Қаржы • 02 Шілде, 2021
Қазір көптеген адам шұғыл ақша керек болса, таныс-тамырына хабарласып, жалынып жатпайды. Бірден онлайн кредит рәсімдеп, қолма-қол ақша ала қояды. Бірақ оңай олжаның соңы опық жегізетінін жұртшылық ескере бермейтіні өкінішті. «Көрінбейтін» кредиторлар арқылы жұртшылық үйде отырып-ақ, телефон немесе компьютер арқылы несиені оп-оңай жолмен ала алады. Бірақ онлайн кредит оңай болғанымен, оны өтеу пайызы тым қымбат болып тұр.
Экономика • 30 Маусым, 2021
Қауіпті өнімнен қорғайтын құжат
Елді сапалы өніммен қамтамасыз ету үшін алдымен денсаулыққа нұқсан келтіретін қауіпті де жасанды, контрафакт өнімдерімен күресу керек. Осы мақсатты көздеген «Техникалық реттеу туралы» заң биыл 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Аймақтар • 21 Маусым, 2021
«Қызыл» мен «сарыны» кіргізбейді
Еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтары мен вокзалдар келушілерді тек Ashyq қосымшасымен қабылдайтын болды. Егер жүйеде мәртебеңіз «жасыл» не «көк» болса, аталған ғимараттарға кіре аласыз, ал «қызыл» мен «сарылар» ішке ене алмайды.
Аймақтар • 21 Маусым, 2021
Өрттің залалы қысқа мерзімде қалпына келтіріледі
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев өрт шыққан Жаңаөзен қаласындағы Қазақ газ өңдеу зауытына арнайы барып, қызыл жалыннан келген залалды қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.
Қазақстан • 21 Маусым, 2021
Өткен бейсенбі күні Парламент Сенатының жалпы отырысында былтырғы республикалық бюджеттің атқарылу жайы қаралып, онда Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова ел қазынасындағы қаржының тиімсіз әрі мақсатсыз жұмсалғанына шүйліккен еді. Қаржы министрлігі бұл ескертулерге бірден «селт» ете қалған сыңайлы, өйткені ертеңінде-ақ аталған министрліктің баспасөз қызметі журналистерге қаржының қайда кеткенін түсіндірген хабарлама таратты.
Қазақстан • 18 Маусым, 2021
Бәсекеге қабілеттілік бойынша әлемде 35-ші орындамыз
Кеше Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы 2021 жылдың әлемдік бәсекеге қабілетті елдерінің рейтингісін жариялады. Бұл рейтингте Қазақстан 35-орында тұр.
Қазақстан • 17 Маусым, 2021
Кәсіптің көзін тапқандар көбейіп келеді
Бизнес ашқысы келетіндерге көмек көрсетіп, кәсіпкерлікке баулитын «Бастау Бизнес» жобасына биыл бес жыл толып отыр. Жобаның басты мақсат-міндеті қаншалықты орындалды, бүгінге дейін неше адамды кәсіпкер етіп шығарды? Бұл жөнінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов газетімізге берген сұхбатында айтып берді.
Қазақстан • 16 Маусым, 2021
Орман деген – оттегі. Ағаш отырғызу игілікті іс қана емес, айналаны тазартатын, қатты дауыл мен аңызақ желден қорғайтын қорған іспетті. Қазақ елі экологиялық мәселелерге, оның ішінде жасыл желекті көбейту жұмыстарына да көңіл бөліп келеді. Қазіргі жоспар – еліміздің орман қорына бес жылдың ішінде екі млрд ағаш отырғызу. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова мәлімдеді.
Қазақстан • 16 Маусым, 2021
Мұқтаж жандардың несібесіне ортақтасқандар «Нұрлы жер» бағдарламасынан да байқалды
Баспанаға мұқтаж азаматтарды үймен қамту үшін мемлекет бірталай бағдарламаны жүзеге асырып жатыр: «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «Шаңырақ», «7-20-25», «Баспана-хит», «5-10-20»... Бұл бағдарламаларға құйылып жатқан қаражат та қомақты. Мысалы, былтыр тек «5-10-20» бағдарламасына 390 млрд теңге бағытталса, «Баспана-хит» бойынша – 431 млрд теңге, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру үшін 309 млрд теңге займ алынған.
Қоғам • 14 Маусым, 2021
Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына елдің бәрі қатыса алмайды. Сондықтан жеңілдікпен үй ала алмайтын азаматтар баспаналы болудың басқа жолын іздеуге мәжбүр. Биыл сәуір айында Отбасы банкі тек әйелдерге арналған тұрғын үй бағдарламасын шығарды. Жарнамасы жақсы болған бағдарламаны әсіресе, әйелдер қауымы тағатсыздана күткені рас. Бірақ қасиетті Ұмай ананың (арнайы жарияланған конкурста қатысушылардың басым дауысы осы атауды жөн көріпті) есімін иеленген ипотека басталмай жатып, сынға ұшырады.