Инфографика • 20 Ақпан, 2023
Қазақстан автопаркі қартайып тұр
2022 жылдың қорытындысы бойынша әлемдік автонарық көрсеткіші 2021 жылдың көрсеткішіне жақындай алмады. Былтыр бүкіл әлемде диллерлер 81 млн жаңа автокөлік сатқан, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 0,6 пайызға төмен. Қазір әлемдік автомобиль нарығының лидері атанып тұрған Қытайдың да бұл бағыттағы көрсеткіші мәз емес.
Экология • 20 Ақпан, 2023
Қоршаған ортаны қорғау – әлем алдында тұрған басты міндет. Кем дегенде 155 мемлекет өз азаматтарының ұлттық заңдарға немесе Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы сияқты халықаралық келісімдерге сәйкес саламатты ортада өмір сүруге құқығы бар екенін мойындайды. Осыған қарамастан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, барлық өлім-жітімнің 23 пайызы ауа мен судың ластануы және химиялық әсер ету сияқты экологиялық қауіптерге байланысты екен.
Қоғам • 19 Ақпан, 2023
Дабыл батырмасы жоқ көлікке жол ашық
Енді елімізге кемі бір жылға дейін SOS батырмасы орнатылмаған автокөліктер әкеліне береді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінде шешім қабылданды. Мұндай шешімнің қабылдануына Қазақстан тарапы бастамашылық еткен. Осылайша, жеке автокөлікті SOS батырмасымен міндетті жарақтандыруды қолданысқа енгізу мерзімі 1 жылға ұзарды.
Экспорт • 16 Ақпан, 2023
Сыртқы сауда айналымының өсімі
Қазақстанның сыртқы сауда айналымы былтыр тарихи максималды көрсеткішті бағындырып, 134,4 млрд АҚШ долларына жетті. Сауда профициті – 34,3 млрд доллар, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 82 пайызға, 2020 жылмен салыстырғанда 4 есе жоғары.
Инфографика • 16 Ақпан, 2023
Қазақстанның азық-түлік нарығы бір тұрақтала алмай қойды. Арагідік қандай да бір өнім түрі тапшылыққа ұрынып, тұтынушыларды дүрліктіріп қоятыны бар. Биылғы кезек пиязда сияқты. Осыдан айға жуық уақыт бұрын мемлекет пияз экспортына 3 ай мерзімге шектеу қойған болатын. Бұған себеп – Пәкістандағы табиғи апат (су тасқыны). Аталған ел әлемдегі аса ірі пияз өндіруші болып саналады. Енді олар апат салдарынан пиязды жеткілікті деңгейді өндіріп, тасымалдай алмаған соң, импорттаушы нарықтар Қазақстаннан сатып алуды көздейді.
Қаржы • 16 Ақпан, 2023
«Open api» мен «Оpen Вanking»: Банк секторындағы бәсекелестік
Ұлттық банк «Open API» және «Open Banking» технологияларын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын жариялады. ҰБ бұл тұжырымдаманы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) қатысуымен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (ҚНРДА) бірлесіп әзірлеген. Тұжырымдаманың мақсаты – ашық банкингті дамыту және ашық банктік интерфейстерді енгізу бойынша қаржылық инфрақұрылым мен заңнамалық ортаны дамыту төңірегінде нақты қадамдар мен шараларды ұсыну.
Депозит • 16 Ақпан, 2023
«Депозит – банктің жаны» десе, жарасқандай. Біріншіден, депозит тарту арқылы өзінің қаржы қорын молайтады, тиісінше клиент алдындағы міндеттемесін өтеу тұрғысынан да сенімді болады. Екіншіден, мейлінше мол депозиттің жиналуы – азаматтардың банкке деген сенімінің өлшемі іспетті.
Экономика • 15 Ақпан, 2023
Қант тапшылығы қалай реттеледі?
«2022 жыл несімен есте қалды?» дегенде, көз шығарардай сойдиып тұрған – Ресей мен Украина қақтығысын, іле-шала өзімізде басталған теңге бағамының ыршып кетуін, қазақ мұнайының басына төнген қатерді (КТК-ның тоқтап қалуын) айтамыз. Бір қызығы, қатер төндіру жағынан осылардан бір мысқал кем түспейтін қант тапшылығын да аттап өте алмас едік. Сауда дүкендерінен қанттың бір-ақ сәтте жым-жылас жоғалуы нарықта алапат дүрбелең тудырды. Бұл жағымсыз ахуал елдегі қант өндірісінің қанатын жая алмай тұрғанын, өнімнің тап осы түрі бойынша импортқа тым тәуелді ел екенімізді тағы да есімізге салып өтті.
Экономика • 14 Ақпан, 2023
Базалық мөлшерлеме мен инфляция деңгейі
Бір жылдан кейін инфляция деңгейі 13,3 пайызға дейін баяулауы мүмкін. Сол кезде ұлттық валюта бағамы бір доллар үшін 481 теңге деңгейінде болмақ. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары айтып отыр.
Қаржы • 13 Ақпан, 2023
Мемлекеттік сатып алу: Жүйеге қандай өзгеріс енді?
Қазақстанның мемлекеттік сатып алу жүйесі қолжетімділігі және ашықтығы тұрғысынан әлем бойынша 109 елдің ішінде 3-орында екен. Мұны Дүниежүзілік банктің арнайы зерттеуі растайды. Отандық мемлекеттік сатып алу порталында 100 мыңнан аса өнім беруші және 24 мыңнан аса тапсырыс беруші тіркелген.