Экономика • 15 Сәуір, 2021
Бай мен кедейдің арасы алшақтап барады
Ертегілер мен мысалдарда кездесетін ескі бір тәмсіл бар ғой, жақсы һәм жаман жаңалығым бар, қайсынан бастайын дейтін. Біздікі де тура сол кеп. Сүйініш және күйініш. Сүйінетініміз – еліміз бай адамдардың саны бойынша ТОП-10 ел қатарына кіріпті. Әрине, олар кімдер, қайтіп байыды, бұл енді басқа сауал.
Экономика • 14 Сәуір, 2021
Зейнетақы қаражаты баспана бағасына әсер етті
Зейнетақы жинағындағы қаржыны пайдалану мүмкіндігін пайдаланған азаматтар БЖЗҚ-дан 1 трлн теңгеден астам ақша алған. Осы арқылы азаматтар тұрғын үй жағдайын жақсартып, ем қабылдап, қаржыларын инвестициялық басқаруға бергісі келеді.
Бизнес • 14 Сәуір, 2021
Бизнес қай банкке көбірек сенім артады?
Жыл басынан бері қазақстандық банктердегі ұжымдық депозит мөлшері 155,4 млрд теңгеге немесе 1,5 пайызға өсіп, 10,77 трлн теңгені құрады. Бірақ наурыз айында әжептәуір құлдырау болғанын байқаймыз. Заңды тұлғалардың салымы 20,5 млрд теңгеге азайып кеткен.
Экономика • 13 Сәуір, 2021
Бизнесте әйелдердің үлесі қандай?
The Boston Consulting Group халықаралық компаниясының мәліметінше, соңғы жылдары әйелдер басқаратын бизнес оң нәтиже көрсете бастаған. Тіпті кей елдерде ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 50-60 пайызы әйелдер тұтқасын ұстаған компанияға тиесілі екен. Әсіресе, АҚШ, Жапония, Италия елдері осындай көрсеткішпен мақтана алады. Қазақстан да елдің ІЖӨ-сіндегі әйелдер кәсіпкерлігінің үлесін біртіндеп арттырып жатыр.
Оқиға • 09 Сәуір, 2021
Рубик кубигін санаулы секундта құрастыратын талай шебер бар. Желіден видеосын да көріп, таң-тамаша болып жатамыз. Алматының 12 жастағы тұрғыны Тимур Омаров болса, дәл осы кубиктердің түсін пайдаланып, әйгілі адамдардың бейнесін, түрлі компаниялардың логотипін бейнелеп шыға алады. Өнер иесі бұл іске жыл басынан бері машықтанып, өнер туындыларын көпшілік назарына ұсына бастаған.
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Қағаз құжаттың қажеті болмайды
Жыл сайын елімізде цифрландыру саласы бойынша бірқатар іргелі бастама қолға алынады. Мақсат – халықтың цифрлы сауаттылығын арттыру және процестерді мейлінше жеңілдету. Цифрлы даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі цифрлы құжаттар сервисін дамытуды жоспарлап отыр.
Бизнес • 09 Сәуір, 2021
E-commerce бизнеске ауадай қажет
Шағын және орта бизнесті дамыту басты басымдыққа айналып тұр. Осы мақсатта түрлі жобалар қолға алынуда. Пандемия бизнесті онлайн форматта дамыту ең оңтайлы нұсқа екенін дәлелдеп берді. Осы орайда елімізде ШОБ өкілдерінің электронды коммерцияны ерекше меңгеруіне мүмкіндік беретін жоба іске қосылды. Жоба аясында тәуелсіз сарапшылар, интернет-маркетинг, электронды сауда, электронды төлем, бухгалтерлік есеп және ақша ағынын басқару бағытында табысқа жеткен ірі халықаралық компания мамандары вебинарлар өткізіп, дәріс бермек.
Экономика • 09 Сәуір, 2021
Биыл кәсіпкерлер үшін жайлы бола ма?
Былтырғы қорқыныш биыл да санадан жоғалған жоқ. Пандемия бірінші кезекте бизнеске ауыр соққы болып тиді. Салдары әлі жойылмай жатыр. Былтыр әлемдік экономика деңгейі 4,3 пайызға төмендеп кетті. Мұндай күрделі ахуал Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарынан бері болып көрмеген. Биыл «жығылған үстіне жұдырық» болып жүрмей ме? Кәсіпкерлер не күтеді? Экономикалық ахуал қалай құбылуы мүмкін? PwC жобасы жүргізген арнайы зерттеуге қатысқан компания басшылары 2021 жылдың экономика мен бизнеске әсері туралы пікірлерін бөліскен. Сауалнамаға әлемнің 100 елінен жеке бизнестегі 5050 басқарушы қатысыпты. Қазақстаннан 71 топ-менеджер өз пайымдарын жария еткен. Демек, бұл зерттеуден биылғы бизнестің жалпы картинасын құрастыруға болатын сияқты.
Бизнес • 08 Сәуір, 2021
Егер пандемияға дейін Азия елдерінің бизнес деңгейі Еуропамен бәсекелесе алмаса да, коронадағдарыстан кейін құлдыраудың орнына күшейген. Дағдарыс деп атағанымызбен, бұл дағдарыс біреу үшін зиян, біреу үшін пайдаға шыққан жайы бар.
Әлем • 07 Сәуір, 2021
Жақында ОПЕК+ қатысушы елдері министрлер кеңесінің отырысы бейнеконференция форматында өтіп, алдағы үш айда мұнай өндірісін тәулігіне 2 млн баррельге арттыруға келісім жасалды. Бұл дегеніңіз – жаһандық тұтынудың шамамен 2 пайызы. Әжептәуір көрсеткіш. Осы келісім аясында Қазақстан да «қара алтын» өндірісін одан әрі қарай жалғастыра беретін болды.