Құрылыс • 07 Наурыз, 2023
Құрылыс материалдары өндірісінің деңгейі
Құрылыс материалдарын шығаратын отандық өндірушілер былтыр алдыңғы жылдың жетістігін қайталай алмаған. 2022 жылы желтоқсанда саладағы өндіріс көлемінің физикалық индексі 101,3 пайыз болған. Ал 2021 жылдың 12 айында көрсеткіш 109,8 пайызды құраған. Соңғы рет құрылыс саласы мұндай оң нәтижеге 2013 жылы қол жеткізген екен.
Экономика • 07 Наурыз, 2023
Еліміздің транзиттік әлеуеті немесе Орталық Азияға ойысу
Ресейге салынып жатқан санкциялардың зардабын аталған елден кейін қатты тартып отырған мемлекеттің бірі – Қазақстан. Біз санкция талаптарын соншалықты бұзбадық та, тек тәуелсіздік алғалы бері экономикамызды көрші ел экономикасына байлап тастауымыздың салдары былтырғы ақпаннан бастап сезіліп жатыр. Мысал ретінде былтырғы КТК жағдайын алға тартар едік.
Медицина • 06 Наурыз, 2023
Дәрілік заттарды таңбалау басталады
Елімізде 2024 жылдан бастап дәрілік заттарды таңбалау үдерісі басталады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен өткен дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау мәселелері жөніндегі кеңесте айтылды. Отырысқа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Сауда және интеграция министрлігінің, Қаржы министрлігінің өкілдері және Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен дербес департаменттерінің басшылары, сондай-ақ Цифрлық таңбалау және қадағалау бірыңғай операторының өкілдері қатысты.
Қазақстан • 05 Наурыз, 2023
Еліміз Сияньда терминал салады
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Қытайдың Сиянь қаласындағы құрғақ порт аумағында терминал салатын болды. Осы мақсатта Қытай тарапы 8 гектар жер бөлуге дайын. Бұл туралы ұлттық компания басшылығының Қытайға сапары кезінде мәлім болды.
Қаржы • 03 Наурыз, 2023
Жеке тұлға банкроттығы: Өтінім қабылдау басталды
Бүгін елімізде жеке тұлға банкроттығы бойынша өтінім қабылдау басталды. Елімізде банк, микроқаржы ұйымдары алдында берешегі бар азамат саны 8 млн-нан асады. Олардың жалпы қарызы 8 трлн теңге көлемінде. Осыншама азаматтың тек 1,5 млн-ның қарызды төлемегеніне 90 күннен асып, NPL90+ межесіне шығып кеткен. Қаржы министрлігінің болжауынша, банкроттық рәсімін ел бойынша 1,1 млн адам пайдалануы мүмкін.
Қаржы • 02 Наурыз, 2023
Ақпан айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 доллар үшін 445,66 теңгеге дейін, 3,2%-ға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың бір күндегі орташа көлемі бір айда 103-тен 130 млн долларға дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі – 2,6 млрд доллар. Бір ай ішінде валюта нарығы сұраныс пен ұсыныс тұрғысынан теңгерімді болып, айырбастау бағамы нарық талаптарына сай қалыптасты деп хабарлайды Ұлттық банк.
Қаржы • 02 Наурыз, 2023
Зейнетақы аннуитетінің әлеуеті
2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары бойынша кіріс көлемі 369,4 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9%-ға аз. Бұл сектордағы 7 жыл үздіксіз өсуден кейінгі алғашқы төмендеу. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2021 жылы ерікті жеке сақтандыру бойынша сыйлықақы көлемі – 70,9%-ға, 2020 жылы проблемалық «коронадағдарыс» кезінде – 10,3%-ға, ал 2019 жылы бір жарым есе өскен еді.
Экономика • 02 Наурыз, 2023
Тұрғын үй нарығы: Төмен мөлшерлемелі бағдарламалар экономикаға зиянын тигізіп жатыр
Тұрғын үй нарығы туралы сөз болғанда, әңгіме мемлекеттік бағдарламаға келіп тіреледі. Бірқатар сарапшы жеңілдетілген шарттары бар бағдарламалардың экономикаға орасан зор зиян келтіретінін айтса, екінші тарап мұндай жобаларсыз халықтың баспанаға қол жеткізуі қиындай береді дегенді алға тартады.
Үкімет • 02 Наурыз, 2023
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында мұнай-газ саласын дамытудың өзекті мәселелері мен жоспарлары талқыланды.
Кәсіпкер • 01 Наурыз, 2023
Жеке кәсіпкерге арналған бірыңғай төлем
Биыл 1 қаңтардан бастап микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бірыңғай төлем енгізілді. Жаңашылдық «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес қабылданып отыр. Мамандардың айтуынша, бұл жұмыс берушілерге жүктемені азайтуға мүмкіндік беріп, қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жеке кәсіпкерлер бірыңғай төлемді есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлеуге тиіс.