Экономика • 02 Тамыз, 2021
Коронадағдарысқа қарамастан, еліміздің өзге мемлекеттермен тауар айналымы өскені байқалды. Қазақстанның Орталық Азия мемлекеттерімен осы саладағы көрсеткіші жылына 35%-ға артқан, экспорт көлемі де үш есе ұлғайған.
Экономика • 30 Шілде, 2021
Ashyq-қа қосылуға көмектесетін пункттер ашылды
Еліміздегі кәсіпкерлер Ashyq жобасына белсене қосылып жатыр. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, өңірдегі филиалдарда бизнесмендерге QR-код алып беруге көмектесетін пункттер ашылды.
Қоғам • 29 Шілде, 2021
Нарық заманының қыспағы ма, қазір жеңіл жолмен қомақты қаржыға кенелгісі келетіндер көбейді. Жанды қинамай, көл-көсір байлыққа ие болғысы келгендер күмәнді ұйымдар құрған қақпанға түсіп те жатыр. Бірақ тауы шағылып, беті қайтып жатқан адамдар көрінбейді. Біріншісінің тұзағынан шықса, екіншісіне ұрынып жатады. Тек былтырдың өзінде он мыңдаған адам қаржы пирамидасына алданып қалған. Уәкілетті органдар 2020 жылы жалған қаржы ұйымдарына қарсы 217 қылмыстық іс қозғап, оның 116-сын сотқа жөнелткен.
Экономика • 27 Шілде, 2021
Әлемдік экономика әлденіп келеді
Пандемиядан кейін есеңгіреп қалған әлемдік экономика қайтадан сауыға бастаған секілді. Дүниежүзілік банктің биылғы болжамы соны меңзейді. Былтыр әлемдік экономикалық ахуал 3,5%-ға әлсірегені белгілі. Ал 2021 жылы қайтадан күш алып, 5,6%-ға нығаймақ.
Технология • 27 Шілде, 2021
Интернет жылдамдығы бойынша 15 сатыға көтерілдік
Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте Ресей мен Малайзияны басып озып, бір айдың ішінде 5 сатыға, ал бір жылда 15 сатыға көтеріліп, 80-орынға табан тіреді.
Қаржы • 26 Шілде, 2021
Қазір банкте қарызы жоқ адам жоқ шығар, сірә?! Қаржы ұйымдарынан несие аларда көпшілігіміз тұтынушы мен банк арасында жасалатын келісімшартты да оқи бермейміз. Қарыз бергеніне мәз болып, көзді жұмып, қолды қоя саламыз. Негізі бұл дұрыс емес. Сіз қол қойғаныңызбен, құқыңыз бұзылып жатуы мүмкін. Өйткені банктерде де адами фактордан туындайтын қателіктер көп. Кейбіреулер заңды да қонышынан баса салады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдары жол берген біраз заң бұзушылықты анықтап отыр.
Экономика • 23 Шілде, 2021
Қазіргі таңда кәсіпкерлерге Ashyq жүйесін пайдалану міндет. Жақында «Атамекен» ҰКП осы жүйемен жұмыс істейтін бизнесмендерді мемлекет қолдау керектігін айтып, Мемлекет басшысына ұсыныспен шыққан еді.
Қазақстан • 22 Шілде, 2021
Тәуелсіздік мерекесіне – 800 іс-шара
Елдің төрі елорда да Тәуелсіздік мерекесіне ерекше дайындықпен келіп отыр. Ұлы мейрамды тойлау мақсатында қалалық әкімдік бас-аяғы 800-ден астам іс-шараны қамтитын бірыңғай жоспар құрыпты.
Экономика • 22 Шілде, 2021
Туризм өңір дамуына ықпал етеді
Қазақстанда ұйымдастырылған туризмді дамыту қажет. Өкінішке қарай, ұйымдастырылмаған, жаппай туризм салдарынан туристер Қазақстандағы демалыс орындарына залалын тигізіп жатыр. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен тұрақты туризмді дамыту жөніндегі «Мемлекеттік құрылымдармен диалог» тақырыбындағы онлайн конференцияда айтылды.
Экономика • 22 Шілде, 2021
Астана халықаралық қаржы орталығы Үздіксіз кәсіби даму бюросы «IPO: Трансформациялық оқыту» сессиясын ұйымдастырды. Онда компаниялар мен олардың қызметкерлерін IPO-ға дайындау мәселелері және қазақстандық ірі кәсіпорындардың әзірлігі жайы талқыланды.