Технология • 17 Мамыр, 2021
Онлайн сауда Жер шарын жаулайды
Әлем елдері сауда-саттықты интернет арқылы жасауды жыл санап күшейтіп жатыр. Коронавирус пандемиясы қай қызметті болсын қашықтан тұтынуға мәжбүрлеп, IT-индустрияның ойда жоқта қарыштап дамып кетуіне әсер етті. 2021 жылы онлайн сатып алушылар саны 2 млрд-тан асып жығылады деген болжам бар. Бұл – Жер шары тұрғындарының шамамен 28 пайызы.
Қаржы • 17 Мамыр, 2021
Банк секторында өсім байқалады
Иә, бізде мемлекет банк секторына қолдау көрсетеді. Мемлекеттің «Ер басына күн туса, етігімен су кешер» нағыз қаһарманға айналғанын талай көрдік. Қайтеміз, біздің нарық солай құрылымдалып тұр. Сондықтан қалай болса да бұл саланың жетістігіне қуанамыз. Банк жағдайы жақсы, олардың қарыз портфелі төмен болса, онда азаматтардың да борышы азайған немесе төлеу қабілеті жақсарған деп топшылауға болады. Сала көрсеткіштері жақсарып бара жатса, күндердің күні пайыздық ставка да төмендер деген үміт те қылтияды.
Коронавирус • 13 Мамыр, 2021
2021 жыл – қалпына келу кезеңі
Міне, екінші жыл қатарынан COVID-19 қоғамның әр саласына, оның ішінде экономикаға да анық әмірін жүргізе бастады. Әлем экономикасы пандемия талаптарына бағынып, оның зардаптарымен санасуға мәжбүр. Тығырықтан сытылып шығып, басқаша жол тапсақ деген талпыныстар да жоқ емес. Қазақстан да хал-қадерінше қысқа мерзімде пайда болған оқыс талаптарға жауап беріп, экономикасын жаһан заңдылықтарына бейімдеуге тырысып жатыр.
Қоғам • 13 Мамыр, 2021
Авиация саласы қолдауға мұқтаж
Тосыннан келген тоқырау әуе нарығын да айналып өткен жоқ. Былтыр төтенше жағдай жариялана салысымен рейс біткен тоқтады. Халықаралық тұрмақ, ішкі рейстердің өзімен ұшудың әуре-сарсаңы көбейіп кетті. Отандық әуе компаниялары жоспарлап қойған табыстарынан қағылып, жан сақтап қалудың өзі үлкен жетістікке айналды. 2020 жылы әуе компаниялары тиын-тебенге қарап қалды десе де болғандай.
Қоғам • 12 Мамыр, 2021
Әлсізді қолдай беру – әділдік емес
Еңбек өнімділігі қай жерде де, қай кезде де ерекше маңызға ие. Елдің экономикалық тұрғыда шырқай жетістікке жетуі, халық әл-ауқатының жақсаруы осы еңбек өнімділігіне тікелей тәуелді. Ал еңбек өнімділігі жоғары деңгейде болу үшін нарықта еңбекке қабілетті азаматтар саны жеткілікті болуы шарт. Кәсіпорындардың адал, әділ жұмыс істеуі, мемлекеттің сондай мекемелерді бағалай білуі де ерекше маңызға ие.
Қоғам • 10 Мамыр, 2021
Коронадағдарыстың банк секторына әсері
2020 жыл отандық банк саласына айтарлықтай өзгеріс алып келді. Бір жыл ішінде банк активтері 5,3 трлн теңгеге көбейді. Биыл наурыз айында бүкіл қаржы институтының несие портфелі 15,37 трлн теңгені құраған.
Экономика • 05 Мамыр, 2021
Экономикалық өсу келесі жылы қарқын алады
Азия даму банкінің болжамынша, Қазақстан пандемиядан кейін жылдам қалпына келу үшін инновацияны дамытуға көңіл бөлуі керек. Банк елдегі экономикалық өсім биыл қалпына келеді және 2022 жылы жеделдей түседі дейді.
Бизнес • 05 Мамыр, 2021
Банктер ШОБ-ты несиелеуге құлықсыз
Шағын және орта бизнес субъектілері биыл да несие төлемін кейінге шегеру жеңілдігін пайдаланатын болды. Дегенмен бұл көмек ШОБ-тың қордаланған қаржылық проблемасын шешіп тастамайтыны да белгілі. Әрі жеңілдетілген несиені ала алмай пұшайман болып жүрген кәсіпкерлер қаншама. Екінші деңгейлі банктердің секторды қолдауға аса қатты ықылас танытпауы саладағы ахуалды сәл-пәл қиындатып тұрған жайы бар.
Технология • 04 Мамыр, 2021
Көлік саудасындағы алаяқтықты азайтады
1 сәуірден бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, ел аумағында «Көлік құралдарының электронды паспорты» ұлттық жүйесін іске қосты.
Экономика • 04 Мамыр, 2021
Ипотеканы онлайн рәсімдеуге болады
Енді ел азаматтары ипотека рәсімдеуді онлайн жүзеге асыра алады. Бұл жұмыс небәрі 30 минут уақытты алады.