Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 11 Шілде, 2018

Кеш қойылған диагноз... Қазақстанда бас және мойын қатерлі ісігіне жылына 2 мыңнан астам адам шалдығады

Қазір жаһанда қатерлі өскіндердің таралуы бойынша бас және мойын қатерлі ісігі 6-орынды иеле­неді. Қазақстанда  жылына бас және мойын қатерлі ісігімен 2 мыңнан астам адам ауырады. Өкініштісі олардың басым бөлігі дерт меңдеп, аурудың III–IV кезе­ңіне жеткенде ғана көмекке жүгі­неді. 

Қазақстан • 11 Шілде, 2018

Елордада тұсауы кесілген бірегей орталық

1997 жылы Қазақстан хирургтерінің I конгресінде елімізде Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтын ашу туралы мәселе көтеріліп, оның қажеттілігі ал­қалы жиын қабылдаған қарарда да көрсетілген болатын. Содан кейінгі 3-4 жыл ішінде мақсатты түрде атқарылған ұйымдастыру-құру жұмыстарының нәтижесінде 2001 жылы Астанада аталған институт дүниеге келді. Елордада тұсауы кесілген осынау орталық, бүгінде травматология және ортопедия саласының көшбасшысына айналды. Астананың Арқа төсіне орнығуы отандық медицинаның өрістеуіне, тынысының кеңеюіне жол ашқаны айқын. 

Қазақстан • 11 Шілде, 2018

Мәселені медиация шеше ме?

Кішкене кикілжіңге бола сотқа жүгінетіндер бар. Тіпті әке-шешесімен, бір туған бауырымен дүниесін бөлісе алмай соттың есігін тоздыратындардың қатары аз емес. Мысалы, өткен жылы келінімен келіспей қалған Исатай ауданының тұрғыны сотқа талап арыз беріп, келінін үйден аластатуды сұраған. Іске судья медиатор араласып, тараптар келісімге келді. Өкініштісі сол, мұндай деректер көп.

Қазақстан • 11 Шілде, 2018

Адам құқығын сақтауға ұсыныс берілді

Конституциялық Кеңестің «Қарағанды облыс­тық сотының ұсынысы бойынша «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орын­даушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Рес­публикасы Заңының 27-бабы 5-тармағының консти­туц­ия­­лылығын тексеру туралы» нормативтік қаулысы жарияланды. Конституциялық Кеңес «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орын­дау­шыларының мәртебесi туралы» Заңының сот даулаған нормасын Ата Заңға сәйкес деп тапты. 

Қазақстан • 11 Шілде, 2018

Баспана алғанда ескерер жайт

Баспаналы болу – әр адамның арманы. Сол армандаған баспанасына қол жеткізу үшін біреулер қажетті қаражатты жылдап жинайды. Екінші біреулер несие алады, қарызданады. Ал үшінші біреулер тез ара­да баспаналы болғысы келіп жеңіл жол іздейді. Алайда осы адамдардың қай­сы­бірі алаяқтар құрығына түсіп қалып жатады. Әсіресе жеңіл жол іздейтіндер мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып береміз дейтін адамдарға алданады. Осы орайда мұндай ала­яқтардың арбауына түсіп, қапыда қал­мас үшін нені біліп, не істеу керек деген сұ­ра­ққа адвокат Сейфулла ШЫҢҒЫС жау­ап береді.

Қазақстан • 11 Шілде, 2018

20 жылдағы қарымды қадам

Тәуелсіз Қазақстанның сот жүйесі көне замандағы билер сотынан бастау алады. Тарихқа терең бойлайтын қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерінен тізбектелген билер бітімі осы заманғы заңдар үлгісінің өзегінде жатыр.

Қазақстан • 11 Шілде, 2018

Нашақорлыққа тәуелділіктен құтқарады

«Сақ адам сандығын бекітеді» дегендей, қатерлі жерде қаперсіз отырмаудың қағидасын ескере бермейтініміз бар. Жаманнан сақтана білген қоғам жанын сақтайды. Жаманның бірі – тәуелділік, ой-сананы құрсауға алған нашақорлық болса керек. Бүгінде елімізде нарко­ло­гиялық есепте тұрған науқастар са­ны кемігенімен, инъекциялық есір­ткілерді қабылдайтын адамдар қа­тары ар­тып келеді. 

Қазақстан • 11 Шілде, 2018

Маңдайшадан тамған май. Қазақшамыздың қатесін түгендеген қыздардан үлгі алсақ...

Әуелі жағымды жаңалықтың өзгеше мәні елең еткізген. Алдымен қуандық, со­дан соң қысылдық. Ұят тіпті. Тыңның эпицентрі – Көкшетау қаласында қа­зақ тілінің кірпігі ғана қимылдап жатқандығы рас. Сол жарымжан тілі­міз­дің жанашыры қаршадай қыздар болғандығы намыстандырады екен. Жа­ңағы қаршадай қыздар кілең орыс ұлтының өкілдері болса, ұят салмағы есе­лене түсері сөзсіз. 

Қазақстан • 11 Шілде, 2018

Дипломаттар қалай дайындалады? Түлектердің арманы ЖОО үшін бизнеске айналды

Жақында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне өзгерістер енгізу» туралы заңға қол қойды. Мамандар бұл жолғы өзгерістер, дипломатиялық қызметті құқықтық тұр­ғы­дан жетілдіргенмен, негізгі бағытты тағы да айналып өткенін айтып отыр. 

Қазақстан • 11 Шілде, 2018

Кәсіпкерге не кедергі?

Алыстағы ауыл халқы да бизнес бастауға ниетті. Бірақ ақшаның аздығы қолбайлау, ал несие алуға екінші деңгейлі банктердің талаптары жоғары. Аудандарда банк бөлімшелері де бола бермейді, құжат рәсімдеу үшін қыстың суығы мен жаздың аптабында облыс орталығына қатынау қажеттілігі туады. Бір келгенде жұмысың біте қойса жақсы, сандалып ұзақ жүріп жинаған құжатыңа банк келісім бермесе, еңбегің еш, тұзың сор. Ауылдық жердегі үй-жайдың құны да төмен, тіпті банкке кепілдікке қоюға жарамай қалады. Екінің бірінің жалақысы жоғары кепілгері тағы жоқ. Осының бәрі айналып келгенде кәсіп ашып, нәсіп тапқысы келетіндердің ойларын орындалмаған арман күйінде қалдырып жүр. Қайтпек керек?

Яндекс.Метрика