтады. Сол даңқты дауыстан қуат алған халықтың жаны көне әндердің күмбезіне айналды. Бүгінде домбыраға сала қалса жайлы, жұмсақ һәм сазды келетін әуезді әуендер – бір үлкен мектеп. Ал біз бүгін сол мәуелі мектептен сабақ алған, мұралы мәдениетімен сусындаған «Жетісу» студенттер ән-би ансамблі жайында айтпақпыз.

Өнер • 18 Сәуір, 2022

Шопан әні

Ұлы қазақтың ұшқан ұясына қарасаңыз ұлан-ғайыр даланың бір пұшпағындағы қойшы ауылы қол бұлғайды. Түйе мініп төрт түлігін түгендеген алаш баласының атадан қалған аманаты осы – тұяқты мал. Соған сай салт-дәстүрі де сараланып, жаңа өрістей жаңғырып тұрады. Сол үрдістің бір үзігі осы шығарманың алтын арқауы секілді. Жайлаудағы шопанның әні майдақоңыр самал желмен бірге тербеліп тұрғандай.