Қазақстан • 30 Қараша, 2021
Елбасы реформаларының маңызы жоғары
Елордада Nur Otan партиясының Қоғамдық саясат институты ұйымдастырған «Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінің эволюциясы: сын-қатерлер, жетістіктер және келешегі» атты екі күндік халықаралық форум өз жұмысын бастады.
Қазақстан • 30 Қараша, 2021
Назарбаев моделі және түркі интеграциясы
Түркістанда Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Ғылым кеңесі мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен «Назарбаев моделі»: Түркі әлеміне бағытталған интеграция жолы» атты халықаралық конференция өтті.
Қазақстан • 22 Қараша, 2021
ҮЕҰ өкілдерімен өткен 16 кездесу
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында X Азаматтық форум қарсаңында 12-19 қараша аралығында министрліктер мен агенттіктер басшыларының азаматтық қоғам өкілдерімен 16 салалық онлайн-кездесуі өтті.
Сұхбат • 18 Қараша, 2021
Омбудсмен институты – маңызды құрылым
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар топтамасындағы маңызды басымдықтың бірі – адам құқықтарын қорғауды күшейту. Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында осындай міндет қойған болатын. Парламент Сенатының депутаттары сол міндетті орындау үшін және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын нығайту мақсатымен заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу жөнінде бастама көтерді. Осы бағыттағы жұмыстар жөнінде «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» жаңа заң жобасы туралы оны құру жөніндегі депутаттар тобының жетекшісі, Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров айтып берді.
Қазақстан • 18 Қараша, 2021
Көші-қон саласындағы ынтымақтастық
Нұр-Сұлтан қаласында «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ мен Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің бір бөлігі болып табылатын Халықаралық көші-қон ұйымы арасындағы екіжақты ынтымақтастықты ресімдеген меморандум күшіне енді.
Сұхбат • 17 Қараша, 2021
Құқықтық ақпаратты қалыптастырудың қазақстандық үлгісі
Тәуелсіздік жылдарында қалыптасып, елімізде қарқынды қызмет атқарып жатқан құқықтық институттардың бірі – Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті. Оның құрылу тарихы мен еліміздегі құқықтық реформаға ықпалы туралы осы Комитеттің төрағасы Сәбит Нұрлыбаймен сұхбаттасқан едік.
Қазақстан • 17 Қараша, 2021
«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен «Қазақстан жастары – 2021» Ұлттық баяндамасының жобасын талқылады.
Экология • 12 Қараша, 2021
Экологиялық түйткілдерге немқұрайлы қарамау керек
Суды үнемдеп пайдалану, қалдықтарды қайта өңдеу және аймақтардағы қоршаған ортаны қорғау проблемаларын шешу. Осы және өзге де түйінді мәселелер Nur Otan партиясы жанындағы Экологиялық кеңестің отырысында талқыланды.
Қоғам • 12 Қараша, 2021
Жеңіл жазаны елемеген қатаң үкімге кезігеді
Әлбетте, барлық адам бірдей тәртіп пен талапты бұзбай күн кешпесі анық. Өмірдің өткелінен сүрінген, абайламай от басып, опық жеген сол азаматтар ақырында сотты болып, темір тордың арғы жағынан шығып жатқан жайы бар. Ал өмірі тар қапаста өтіп жатқан сол жандар сары уайым мен сарсаңға салынып, қайғы қысқан уақытта жаны жай таба алмай, өкініш өзегін өртейтіні сөзсіз.
Қазақстан • 11 Қараша, 2021
Қазақстан конституциялық құқығының классиктері
«Құқықтық диалогтер» жобасының «Қазақстан конституциялық құқығының классиктері» тақырыбындағы кезекті вебинар-дәрісі өтті. Ғылыми-білім беру алаңын Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Конституциялық Кеңес, Абай атындағы ҚазҰПУ, Сорбонна-Қазақстан институты, «Мейірімділік акселераторы: Izgilik elshisi» жалпыұлттық еріктілер қозғалысы бірлесіп ұйымдастырды.