Аймақтар • 27 Шілде, 2022
Жетісудағы жобалармен танысады
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев үш халықаралық қаржы институтының атынан келген делегациямен кездесті. Өңір басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкі, Дүниежүзілік банк және Азия даму банкі өкілдерімен бірге экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, әлеуметтік, көліктік және әлеуметтік саланы жақсарту жобаларын талқылады.
Қоғам • 27 Шілде, 2022
Бұрынғы сатира – бүгінгі стендап
Күлкі өмірді ұзартады дейді ғалымдар. Ол қандай күлкі? Сіз бен біздің ғұмырымызға ән, көңілімізге сән сыйлайтын мағыналы әзіл қайсы? Бұрнағы қазақтың әжуасында әр, мазағында мән, келекесінде көркемдік бар еді. Қазір езу тартысы ерсілеу, жымиысында жылу жоқ секілді. Әсіресе заман ағымына ілескен жастардың эмоциясы ерекше. Олардың бұратартпа сөзі, сиқырлы сықағы – кішігірім комикс. Бұл – батысша айтқанда стендап. Бүгінгі біздің әңгімеміз қазіргі қазақтың қалжыңы туралы.
Өнер • 26 Шілде, 2022
Қаламгер Александр Островскийдің атақты пьесасының кейіпкері Миша Бальзаминов: «үйлену – ұлы іс» дейтіні бар. Шығарманы оқып отырып, жазушы неге шаңырақ көтерген екі жастың қадамына сонша маңыз берді екен деп ойлайсыз?! Сөйтсек, отбасын құруға үлкен дайындықпен келмесеңіз, маздаған махаббатыңыз аздық етеді екен. Қазіргі қоғамдағы ахуалға қарап сіз де оған анықтама бере аласыз. Ежелгі славян халықтарының бұл үрдісте өзінің мәдени жоралғысы болған, дәл қазақ халқы секілді.
Өнер • 26 Шілде, 2022
Бұл – бізге беймағлұм бөтен әлем. Бақыт та, тамаша да, мүмкін санасын дүние торлаған еркіндік те, көңіл ізгілік іздеген өмір де сонда шығар. Ғажайып бір айлы түн! Ай астындағы ақ ұлпадай қалқыған алакеуім түстік көкжиек, айға шағылысқан тұңғиық көктегі сирек жұлдыздар. Мүмкін күндердің күнінде біз де сонда болатын шығармыз. Кім біледі?!
Аймақтар • 26 Шілде, 2022
Кедендегі көлік кептелісі электронды кезек арқылы реттеледі
«Алакөл» кеден бекетіндегі көлік кептелісі екі-үш күнде шешіледі. Жақын арада электронды кезек жүйесін енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.
Экономика • 25 Шілде, 2022
Мемлекетімізді қант мәселесі әлі де әбігерге салуда. Өзімізде өндірілетін өнімнің мұнша қымбаттауына халық наразы. Сол өкпенің дені Жетісу өңіріне бағытталғаны жасырын емес. Елімізде ірі 4 қант зауыты болса, оның 2-еуі осы облысқа тиесілі. Әйтсе де, облыста шекердің бағасы шарықтап тұр. Көксу қант зауыты қант қызылшасын да, шикі қамысты да өңдейді. Ақсудағы өнеркәсіпте жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал тұралап тұрған Алакөлдегі зауыт әлі кезегін күтуде. Дәл дүкендегі тұтынушылар секілді.
Өнер • 25 Шілде, 2022
Сөз майталманы, айтыс өнерінің қайталанбас шебері Сара Тастанбекқызы – исі қазақтың аяулы перзенті. Әсіресе Жетісу жұртына өте ыстық. Өзінің қысқа ғұмырында әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған ақынның шығармашылық жолы көпке аян. 1906 жылы атақты Біржан салмен кездесіп, шаршы топтың алдына шығады. Бұл айтыс оның халық алдындағы беделін арттырып, атағын алысқа жайды. Міне, сол Сараның суретін көзбен көргіңіз келсе, Талдықорғанға тартыңыз.
Өнер • 25 Шілде, 2022
Біз де ұзақ ойландық, мүмкін ол да ұзақ ойланған болар. Біз де қызықтырар ештене таппадық, мүмкін ол да ештене көрмеген болар. Біздің айналып өткіміз келді, бірақ ол айналып өте алмады. Сұлулықтан қалайша айналып өтуге болады, сол маңда мәңгілік өкінішіңіз қалып кетсе қайтер едіңіз!? Сіз де кідіре тұрыңыз, пәуескеге отырған перизат бұрылып қарағанша.
Қоғам • 22 Шілде, 2022
Жүрек күші мен білек күшін сынамаққа оқталған жетісулықтар Талдықорғандағы «Жастар» саябағына жиналды. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған республикалық Tartyl Fest фестивалінің екінші іріктеу кезеңі ерекше өтті. Жарысқа 300-ге жуық адам қатысты.
Аймақтар • 22 Шілде, 2022
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының жұмысы әлі күнге жүйеленбей келеді. Жоспарланған 12 жобаның осы уақытқа дейін тек 3-і ғана жүзеге асқан. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың Панфилов ауданына жұмыс сапары барысында белгілі болды.