Қоғам • 22 Қыркүйек, 2022
Халықтың қалауымен Нұр-Сұлтан қаласы қайта Астана болып бекіді. Бұл да – бір тарихи оқиға. Тереңнен тартсаңыз, талай рет аты жаңарған әсем шаһарға Астана есімі әр беріп тұрғандай. Айтуға оңай һәм астарлы. Әсіресе жастарды ерекше күйге бөлейді. Мұны «Менің қаламның тарихы» атты экскурсиялық көрмеде байқадық.
Қоғам • 22 Қыркүйек, 2022
Жетісудың жеміс-жидегі мен көкөнісіне қол жеткізе алмай жүрген елордалықтар үшін «Астана Арена» стадионының аумағында облыстың тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің алғашқы күнінен-ақ жетісулықтар алып келген 227,1 тонна өнімінің 150 тоннасын сатып үлгерді.
Қоғам • 22 Қыркүйек, 2022
Көшбасшы қабілетке себепші жоба
Zhasproject жобасы – жастардың ерік-жігерін шыңдап, көшбасшылық қабілетін арттырады. Бұл игілікті іс – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мұрындық болуымен жүзеге асып отыр. Бірегей бағдарлама аясында жастар жергілікті тұрғындарға пайда әкелетін өзінің әлеуметтік жобасын іске асыруға мүмкіндік алады.
Экономика • 21 Қыркүйек, 2022
Жалпы, Жетісу өңірінің егіншілік саласында көші ілгері. Биылдың өзінде 80 мың гектарға жуық алқапқа жүгері егілді. Соның 26 мың гектардан астамы соңғы 60 жыл ауқымында жүгеріні жетекші дақыл ретінде баптап келген Жаркент өңірі егіншілерінің еншісінде. Сондықтан болар соңғы жылдары егін жинау науқанының алдында облыс жүгерішілерінің басым бөлігі Жаркент өңіріне жиналып, алқалы кеңес құрып жүр.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2022
Ғарыш мониторингінің мүмкіндігі мол
«Бүгінде ғарыш мониторингі нәтижесінде облысымызда пайдаланылмай жатқан 857 мың га жер бар екені анықталды, соның 42,4 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды, 438,6 гектары ауыл шаруашылығы айналымына қосылды. Сол сияқты өңірдің әр қиырынан белгіленбеген жерге қоқыс төгілген 154 орын анықталды, соның 109-ы жойылды». Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы» АҚ төрағасы, белгілі ұшқыш Айдын Айымбетовпен кездесуде осылай деді.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2022
Жетісудағы туризмнің бір мүйісі саналатын табиғаты көркем Текелі қаласының құрылғанына – 70 жыл. Өңірде өндіріс саласының негізгі орталығына баланатын шағын шаһар жыл өткен сайын түрленіп келеді. Бүгінде облыс тұрғындары үшін сейіл құратын бірден-бір демалыс аймағы. Жастар үшін де махаббат аллеясына айналып үлгерді.
Таным • 21 Қыркүйек, 2022
Елімізде архив саласы ілгерілеп келеді. Қазір құжаттарды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы ретте Астана қалалық мемлекеттік архивінің директоры Мейрам Бектембаев Финляндияға іссапарлап барып, құжаттарды цифрландыру турасында көптеген мағлұматқа қанығып қайтты. Ол Финляндия Ұлттық архивінің директоры Пайви Хаппоненмен кездесіп, өзара тәжірибе алмасты.
Білім • 20 Қыркүйек, 2022
Білім бәсекесі – ең ұлы бәсеке. Ақыл іздеген жастардың талпынысына қарап таңдай қағасыз. Күні кеше Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары шетелде өткен білім байқауынан елге жеңіспен оралды. Озат оқушылар жаңа оқу жылын осылайша жарқын көңіл күймен бастады.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2022
Жетісу жұрты үшін биыл жемісті жыл болды. Әсіресе егіншілікпен айналысқан ағайынның көңілі тоқ. Ерте көктемде, жаздың алғашқы айларында жауын-шашын мол болды. Өнім жайқалып шығып, қамбалар астыққа, базарлар көкөніске толып, шаруалардың нәсібі еселенді. Дәл осындай кәсібін дөңгелеткен шаруашылықтың бірі – Сарқан ауданындағы Черкаск ауылдық округіне қарасты «Өндірхан» шаруа қожалығы.
Таным • 18 Қыркүйек, 2022
Әуелгі әңгімені ақсақалдар айтқан, әлі айтып та келеді. Жетісу өзі киелі жер екені әмбеге аян, ендеше бұл мекеннің әулиелерден кенде болмауы заңдылық. Кешегі елге еге болған Балпық, Ескелді билердің замандасы сөзі уәлі Қоғыл әулиені бүгінгі ұрпақ біле бермейді. Ұрпақ ұмытқаннан ауыр жаза жоқ шығар. Әйтпесе бабатаным «өлі риза болмай, тірі байымайды» деп даналыққа жықпап па еді. Бірақ Талдықорған қаласының іргесіндегі жатқан баба кесенесін көргенде біздің ұйысқан ұлт тамырынан ажырап кеткендей күйге түскеніміз несі!?