Депозит • 13 Ақпан, 2023
БЖЗҚ: Жинақтың 50 пайызын жеке басқаруға бермек
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражаттың бір бөлігін пайдалану мүмкіндігінің нәтижесінде, біраз азамат үйлі болып, ем-дом алып, жырғап қалды. Кәдімгідей көмек болды. «Әй, бір 3 млн теңге болса, әуп деп түрегеліп кетер едім» деп жүрген қоғамның біраз мүшесінің қопаң-қопаң етіп қалғанын қайтіп жасырайық. Экономистер мұндай жеңілдетілген жобалардың экономикаға ауыр тиетінін айтып, зар қағады. Тіпті былтырдан бергі үй бағасының қатты қымбаттап кетуін осы БЖЗҚ-дан ақша шығарумен де байланыстырады.
Экспорт • 12 Ақпан, 2023
Экспорт маршрутын әртараптандыру мақсатында Қазақстан бірнеше балама бағытты қарастырып отырғаны белгілі. Осы ретте біз үшін Транскаспий бағытының маңызы аса жоғары. Былтырдан бері мемлекет осы бағыт бойынша тасымалды жандандыруға ерекше көңіл бөліп жатыр. Оның нәтижесі де жоқ емес. 2022 жылы Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы жүк тасымалдау көлемі 2,5 есе өсіп, 1,5 млн тоннаға жеткен.
Экономика • 10 Ақпан, 2023
Газ одағынан Қазақстанға қандай пайда бар?
Қазақстан жылына 53 млрд текше метр көлемінде газ өндіреді. Бірақ оның үштен бірі жер қабатына кері айдалады. Шамамен 20 млрд текше метрден астамы ғана тауарлық газға айналдырылады.
Экономика • 09 Ақпан, 2023
Бәсекеге қабілетті, дағдарысқа төзімді, цифрлық сервисті енгізу бойынша да бірқатар секторға үлгі бола алған әрі қоғаммен байланыс бойынша да ашықтық принципін ұстана алатынын көрсетіп келе жатқан қаржы секторы 2023 жылды мейлінше оң көрсеткіштермен бастаған сияқты. Қазір елімізде 21 екінші деңгейлі банк (оның 12-сі – шетел қатысатын банк, сол 12-нің 9-ы – еншілес банк), 26 сақтандыру ұйымы (оның 9-ы – өмірді сақтандыру бойынша) және қор нарығында «Қазақстан қор биржасы» (KASE) жұмыс істейді.
Несие • 08 Ақпан, 2023
Бірінші несие бюросының хабарлауынша, ел азаматтарын несиеге белшесінен батты деу – орынсыз дерек. Олардың мәліметі бойынша, 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша несие портфелі бір жыл ішінде 28,3 пайызға (немесе 1,6 трлн теңгеге) ұлғайып, 7,4 трлн теңгені құраған. Сонымен қатар бұл бюро банктер мен банктік емес қаржы ұйымдарының балансынан есептен шығарылған несиелер де қосылған деректерді ұсынады. Яғни біз осы сегменттегі барлық несие туралы айтып отырмыз.
Несие • 08 Ақпан, 2023
Егіске несие беру жалғасып жатыр
2023 жылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмысын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 140 млрд теңге бөлінді. Өтінімді қабылдау басталғаннан кейін 9 күн ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден жалпы сомасы 48 млрд теңгеге 1 211 өтінім келіп түскен. Тағы 668 фермер – құжат жинау сатысында.
Экономика • 08 Ақпан, 2023
Экономиканы рецессия күтіп тұр ма?
Қаңтарда Давоста өткен дәстүрлі дүниежүзілік экономикалық форумда жетекші экономистердің басым бөлігі 2023 жылы жаһандық рецессия болуы мүмкін деп болжам жасады. Бас экономистер жаһан ландшафты бизнес үшін қиын боларын болжайды. Респонденттердің барлығы дерлік геосаяси тенденциялар жаһандық экономикалық белсенділік картасын қайта құруға мәжбүр етеді деп санайды. Жаңа экономикалық өзгерістер сауда, инвестиция, жұмыс күші және технология ағындарына әсер етіп, бизнес үшін көптеген қиындық пен мүмкіндік туғызуы мүмкін.
Несие • 05 Ақпан, 2023
Автонесие бағдарламасы жалғасады
6 ақпаннан бастап жылдық 4 пайызбен несие беретін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта жалғасады. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өтінімдер қабылдайтын қанатқақты платформаны іске қосқалы отыр. Ол www.autonesie.kz деп аталады. Өтінім беру үшін электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) қолданылады. Өтінім беру барысында азамат автоөндірушілерді алдын ала таңдай алады.
Қаржы • 03 Ақпан, 2023
Қайтқан активтен қайыр бар ма?
Кейінгі бір жылдың ішінде шетелге заңсыз шығарылған 1 жарым млрд долларға бағаланатын актив пен қаражат елге қайтарылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, заңсыз алынған активтерді қайтару Қ.Сатыбалдыұлы мен оның сенімді тұлғаларына, «Қазақтелеком» АҚ лауазымды тұлғаларына, «Оператор РОП» ЖШС басшылығына және басқаларға қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде жүзеге асырылды. Қайтару үдерісіне мүлікті алып қою, тыйым салу және тәркілеу нұсқалары кіреді.
Несие • 03 Ақпан, 2023
Несиені теңгемен беру көлемі ұлғайды
Банк секторының активтері жыл санап өсім көрсетіп келе жатыр. 2022 жылдың қорытындысы бойынша несие портфелі көлемінің 20,1 пайызға өсуінің нәтижесінде сектордың жиынтық активі 18,4 пайызға, 44,6 трлн теңгеге дейін өскен. Екінші деңгейлі банктердің өтімділігі жоғары активтері шамамен 13,5 трлн теңгені немесе активтердің 30,3 пайызын құрайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, осыншама көлемдегі актив арқылы банктер өз міндеттемелерін толыққанды атқара алады.