Экология
Экология • 23 Қыркүйек, 2021
Сарапшылар: Ең нашар экологиялық сценарий қазірдің өзінде орын алуда
Сарапшылар климаттық өзгерістердің теріс салдары – болашақтың мәселесі емес, бұл біздің бүгінгі күніміз деген пікірде. Температураның көтерілуі, апатты орман өрттері, құрғақшылық, атмосфераға қауіпті шығарындылар – бұл жаһандық мәселелер, оларды шешу үшін мемлекеттер тез арада күш біріктіруі қажет. Еуразиялық медиа форум аясында экологиялық сессия осы мәселелерге арналды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Қыркүйек, 2021
Президент заңсыз алтын өндірушілерді жауапқа тартуды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзеніне қатысты мәселе бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 22 Қыркүйек, 2021
Жайық таязданып, аралдар пайда бола бастады
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жайық өзені таяздығы және Атырау маңында аралдар пайда болуының негізгі себептерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Қыркүйек, 2021
Талдыкөл тағдыры туралы талас: қалай өрбуде?
Елорданың ең басты экологиялық мәселесіне айналған Кіші Талдыкөлдің жайы бүгінде экологтармен бірге, қарапайым қала тұрғындарының да назарына ілігіп үлгерді.
Оқиға • 21 Қыркүйек, 2021
Шешінген шымкенттік шенеуніктер шекісіп қалды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Шымкенттегі өкілдері бір-бірімен шатысып қалғанға ұқсайды. Мұндай ақпарат әлеуметтік желілерде таралып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатыр. Экологтардың төбелесі түсірілген бейнежазбаны журналист Михаил Козачков жариялаған, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 17 Қыркүйек, 2021
Әлемде 216 млн адам «климаттық босқынға» айналуы мүмкін
Қазір климаттың өзгеруі ғалымдармен қатар қарапайым тұрғындарды да алаңдатып отыр. Бұл мәселеге әсіресе жастар жағы көп бас қатыратын көрінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 17 Қыркүйек, 2021
Қазақстанда Еуразиялық экологиялық қор құрылды
Бастаманы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ECOJER Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Ләззат Рамазанова Орталық Азия экология министрлерінің «C5+1» кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2021
Ақтауда алғаш рет жерасты қоқыс контейнері орнатылды
Түрік компаниясы Ақтау қаласына жерасты қоқыс контейнерін сыйға тартты, деп хабарлайды, Egemen.kz.
Экология • 16 Қыркүйек, 2021
Алдағы он жылда қалдық көлемі 50 пайызға азаяды
Еліміздің жаңа экологиялық кодексіне сәйкес алдағы уақытта өңір әкімдіктері қоршаған ортаны жақсартуға қатысты көрсеткіштерді алдын ала бекітеді. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 16 Қыркүйек, 2021
Елдегі экологиялық проблемаларды шешудің жол картасы әзірленді
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов мәлім еткендей, Қазақстанда 17 бағыттан тұратын экологиялық мәселелерді шешуге арналған жол картасы әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 16 Қыркүйек, 2021
Экология министрлігі ауасы лас қалаларды атады
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов елдегі ауасы лас өңірлерді атады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 13 Қыркүйек, 2021
Еуропалық комиссияны атом реакторлары мазалайды
Қазіргі таңда әлемде атом электр стансаларын салу қажет пе деген сұрақ күн тәртібінен түспей тұр. Кейбіреулер оны экологиялық таза деп есептесе, енді бірі реакторлардан келетін қауіп көп деп есептейді. Бұл мәселенің қызу талқыланғаны соншалық, Еуропалық комиссия ядролық энергияны қолданудың тиімділігі мен зиянын зерттеп жатыр.
Президент • 13 Қыркүйек, 2021
Қазақстанда жаңадан тоғыз су қоймасы салынады
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Үкімет • 10 Қыркүйек, 2021
Асқар Мамин жаңа экология министрін таныстырды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұжымына жаңа басшы Серікқали Брекешевті таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 10 Қыркүйек, 2021
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды
Серікқали Брекешов Экология, геология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 08 Қыркүйек, 2021
Айнакөл «қартайды», айдынынан әр тайды
Тың және тыңайған жерлерді игеру кезіндегі жіберілген кейбір қателіктерден өңіріне сексен көлден сексен алқа таққан делінетін Көкшенің баурайындағы 1 515 көлдің жартысынан астамы жер бетінен жоғалып кеткен. Қазірдің өзінде жүздеген көлдің суы азайып, табаны тайызданып, жағалауы түгіл жарым айдыны ми батпаққа айналып, қамыс, қоға басып тұр.
Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2021
Еліміздегі суармалы алқаптар көлемі қысқарды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде вегетациялық кезеңнің қорытындылары шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 03 Қыркүйек, 2021
Мағзұм Мырзағалиев жаңа қызметке сайланды
ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ТМД-ға қатысушы елдердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz министрлік сайтына сілтеме жасап.
Экология • 02 Қыркүйек, 2021
Су арналары қалай цифрландырылады?
Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев алдағы 5 жылда 212 су арнасы цифрландырылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 01 Қыркүйек, 2021
Бүгін Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
1 қыркүйек күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал қалыптасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 24 Тамыз, 2021
Мектептерде экологиялық білім беруге арналған жаңа әдістемелік құрал таныстырылды
ӨКМ Операторы Қайратғали Хайрулла «Экологиялық білімді оқу жүйесіне интеграциялау» атты алғашқы әдістемелік құралды таныстырды. Мұндай құралды мектеп бағдарламасына енгізу өскелең ұрпаққа экологиялық мәдениетті оңтайлы сіңіруге мүмкіндік береді. Аталған жобада барлық мектеп пен мектепке дейінгі пәндер қамтылып отыр, деп жазады Egemen.kz Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Экология • 24 Тамыз, 2021
Қазақстанда алғаш рет қолдан жаңбыр жауғызу әдісі қолданылуы мүмкін
Маңғыстау өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында қуаңшылықпен күрес мәселесі талқыланып, жасанды жолмен жаңбыр жаудыру технологиясы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 23 Тамыз, 2021
Елордада ауа сапасы нашарлайды
23 тамызда Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 19 Тамыз, 2021
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
19 тамызда Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 17 Тамыз, 2021
Көлсай аумағынан қауіпті жерлер анықталды
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағына келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында туристік соқпақтар мен маршруттардағы қауіпті аймақтар тексерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 16 Тамыз, 2021
Атырауда айналма жолға мұнай төгілгені рас па?
«Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы» бағытындағы жолдың айналма бөлігіне мұнай төгілуі мүмкін екені туралы видео тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 13 Тамыз, 2021
Локдаун Қазақстандағы ауа сапасын жақсартты
Қазақстанда соңғы 5 жылда алғаш рет атмосфераға шығатын зиян заттар көлемі төмендегені байқалды. Energyprom.kz мониторинг агенттігі мәліметінше, экологияның жақсаруына пандемияға байланысты карантин шектеулері әсер еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 07 Тамыз, 2021
Каспий жағалауында қызыл қасқыр видеоға түсіп қалды
Маңғыстаулық видеографтың камерасына сирек кездесетін жыртқыш аң - қызыл қасқыр түсіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 07 Тамыз, 2021
Іле-Алатау табиғи паркінің аумағынан 400 тоннадан астам қоқыс шығарылды
Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында экологиялық рейд өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 27 Шілде, 2021
Елімізде 4 763 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды
Республика бойынша 4 763 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.