Қымбат ТОҚТАМҰРАТ
Қымбат ТОҚТАМҰРАТ«Egemen Qazaqstan»
156 материал табылды

Қазақстан • 29 Наурыз, 2021

Көлік салығын төлеудің қолайлы әдісі

Көлік салығын төлеу мерзімі биыл 1 сәуірде аяқталады. Мемлекеттік кірістер комитеті осы төлем түрін алғаш рет e-Salyq Azamat мобильді қосымшасына енгізіп отыр, яғни барлық жүйе цифрландырылды. Енді көлігі бар көпшілік үйден шықпай-ақ смартфон арқылы көлік салығын төлей алады.

Қоғам • 26 Наурыз, 2021

«Қорқамыз бір күні құрылыс тоқтай ма деп...»

Басқа өңірлердің тіршілігінде қандай да бір мәселе туындаса, биліктің құлағына жетпей жатқан шығар деп ойлауымыз кәдік. Бірақ күллі елдің назарындағы елордада да түйіні шешілмей жатқан мәселелер баршылық. Соның бірі – үлестік құрылыс проблемасы. Нұр-Сұлтан қаласында он жылдан бері аяқталмай жатқан тұрғын үйлер бар.

Қазақстан • 24 Наурыз, 2021

Әлемдегі әз-Наурыз нақыштары

Табиғат-ана бусанып, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін қасиетті Наурыз мейрамын ғаламшардағы 300 миллионнан астам адам тойлайды. Ұлыстың ұлы күні адамзат атаулының құнды мұрасы ретінде 2009 жылдың 30 қыркүйегінде ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілгені белгілі. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымы 2010 жылы Наурыз мерекесін – халықаралық күн ретінде жариялады. Сондықтан жыл сайын осынау ұлы күнді түркі халықтары ғана емес, әлемнің көптеген елдері үлкен қуанышпен қарсы алып, ыстық ықыласпен мерекелейтіні тегін болмаса керек.

Қоғам • 20 Наурыз, 2021

Дәмі бөлек, сәні ерек дастарқан

Заман мен талғамның талабына сай ас әзірлеу мәдениеті мен оны дастарқанға қою, қонаққа ұсыну тәсілдері де өзгерді. Асты әспеттеп ұсынудың өзі үлкен өнерге айналды. Қазір сыйлы меймандарды күту тек ет асып, қамыр илеумен шектелмейді. Тағамды талғаммен дайындаумен бірге, дастарқаның да жайнап, ыдыс-аяғың да соған сай түрленіп тұруы керек. Бүгінде отандық аспаздарымыз қазақтың ұлттық тағамын да мың құбылтып, көздін жауын алатындай безендіріп жүр.

Президент • 18 Наурыз, 2021

Ел Президентінің екі жылы: Пәрменді іс, жүйелі жұмыс

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың тәуелсіз Қазақ елінің Президенті қызметіне кіріскеніне тура екі жыл толды. 2019 жылдың 19 наурызы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Президент өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқанымен, ерекше есте қалды. Елбасының сенімін арқалап, ел билігін қолға алған Қасым-Жомарт Кемелұлының Мемлекет басшысы қызметіндегі екі жыл – осы мерзім ішінде қандай ауқымды жұмыстар атқарылғанын, ел дамуындағы маңызды міндеттер қалай жүзеге асырылғанын саралайтын кезең.

Экономика • 17 Наурыз, 2021

Мемлекет бизнестің «көз жасына» сенсе игі

«Мемлекеттік органдар елдегі кәсіпкерлерді орынсыз тексеруін азайтпай отыр. Статистикаға үңілсек, кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту саны көбейген. 2015 жылмен (235 мың) салыстырғанда 2019 жылы (500 мыңнан аса) екі есе дерлік артқан. Бұл әрбір үшінші бизнесмен әкімшілік жауапқа тартылғанын білдіреді», дейді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының кеңесшісі Ербол Өстеміров.

Экономика • 16 Наурыз, 2021

Мемлекет қамқорлығы – ахуал тұрақтылығы

Осыдан тура бір жыл бұрын, 16 наурыз күні сағат 8.00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен коронавирус инфекциясының таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланған еді. Әу баста вирусты «оңай жеңілетін жаудай» көріп, бейқам отырған халық індеттің аяқ алысын көріп, етек-жеңін жинай бастады. Елімізде азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау бағытында пәрменді шаралар қолға алынды. Жуырда көлденең келген кеселмен бүкіл дүние жүзі күресіп жатқанына бір жыл толғанын атап өткен Президент дерттің қатері сейіле қоймағанын, адамнан адамға жылдам жұғатын індеттен сақтану шараларын босаңсытуға болмайтынын атап өтті.

Қоғам • 16 Наурыз, 2021

Астана да ауыз судан қиналуы мүмкін

Көзімізге көл-көсір көрінетін судың мәселесі де шаш-етектен. Келешекте ел билігінің көз алдындағы елорданың өзі ауыз су тапшылығын тартуы мүмкін. Кезінде бас қала суды Нұра мен Есілден алатын. Ал қазір қаланың негізі су көзі − Вячеслав су қоймасы. Оның өзі сарқылуға таяу.

Қазақстан • 11 Наурыз, 2021

Кәсіп иелері несібесіз қалған жоқ

Былтыр пандемия барлық саланы сергелдеңге түсірді. Әсіресе, экономика, кәсіпкерлік секторы едәуір шатқаяқтап қалды. Дегенмен де мемлекет дағдарыстың салқынын сездірмес үшін қолдан келген шараларды жасады. Бизнесті қолдау үшін субсидиялар бөлді. Кәсіпкерлердің алған несиесі қайта қаралды. Ауыл шаруашылығы, сауда және өңдеу өнеркәсібіне де көңіл бөлінді.

Қоғам • 10 Наурыз, 2021

Теңдік пен кемдік

Қазіргі қазақ қоғамында еркек кін­діктілер­ден гөрі әйелдердің қоғамдық белсенділігі ерекше болып тұр. Осыдан екі жыл бұрын періште бес қыз қапияда қаза болғанда бас көтеріп, көшеге шыққан да әйелдер еді. Осы аналардың арқасында көп балалы отба­сыларға берілетін жәр­демақы бірден төрт еселеп өскенін жұрт­шылық жақсы біледі. Бұдан кейін әйел­дердің митингіге шығуы жиілеп кетті. Алдыңғы күні әртүрлі плакат ұстаған қыз-келіншектер Алматыда тағы бір шеру өткізді. Бірақ бұл жолы олардың талабы деген сұрапыл...