Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1075 материал табылды

Өнер • 26 Желтоқсан, 2021

«Аққан көздей ақты жұлдыз...»

Беу, солардың көз жасындай, О, бәрібір... ақты жұлдыз... Пернетақтаның алдына жақындай бергенде Маралтайдың осы бір өлеңі санамызға сап ете қалды. Қайдан? Неге? Білмеймін. Ақынның тәні – жер, жаны– ғарыш қой, рух биігінен көз тастасақ ай мен жұлдыздың жақыны солар секілді көрінеді бізге.

Әдебиет • 24 Желтоқсан, 2021

Жас ақындар жарқылы

Айтыс – қазақтың ата өнері. Екі шекті домбыраның ырғағымен елдің ықыласына бөленген ақындар қарапайым халық үшін қашан да қымбат. Оған біз ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен жас ақындар айтысында куә болдық.

Өнер • 23 Желтоқсан, 2021

Бір ғажайып Қатаркөл

Әр адам – туған топырағының жыршысы. Мейлі ол өнер саласына қатысы жоқ болса да, алғаш табаны тиген жерді мәңгілік биігіндей бағалайды. Дегенмен де сол сұлу сезімді бастан кешіп қана қоймай, халыққа жеткізетін өнер иелері екені даусыз. Оған сіздерге ұсынып отырған картина куәлік етеді.

Өнер • 22 Желтоқсан, 2021

Табиғат-Ана

Тұмса табиғатты қалай жырлаймын десе де әр адамның өз еркі. Әсіресе бұл тұста суретшілердің қиялы жүйрік болатын секілді. Әр бояудан қалаған образын сомдай отырып, оқырманға ішкі жан күйін жеткізеді. Бұдан кейін сан алуан түстің әсерінен өмірге келген шығарма елең еткізбей қоймасы анық. Сенбесеңіз, қараңызшы...

Өнер • 21 Желтоқсан, 2021

Елордада жас ақындар айтысы өтті

Айтыс – қазақтың ата өнері. Екі шекті домбыраның ырғағымен елдің ықыласына бөленген ақындар қарапайым халық үшін қашан да қымбат. Оған біз ел тәуелсіздігінің 30 жылдығының аясында өткен жас ақындар айтысында куә болдық.

Өнер • 19 Желтоқсан, 2021

Тәуелсіздік бояуы

Тәуелсіздіктің түсі қандай? Көк пе? Қара ма? Ақ па? Сары ма? Мүмкін қызыл шығар. Кім біледі, әйтеуір осы реңктердің қай-қайсысын алсаңыз да тәуелсіздік картинасының құрамында болары даусыз. Қазақ баласы азат күннің аспанын қандай түспен сырласа да жарасады. Жапанда адасқан жалғыз жолаушыға бағдаршам болған жетіқарақшы жұлдызындай шоғырлы еркіндіктің есігі енді мәңгіге ашық. Міне, қой бағып, қотан аралап жүрген баланың қошақан қиялы шындықтың шынарына қонақтағалы ұлт өнері шексіздікке жол тартты. Тәубе дейміз! Мұның бәрі қоңыртөбел әңгіме ғой. Әйтсе де, бейнелеу өнерінің бүгінгі биігіне сіз бен біздің көзіміз жете қоя ма екен? Қарап көрейікші.

Өнер • 10 Желтоқсан, 2021

Елі ардақтаған ақын

Ақынды елі ардақтағаннан артық бақыт бар ма? Қаламға серт еткен жанның жүрексөзі алдымен өзінің туып өскен топырағынан бастау алатынын даусыз. Содан да болар қаламгер атажұртымен биік. Оған дәлел Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Темірше Сарыбайұлының 80 жылдығына орай Жалағаш ауданында өткен «Сөйле жүрек, сөз сенде, толға бүгін» атты  республикалық жазба ақындар жыр мүшәйрасы. Кесінде айтыс өнерінің шырақшысы болған қаламгерді халқы еске алды.

Өнер • 09 Желтоқсан, 2021

Адамнан ауыл көшпейді

Мыңның ойын сапырып, жүздің жүрегін толғаған туған жердің тылсым ауасы жаныңды жұпарға бөлейді. Бұйрат құмдардың арасында бұйыққан көңіліңіз шайдай ашылып, әлдебір еркіндіктің құшағына еркін сүңгисіз. Аязды ақпандай суық қоғамда домбыққан жаныңа от берер туған жердің нұрлы табиғаты жүрегіңізге күш-қуат құяды. Оның маңғаз құмдарындай ыстық пен суықты жүрегінен қатар өткізген сіздің де кеудеңіз ізгілікке толатыны анық.

Өнер • 06 Желтоқсан, 2021

Паганини

Паганини, сенің не сиқырың бар осы?.. Жын иектеп кеткендей сахнада еркінен тыс елегізіп, бақ­сыдай аласұрған өнер иесінің өмірі бал мен удың қосын­дысындай еді. Бірақ оны ешкім білмеді. Оның жалынды темпераменті және көз ілеспес жылдамдығы залда отырған көрерменді өртеп жіберердей ыстық болатын. Содан да болар, оны жұрт «XIX ғасырдың долы бораны» санады.

Елбасы • 02 Желтоқсан, 2021

Портреттегі парасат

Тап осы туындыға Елбасы ерекше қызыққан деседі. Авторы – белгілі қылқалам шебері Камиль Муллашев. Бұл жай ғана көшірме кескіндеме емес, Тәуелсіз Қазақстан тарихының тұспалдамасы. Бір жыл бойы шеберханадан шықпай жазылған туынды бүгінде Елбасы музейінің төрінде жарқырап тұр.