Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
1211 материал табылды

Сауда • 29 Наурыз, 2023

ЕАЭО-мен сауда байланысы артты

2023 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 2 130,4 млн долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 19,1%-ға көбейді.

Сұхбат • 28 Наурыз, 2023

Дифференциалды салық машина жасау саласын бәсекеге қабілетті етеді

Пандемиядан кейін экономиканың басқа салалары сияқты машина жасау өндірісі де біраз тоқырауға тап болды. Шындап келгенде, ол тоқырау әлі аяқталған жоқ. Соған қарамастан, жаһандық экономиканың қалпына келу фонында көлік жасау және құрастыру секторы бұрынғы деңгейін бағындыру үшін жанталасып жатыр. Қазақстан да машина жасау саласына айрықша ден қояды. Осы орайда Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаевпен әңгімелескен едік.

Пікір • 27 Наурыз, 2023

Кенжелеп қалған контент

Біз балалар контентін де лайықты деңгейде дамыта алмай отырған жайы­мыз бар. Елімізде интер­нет 2009-2010 жылдары кеңінен қанат жайды, 2015-2016 жылдары белсенді фазаға көшті, ал YouTube 2018-2019 жылдардан бастап түрлі контентпен толыға түсті. Әрине, бірді-екілі жобалар бар. Бірақ үлкен ауқыммен алғанда оларды бар деуге де келмейді. Себебі аса ауқымды шетелдік контенттер біздің балалар аудиториясын толығымен «жұтып алды».

Экономика • 26 Наурыз, 2023

S&p: Мұнай экспорты әртараптанса, рейтинг көтеріледі

Әрине, S&P халықаралық рейтинг агенттігі дәл мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Бірақ Қазақстанға қатысты бағалау мәтінінің астарына үңілсек, осындай емеурінді аңғару қиын емес. Жақында ғана олар Қазақстанның дербес несие­ рейтингін «негативтен» «тұрақтыға» ауыстырды. Былтыр Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысындағы бірнеше рет қайталанған іркілістен кейін агенттік Қазақстан экономикасының өсімі баяулауы мүмкін деп қауіптеніп, рейтингті «негатив» деңгейіне төмендетіп тастаған еді. Агенттіктің хабарлауын­ша, ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы теңгерімдері – Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды фактор. Бұл ретте өтімді сыртқы активтердің болуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығына оң әсерін тигізеді.

Еңбек • 20 Наурыз, 2023

Ардақ ӘБІШЕВ, қолөнерші: Ең негізгі білім көзі – халықтың өзі

Сәнді әшекейлерді, зергерлік бұйымдарды жасау бұрын хобби болса, қазір – бизнес. Осы орайда қолөнерші, кәсіп­кер Ардақ Әбішевпен Нау­рыз мере­кесі қарсаңында әңгі­мелесіп, зергерлік саладағы мәселелерді тілге тиек еткен едік.

Экспорт • 15 Наурыз, 2023

Фермерлер: экспортқа шектеу жойылсын

Пияз өндірумен айналысатын қазақстандық фермерлер аталған өнім түріне қойылған экспорттық шектеуді алып тастауды сұрап отыр. Олар осындай өтінішпен «Атамекен» ҰКП-қа жүгінген. Айтуларынша, ішкі нарықтағы пияз көлемі жеткілікті, тіпті артығы шіріп жатыр. «Үкімет тез арада сыртқы нарыққа жөнелтілетін өнім көлемін есептеп, экспорттауға рұқсат берсе» дейді олар.

Қаржы • 14 Наурыз, 2023

Банк банкроттығы жаһан нарығына қалай әсер етеді?

40 жылдық тарихы бар америкалық «Silicon Valley Bank»-тің (SVB) жабылуы әлемді елеңдетіп қойған тақырыпқа айналды. АҚШ тарихындағы ірі банктердің бірі саналатын SVB-ның құлдырауы өз басына ғана емес, бірнеше өңірлік банкке қатер төндіріп тұр. Қаржы ұйымы шаңырағының ортасына түсуіне басты себеп – кірістің төмендеп кетуі. SVB акциялары 9 наурыз күні 60 пайызға дейін құлдырап кетті. Бұл – 2016 жылдан бері тіркеліп отырған ең төменгі көрсеткіш.

Қазақстан • 14 Наурыз, 2023

Шетелдік көлікті заңдастыру тәртібі өзгерді

Биылдан бастап елімізде шетелдік тіркеудегі көліктерді заңдастыру рәсімі жүріп жатқаны белгілі. Мемлекет ұсынып отырған айрықша жеңілдікке 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ел аумағына кіргізілген көлік құралдары ие болады. Жақында Әкімшілік полиция комитеті 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға келген шетелдік көліктерді заңдастыру туралы қаулыға өзгеріс енгізуді ұсынды. Ол бо­йынша техникалық паспорты мен көлік құралының паспорты жоқ көліктер де заңдастырылуға жатуы мүмкін. Қаулы мәтіні Ашық үкімет порталында жарияланған.

Қоғам • 13 Наурыз, 2023

Банкроттыққа өтінім беру үшін қандай құжат қажет?

3 наурыздан бері жеке тұлға банкроттығы бойынша өтінім қабылдау жүріп жатыр. Өтінімді қарыз төлеушінің өзі ғана жолдай алады. Бұл ретте eGov.kz порталын және eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалану ыңғайлы болмақ. Бірақ өтінім бермей тұрып қаперге алатын біраз факторлар бар.

Қаржы • 12 Наурыз, 2023

Қаржы институттарының қауқары

Дүние жүзіндегі геосаяси белгісіздік пен шиеленіс жағдайында кез келген мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығы сыналады. Бұл ретте қаржы жүйесінің басты тірегі – банк секторы екені де белгілі. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның банк секторы тұрақтылық пен тиімділік көрсетіп отыр. Бұған пруденциалдық нормативтердің жоғары көрсеткіштері дәлел.