Аймақтар • 29 Тамыз, 2022
Бұл – өңірдегі тұңғыш тамыз кеңесі. Жетісу өз алдына дербес облыс болғалы білім саласының мамандары бір шаңырақ астында алғаш рет бас қосып отыр. Болашақтың баяны, келешектің кепілі мұғалім берген сапалы білімге байланысты. Биыл білім саласының бюджеті 138 млрд теңгеден асып отыр. Бұл – әлеуметтік салаға бөлінген қаражаттың шамамен 65 пайызы. Демек жетісулықтар басым бағытты білім саласына бұрып отыр деген сөз.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2022
Талдықорғанда «Қызылжар шайқасы: Құдайназар батыр бастаған 100 сарбаздың тарихи рөлі» тақырыбында облыстық тарихи-танымдық конференция өтті. Қазақ-жоңғар соғысы тұсында Жетісу жері үшін күрес талай боздақтың жанын қиып, ерлік істердің өнегесін қалдырды. Бірақ соның көбі зерттелмей, тек ел ішінде аңыз болып айтылып жүр.
Білім • 27 Тамыз, 2022
Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі, Назарбаев университетінің студенті Арман Болатов Болгарияда өткен 29-шы халықаралық математика байқауында алтын медаль жеңіп алды. Бұл білім бәйгесі қатысушыларының саны бойынша ең ірі олимпиада болып есептеледі.
Өнер • 25 Тамыз, 2022
Қазақты қалай жақсы көру керектігін көркемөнерде Қастеев үйретті. Маған, сізге, оған… Қай ұлттың болсын өзіне тән бояуы болуы заңдылық. Сол қоңыр бояуды алғаш қолданған сұңғыла суреткер еді. Бейнелеу өнерінің беймәлім әлеміне ауыл баласының арманын жазды. Жоқ, жазып қана қойған жоқ, көшпенді халықтың ғаламат ғұмырынан сыр суырды.
Қазақстан • 24 Тамыз, 2022
Қараусыз қалған қасиетті нысандар
Сіз, Жетісудың табиғатынан бөлек, дәуір мұңын жастанған киелі орындарға бай екенін білесіз бе? Бір Қапалдың өзінде бірнеше тарихи ғимарат жасырынып жатыр. Жоқ, олар жасырынып жатқан жоқ, қадіріне жетер қазақ баласын күтуде. Бұрындары бүтін халықтың ақыл-есіне айналған рухани шаңырақтар кедейдің үйіндей күтімсіз қалған, әне қабырғасы құлағалы тұр. Қараша халық қанша шырылдағанымен, биліктің құлағына жетпеуде. Ал жергілікті әкімшілік мемлекетке иек артумен әлек.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2022
Отандық нарықта 70 жылдан бері іркіліссіз жұмыс істеп келе жатқан Текелі сүт зауыты жуырда стақандағы тұзды айран мен дәстүрлі рецептпен құрт шығара бастады. Сөйтіп, зауыттың шығаратын өнім түрлері оннан асты, яғни сары май, сүзбе, қаймақ, майлылығы әртүрлі сүт пен айранның қатары жаңа өнімдермен толықты. Сонымен қатар тәжірибе ретінде «Сулугуни» ірімшігін өндіруді де қолға ала бастады. Алдағы уақытта балмұздақ шығаруды жоспарлап отыр.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2022
Биыл Жетісу облысында 480 тоннадан астам жидек жинау жоспарланса, соның тең жартысы құлпынай мен бүлдірген болмақ. Ортақ іске Ескелді мен Көксу ауданының бағбандары елеулі үлес қосып келеді. Бірі жаздың ми қайнатар ыстығында тыңбай еңбек етсе, енді бірі қыстың қақаған аязында жылыжайын баптайды. Ауылдағы қожалықтар өңірді ғана емес, республика көлемінде тұтынушылардың сұранысын қамтамасыз етуге қауқарлы.
Өнер • 22 Тамыз, 2022
Абсурд. Бұлыңғыр тартқан дүниеде арманыңның діңкесі құрығанда құшағына қысар қайсыңыз бар? Қара көңілдің көлеңкесі де қара… дәл солай өмірдің де өзегі талған, үміт өзеурейді, сенім ұйқыда. Адам бар ғұмырын қарын тойғызумен ғана өткізеді екен ғой… әйтпесе, қазақтың таңда малды өріске айдап салып, ымырт үйіріле төбе басына таяқ алып шығатыны несі!?
Аймақтар • 22 Тамыз, 2022
Жетісу облысының Мұқыры ауылына 30 шақырымдық газ құбыры тартылып, табиғи газ берілді. Бұл – Көксу ауданында осы жылы көгілдір отынға қосылған бесінші ауыл. Мұқырылық тұрғындар осыған дейін облыс әкімі Бейбіт Исабаевпен кездесуінде ауылға газ қостыруды жылдың соңына дейін бітіріп беруді сұраған еді. Міне, бүгін тілегіне жетіп отыр.
Әдебиет • 21 Тамыз, 2022
Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, аудармашы Ғали Ормановтың туғанына 115 жыл толмақ. Былтыр 80 жылдан кейін қаламгердің латын қарпімен жазылған күнделігі табылған еді. Жақында аталған еңбек кирилл қарпімен қайта басылып шықты. Бұған дейін еш жерде жарық көрмеген құнды мұрада жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы көптеген мәлімет жазылған.