Қазақстан • 11 Шілде, 2018
Жуықта елорда төріндегі тәуелсіздік шежіресінен сыр шертетін көпфункционалды ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық Назарбаев орталығына қарасты Тұңғыш Президент музейінде болдық. Бұл мекеме – 1997-2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы орналасқан тарихи орын.
Жазғы спорт • 11 Шілде, 2018
Жаһан жаңалықтары. Буффон ПСЖ қақпашысы атанды
Италияның «Ювентус» клубының экс-қақпашысы Джанлуиджи Буффон Францияның ПСЖ командасының ойыншысы атанды. Бұл туралы Париж клубының ресми сайты хабарлады.
Теннис • 11 Шілде, 2018
Уимблдонда кіл мықтылар ғана қалды
Төрткүл дүниенің ең таңдаулы теннисшілерінің басын қосқан Уимблдон турнирінің аяқталуына санаулы ғана күндер қалды. «Үлкен дулыға» санатындағы айтулы жарыста Қазақстанның қос ойыншысы өнер көрсеткенімен, екеуі де екінші айналымнан аса алмады. Атап айтсақ, сол межеде Михаил Кукушкин әлемнің бірінші ракеткасы, испаниялық Рафаэль Надальдан ұтылса, Юлия Путинцева ресейлік Дария Касаткинаға жол берді.
Жеңіл атлетика • 11 Шілде, 2018
Ирландияның Дублин қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында өткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.
Жазғы спорт • 11 Шілде, 2018
Бүгінгі таңда әлемнің ең үздік шахматшыларының бірі саналатын венгриялық Юдит Полгар әйелдердің бәсекесіне қатысудан саналы түрде бас тартып, өз қалауы бойынша еркектердің дуына қосылды.
Қазақстан • 11 Шілде, 2018
Адамзат қасіреті туралы шығарма
Жазушы Медеу Сәрсеке Семей полигонының халыққа әкелген зардабы жөнінде біраз жылдан бері зерттеп, адамзат тарихында қолдан жасалған қасіреттің ақиқатын оқырмандарға жеткізіп келеді. Архив ақтарған, көзі тірі куәгерлерді сөйлетудің арқасында қаламгер бірнеше шығарманы дүниеге әкелді. 2016 жылы «Семей қасіреті» кітабы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген кітаптар кеңес үкіметінің кезіндегі ащы шындықты ашып көрсетеді.
Аймақтар • 11 Шілде, 2018
Жаңабұлақ ауылында коворкинг орталығы ашылды
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданына қарасты Жаңабұлақ ауылдық округінде «Өркен» атты коворкинг орталығы ашылды. Ағылшынның co-working – «бірлесе жұмыс істеу» ұғымынан шығатын мұндай орталықта ауыл жастарының бас қосып, бос уақытын көңілді әрі пайдалы өткізуіне жағдай жасалған.
Қазақстан • 11 Шілде, 2018
Жетпіске жуық балаға пластикалық ота жасады
Жуырда «University Medical Center» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы базасында Surgicorps International (АҚШ) тәжірибелі хирургтері отандық мамандармен бірлесіп, күйік шалған, туабітті және жүре пайда болған беттегі, денедегі деформацияларға пластикалық оталар жасады.
Қазақстан • 11 Шілде, 2018
Естай (азан шақырып қойған аты Есмағанбет) жайында жазылған еңбек көп емес. Ауызша жеткен естеліктер, жазбаша жеткен сұхбаттар, өмірі мен шығармашылығына байланысты бірлі-жарым ғылыми, танымдық мақалалар бар. Баспадан жарық көрген кітаптарда да, ел аузынан жиналған әңгімелерде де «Естай парасатты адам еді» деген сөз жиі кездеседі. Қазір тоқсанға келіп отырған әншінің немересі Зекен Жанәбілқызы он сегізге келіп ұзатылғанша Естайдың қолында болыпты.
Қазақстан • 11 Шілде, 2018
Павлодар – Семей тас жолы бойындағы Новоямышево және Чернорецк ауылдарында көлікпен және заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған жедел жәрдем бекеттері ашылды. Жедел-жәрдем бекетінің ашылуының алдында ғана Новоямышево ауылына жақын жерде көлік апаты болып, бір адам ауыр жарақаттанған еді. Науқас дереу жаңа санитарлық автокөлікпен облыс орталығына жеткізілді.