Субсидия • 04 Сәуір, 2023
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Ол тек ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру немесе қайта өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша тауарлардың бекітілген тізбесіне сәйкес қызметін жүзеге асыратын субъектілерге ғана субсидия беруді көздейді.
Экономика • 03 Сәуір, 2023
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы 10 жылдық сауда-экономикалық байланыс аясында 1,5-2 млрд доллар қаражат айналымда болған. Бұл ретте басты экспорттық тауар – қазақстандық мұнай мен металдың үлесі басым.
Экономика • 02 Сәуір, 2023
Қант зауыттарына – 18,3 млрд теңге
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, бүгінде 18 өңір шикі қантты сатып алу және қайта өңдеу үшін 18,3 млрд теңге сомасында қант зауыттарын қаржыландырды.
Қаржы • 31 Наурыз, 2023
Жаһандық үрдіс елімізге қалай әсер етеді?
Стартап жобаларды қаржыландырумен айналысатын америкалық Silicon Valley Bank-тің банкрот болуы қаржы нарығын дүр сілкіндіріп қойған оқиға болды. SVB-ның сақтандырылған салымдары Deposit Insurance National Bank of Santa Clara деп аталатын жаңа ұйымның шотына аударылған. Қазір банкрот болған банкті сатып алуға бірнеше ұйым ниет танытты. Олардың арасында First Citizens BancShares банк холдинг компаниясы (Солтүстік Каролина), қытайлық компания және Илон Маск бар. Ал сарапшылар SVB-ның ащы тағдырын бір емес 190 америкалық банк қайталауы мүмкін (егер салымшылар ақшасын алып кететін болса) деп қауіп етіп отыр. Жаһандық үрдіс Қазақстан нарығына қалай әсер етуі мүмкін, біздің банк секторы мұндай тосын тәуекелге дайын ба дегенді біз де бір зерделеп көрдік.
Қазақстан • 31 Наурыз, 2023
Электронды коммерция нарығында өсу бар
Жақында Дубайда Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Ready4Trade Орталық Азия» жобасы аясындағы конференция өтті. Онда Орталық Азиядағы электронды коммерция әлеуеті талқыға салынды. IMARC тобының дерегінше, 2022 жылы өңірдегі электронды сауда-саттық нарығының көлемі 8 млрд долларға жеткен. Бұл көрсеткіштің алдағы бес жылдағы жылдық өсім қарқыны 25,4 пайызды құрауы мүмкін дейді сарапшылар.
Қаржы • 30 Наурыз, 2023
Қазақстанда қор нарығының даму қарқыны жоғарылап келеді. Қазіргі уақытта «Қазақстан қор биржасының» (KASE) сауда тізімінде 99 эмитенттің 113 акциясы саудаланып жатыр. Олардың 46 шығарылымы KASE Global секторында айналысқа жіберілді. 2023 жылғы қаңтарда акциялармен сауда-саттық көлемі 2022 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 90,4%-ға немесе 180 млрд теңгеге төмендеп, 19 млрд теңгені құраған.
Банк • 30 Наурыз, 2023
Ресейге салынған ауыр санкциядан кейін тонын айналдырып киюге мәжбүр болған байырғы «Сбербанк», қазіргі Bereke Bank сатылымға шығарылмақ. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.
Үміт • 29 Наурыз, 2023
Елімізде ауыл шаруашылығы кооперациясының дамуына мемлекеттік қолдаудың жоқтығы, сондай-ақ фермерлердің қаржылық, заңдық және салалық сауаттылығының төмендігі кедергі келтіреді. Агроқозғалыс өкілдерінің бірі Алмасбек Садырбайдың айтуынша, шағын фермерлер кооперативтерге бірігудің тиімділігін білмей отыр.
Банк • 29 Наурыз, 2023
Банктің бизнеске бөлгені – 100 млрд теңге
Өңдеу өнеркәсібіндегі экспортқа бағдарланған жобаларды қолдау үшін Қазақстан Даму банкі 100 млрд теңге бөлмек. Қаражат орта және жоғарғы шекті тауарлардың экспортын, яғни қосылған құны жоғары өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін қолдауға арналған.
Экономика • 29 Наурыз, 2023
Жанар-жағармай тапшылығы. Оны жоюдың жолы қандай?
Көкжиектен көктем көрінгеннен бастап елде жанар-жағармай бағасына қатысты мәселенің де шеті қылтияды. Әзірге көрші елдермен салыстырғанда ең төменгі баға бізде тіркеліп тұр. Соңғы 5 жылда бензиннің бөлшек бағасы небәрі 13 пайызға өсіпті. Жыл сайынғы орташа өсім 2,3 пайыз болған. Ал дизель отыны 30 пайызға қымбаттаған (жылдық орташа өсімі – 5,3 пайыз). Мұндай көрсеткішпен Қазақстан жанар-жағармайы арзан 10 елдің қатарына еркін еніп тұр. Бірақ...