Назерке ЖҰМАБАЙ
Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
361 материал табылды

Кино • 02 Маусым, 2022

«Жазғы кино» – жан жадыратар жоба

Балалар жылының балдырғандарға дайындаған сыйы мол. Соның бірі – 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай кеше Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы ұсынған «Жазғы кино» әлеуметтік жобасының салтанатты ашылуы десек, қателеспейміз. Айтулы жоба аясында елордалық балдырғандар «Қазақстан» орталық концерт залында жаз айларында өткізілетін кино көрсетілімдерін тегін тамашалай алады.

Өнер • 31 Мамыр, 2022

«Қазақ вальсінің» шырайы

Өзі де, өмірі де тұтатсымен биге айналып кеткен әсем әлем иесі Шара Жиенқұлованың туғанына биыл ғасыр толды. Көзі тірісінде-ақ ізінен аңыз ерген ерке қыздың ұлттық кәсіби би өнерінде тұңғыш та дара жолды салып қана қоймай, оның даму жолында да сіңірген еңбегі ерен. Бүгінде Шара десе ойымызға ең бірінші суретші Гүлфайруз Ысмайылова қылқалам тілінде кестелеген әйгілі «Қазақ вальсі» картинасындағы он саусағы майысып жүзінен нұр шаша күлімдеп тұрған көркем бейне орала кетері хақ.

Өнер • 20 Мамыр, 2022

Елі Ескендірін еске алды

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында бір дәуірдің мәдени тарихын әнмен кестелеген әнші, композитор, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылығына арналған «Атамекен» атты еске алу кеші өтті. Концертте сазгердің сырлы әндері орындалып, ел білмейтін қырларынан естелік айтылды.

Тарих • 19 Мамыр, 2022

Тарихи таным тағылымы

Елорда төрінен орын тепкен Ұлттық музейге қарай ағылған халықтың қарасы бүгін тіпті қалың. Әсіресе тарихын танып, өткеннің өнегесін бойына жиғысы келген жастардың ықыласы жанға қуат, жүрекке жігер сыйлайды. Жұмыс күнінің аяқталғанына қарамастан жанталасып алып ғимаратқа анталай асыққан әлеуметтің музей алдындағы қарбалас тіршілігіне қарап көңіл сүйсінгендей.

Театр • 17 Мамыр, 2022

Театр музейінің тамаша табыстары

Жыл сайын 18 мамырда Халықаралық музей күні атап өтіледі. Әлем масштабында тойланатын тамаша іс-шараны мерекелеуге бас қаламыздың ірі өнер ошағы – «Астана Опера» театры да қызу дайындық жүргізіп жатыр. Музей мейрамы қарсаңында театр жәдігер­лерін сақтайтын ордалы отаумен арнайы танысып қайттық.

Кино • 16 Мамыр, 2022

«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?

Көрерменнің көптен күт­кен тілегі орындалып, ақ түйенің қарны жарылды. Күні кеше Қасым хан туралы түсірілген режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» фильмі қалың қауымға жол тартты. Та­рихта «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен қал­ған ұлы ханның ұлт мұ­раты жолындағы игі істерін ұлықтаған айтулы туынды ел Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығына арналыпты.

Өнер • 12 Мамыр, 2022

Майдан хаттары

Ұлы Отан соғысында ерлі­гі­мен ел есінде қалған ерендер, Кеңес Одағының батырлары Мәншүк Мәметова, Тал­ғат Бигелдинов және Қа­­зақ­станның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов­­тың туғанына биыл 100 жыл! Атаулы мерейтойға орай елор­дадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Майдан хаттары» атты ­теа­тр­­ландырылған кон­церт­тік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қол­дауымен өткен тағылым­ды кештің авторы – Назгүл Сарыбай.

Сұхбат • 20 Сәуір, 2022

Гүлназ Балпейісова: Классикада шекара жоқ. Шексіздік бар

Ол – қаршадайынан білім қуып барып, алып Мәскеуді мойындатқан талантты қазақ қызы. Мінезіндегі өткірлік пен бойындағы өр намыс оны әлемдік режиссураның алыбы, реформатор Римас Туминастың төл шәкірті етті. Бүгінде Мәскеудің Е.Вахтангов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының жетекші режиссерлерінің бірі ретінде табысты қызмет етіп жүрген талантты ару жақында Қарағандының С.Сейфуллин атындағы мемлекетттік академиялық драма театрында М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясын қойды. Премьерадан соң аядай ғана Шыңғырлау ауылынан түлеп ұшып, күллі Ресейді мойындатқан қаршадай қазақ қызы режиссер Гүлназ Балпейісовамен аз-кем тілдесудің сәті түскен еді.

Әдебиет • 17 Сәуір, 2022

Оралхан кейіпкерлерімен кездесу

Жастық шағында жазушы Оралхан Бөкей шығармаларын оқымаған оқырман кемде-кем шығар. Әсіресе, балалық шағы ауылда өткен жанның кітапханадан арқалап әкеліп, том-том кітапты кеміргені ақиқат. Соның ішінде Оралханды оқып, «Тортай мінез ақ боз атқа» Тортайды тастап, өзі мініп алып Шыңғыстай жаққа бір желіп барып қайтқысы келетін оқырманның көп болғанына да бәс тіге аламыз. Соның бірі – мына біз едік.

Театр • 14 Сәуір, 2022

Бұл «Қарагөз» бұрынғыдан өзгерек...

«Арқаның Ақсарайы» атанған Қарағандының С.Сейфуллин атындағы облыстық академиялық драма театрында түндігі түрілген күннен бергі 90 жыл ішінде түрлі «Қарагөздер» қойылған. Алайда бұл «Қарагөздің» сипаты да, сарапталуы да бөлек. Соңғы онжылдықта мәскеулік театр кеңістігін мойындатып жүрген қазақ қызы, Е.Вахтангов атындағы академиялық мемлекеттік театрының дарынды режиссері Гүлназ Балпейісованың қолтаңбасында жаңаша тынысы ашылған айтулы премьера заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық және киелі қарашаңырақ Сәкен театрының 90 жылдық мерейтойына орай сахна төріне шығып отыр.