Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1075 материал табылды

Әдебиет • 24 Қаңтар, 2022

Әшекейсіз әлем

Мейлі ол жерде тау жоқ шығар бой түзейтін. Көңіліңнің шөлін басатын көл де болмауы ғажап емес. Өміріңнің өрнегін сызған өзен де етекте жатпауы мүмкін. Көлеңкесін тасалар алып ағаш та, жұпарын шашқан майса шөп те өспеуі мүмкін. Бірақ ол сіздің туған ауылыңыз ғой, айырбастауға келмейтін алақандай әшекейсіз әлеміңіз!  

Руханият • 20 Қаңтар, 2022

Астанадағы алғашқы мешіт

О тұста қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының Ақмола атанып тұрған шағы. Сонау қиын кезеңде қазақ даласында іргесі қаланған алғашқы  мешіттердің бірі бейнеленген ескі сурет көзімізге оттай басылды. XIX ғасырдың мұғдарында мұсылманның рухани өміріне шырақшы болған қасиетті ғимарат ұзақ жылдар бойы ұлттың игілігіне қызмет етті. Бүгінгі әңгімеміз сол жайында.

Өнер • 19 Қаңтар, 2022

Бесінші элемент

Әй, әпенді Жан Пол Готье! Ол кинематография мен поп-музыка сәнгердің көңілін елітіп, қиялына қанат бітіретінін әу бастан-ақ түйсінді. Оның өзгеше ойлау өрісі, қалыпқа сыймайтын қағидасы бөлек бағыт түзді. Атақты Мадоннаның сахналық қойылымдарына конустық киімдер ойлап тауып, Альмодовар мен Гинвей фильмдеріне ерекше костюм тіккен осы еді. Оның жаңашылдығы кинематографиялық фантазияны айналып өтпеді.  

Руханият • 18 Қаңтар, 2022

Тозақ қақпасы

Өнерде шекара жоқ. Сіз бұрын есімін естімеген, біз ныспысын білсек те өнерінен бейхабар Огюст Рене Роден жайлы айтпақпыз. Жаңашыл мүсіншінің ойлау дағдысы, таным-таразысы қайран қалдырады. Әсіресе біз мысалға алған мүсіні. Тақырыбының өзінен ызғар есіп тұр. Ал ішіне қарай үңілсеңіз, сіз де бейопа күй кешетініңіз анық.

Таным • 17 Қаңтар, 2022

Көлеңкеден түскен көлеңке

Сіз қабырғадағы сағатқа уақыттың неше болғанын білу үшін қарайтын шығарсыз, ал ол оның тықылынан өткен күндердің жаңғырығын іздейді. Уақыт артқа жылжымайды, үнемі алға ұмтылады. Оның ұлылығы сонда. Сіздің ғұмыр сағатыңыз тоқтаған сәтте ғана, ол да мәңгілік тыныстайды. Ұршықтай айналған дүние уысыңыздан сырғып бара жатқан сәтте құмсағат ғұмырыңыз құтыда өнген гүлдей солады емес пе!? Өмірдің өзіндей…

Әдебиет • 13 Қаңтар, 2022

Жазушының жанары

Жазушының портретін жазу – қылқаламыңызды қан мен сүтке қатар малғаныңызбен бірдей дүние. Ғұмырының ең нәрлі мезеті мен ең азапты сәтін бір шығармаға арқау ету оңай шаруа емес. Туынды аяқталып біткенше жаныңызды қоярға жер таппайтыныңыз тағы бар. Ал одан айығудың жалғыз жолы – өнерге тәу ету.  

Өнер • 12 Қаңтар, 2022

Қылқалам ұшындағы қырат

Көкала дала дөңгеленіп, көкжиектегі бұйрат-бұй­рат төбелер қалқып тұрғандай көрінеді. Қай­да барсаңыз да сол қазақтың тағдыры жас­танған томаға то­пырақ. Топырақ күбір­лейді, мұң шағады. Әри­не, еститін құлақ, көре­тін көз болса...

Өнер • 31 Желтоқсан, 2021

Туған жердің топырағы

Тарихқа сүйенсек, Кеңес Одағы 1954 жылы тыңайған жерді жыртуды қолға алды. Бұл про­цестің басым бөлігі Қазақстанда жүзеге асқаны белгілі. Осылайша, жаппай тың жер­лерді игеру қозғалысы басталды. Талай шұрайлы топырақ тозаңға айналып, қараша халық қайғыға батты. Біз мысалға алып отырған картина соның айғағы.

Елорда • 30 Желтоқсан, 2021

Бейнероликтер байқауы

Нұр-Сұлтан қаласының Жас­тар саясаты мәселелері басқар­масының қолдауымен және Қа­зақстан Жастарының Конвенті ұйым­дастыруымен бейнероликтер байқауы өтті.

Қоғам • 28 Желтоқсан, 2021

Тіліміздің қолданысын кеңейтетін құрал

Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орта­лығында «Қазақ тілі ұлттық корпусы публицис­тикалық мәтіндер кіші корпусының» тұсаукесер рәсімі өтті.