П
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2023
Ақтөбеде жетінші сынып оқушысы мектепте көз жұмды
Бүгін, 14 желтоқсанда Ақтөбе қаласында қайғылы жағдай болды. Анықталғандай, жетінші сынып оқушысы мектепте көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 14 Желтоқсан, 2023
Қаңтар қарлы, ақпан ақтүтек: Синоптиктер қыстың екі айына болжам айтты
Биыл елдің солтүстік, орталық аймағында қараша қарсыз өтіп, ауа райы тосын мінез танытты. Синоптиктер өткен айды «тарихтағы ең жылы қараша» деп таңбалады. Ал желтоқсанда күн райы жиі құбылып тұр. Айдың алғашқы күндері жылы өтсе де, кейінгі он күндікте қыс күшіне мініп, аяз қысты. Мамандар алдағы қыстың екі айы қаңтар, ақпанда елімізде қандай ауа райы болатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 14 Желтоқсан, 2023
Депутат: Үкіметтің жылу маусымына ұзақ мерзімді жоспары бар ма?
«Ақ жол» партиясы фракциясы атынан Ерлан Барлыбаев Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Р.Склярға жылу мәселесі жөнінде депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Желтоқсан, 2023
Биыл қазақтың 30 зілтеміршісі допингпен ұсталды
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спортта допинг қолдану көрсеткіші жылдан-жылға ұлғайып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Желтоқсан, 2023
Жедел жәрдем көлігіне «жедел жәрдем» керек болды. Астана маңында екі көлік соқтығысты
13 желтоқсан түні Астана қаласы маңындағы Қабанбай батыр ауылында жедел жәрдем көлігі жүк көлігімен соқтығысып қалды. Астанаға бағыт алған жедел жәрдем көлігінің ішінде 73 жастағы науқас болған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2023
Әлемдік сән брендтері 2024 жылы қандай түс трендте болатынын айтты
Pantone консалтингтік компаниясы дәстүрлі үрдісіне сай 2024 жылдың басты түсін таңдады. Компанияның таңдауы биыл ашық қызғылт сары түске түскен. Олар бұл түсті «шабдалы мамығы» (Peach Fuzz, персиковый пух) деп атауды ұсынды. Ұсынысты Италияның үздік сән үйлері Gucci, Jil Sander және Sportmax брендтері қолдап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2023
Медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі 100 млрд теңгеден асады - сенатор
Еліміздегі көптеген медициналық ұйымдар соңғы үш жылда қаржы жағдайы бойынша қиындыққа тап болды. Сенатор Ақмарал Әлназарова өзінің депутаттық сауалында медициналық ұйымдардың несие бойынша берешегіне қатысты мәселелер туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2023
Каспий жағалауында қалып қойған қоқиқазды Алматы зоопаркі асырайтын болды
Бұл жаңалықпен үйінде үйірінен адасып қалған екі қоқиқазды (фламингоны) уақытша асырап отырған ақтаулық Азамат Сәрсенбаев блогында бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 14 Желтоқсан, 2023
Ертең Астанада Тәшкенбай, Сабырхан, Шымбергенов рингке шығады
Ертең, 15 желтоқсан күні Астана қаласындағы «Beeline Arena-да» отандық Олимпиада, әлем чемпиондарының қатысуымен тартысқа толы бокс кеші өтеді. Былғары қолғап шеберлерінің айқасы кешкі сағат 19:00-де басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 14 Желтоқсан, 2023
Бүгін еліміздің басым бөлігінде аяз болады
Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп, күн жауын-шашынсыз болады, аяз сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Құтқарушы • 14 Желтоқсан, 2023
Жолда қалып қойған мыңнан астам адам құтқарылды
10 желтоқсаннан бастап еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы, кейбір өңірлерде экстремалды жағдайлар байқалғаны белгілі. Poliсia.kz-тің мәлім етуінше трассаларда полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіппен қызмет етіп, кейбір аймақтардың жолдарында патрульдік экипаждар саны 2-3 есе көбейтілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 14 Желтоқсан, 2023
«Тақиялы періште» ағылшынша сөйлесе... Америкалықтар қазақтарға ерекше сый жасады
Қазақстандағы АҚШ елшілігі Тәуелсіздік күніне тамаша тарту жасады. Елшілік қызметкерлері қазақ көркем фильмдерін ағылшын тілінде дыбыстап, көпшіліктің ризашылығына бөленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 13 Желтоқсан, 2023
14 желтоқсанда мектеп оқушылары қалай оқитыны белгілі болды
Бұл туралы Астана қаласының білім басқармасы тұрғындарды құлағдар етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік күніне орай үстел теннисінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында турнир өтті
Астанада үстел теннисінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында екінші республикалық жарыс ұйымдастырылды. Шараға Туризм және спорт министрлігінің өкілі Әділхан Өмірзақов, қоғам белсендісі Азаматхан Әміртай, Республикалық «Шоудаун соқырлар үстел теннис федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жүзбай Серікұлы қатысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Алматы • 13 Желтоқсан, 2023
Биыл TikTok платформасының қосымшасы қазақ тілінде сөйледі
Таяу күндері TikTok платформасы 2023 жылды қорытындылай келе, Қазақстанның ең жарқын трендтері, көрнекті креаторлары мен басты хиттерінің тізімін жариялады.
Спорт • 13 Желтоқсан, 2023
Қоян-қолтық ұрыс спортынан жеңімпаздар анықталды
ТМД-ға мүше мемлекеттер достық армиялары арасындағы армиялық қоян-қолтық ұрыс чемпионаты мен Қазақстан Қорғаныс министрінің кубогы үшін қоян-қолтық ұрыстан өткен республикалық турнирдің қорытындысы шығарылды. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 180-нен астам спортшы қатысқан жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті. Қорғаныс министрінің кубогы үшін Қазақстан күштік құрылымдарының 16 құрама командасы күш сынасты.
Спорт • 13 Желтоқсан, 2023
Отандас хоккейші АҚШ-та рекорд орнатты
Отандасымыз Бексұлтан Мақыш Бостон хоккей академиясының U15 командасында 100 ұпайды (55 гол + 45 ассист) ең жылдам (44 ойын) жинаған хоккейші атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Sportqazaq Telegram арнасына сілтеме жасап.
Білім • 13 Желтоқсан, 2023
Ел мектептерінде заманауи пәндік кабинеттер жабдықталып жатыр
Биыл химия, физика, биология, STEM және робототехникаға арналған 1000 заманауи мектеп кабинеттерін ашу жоспарланып отыр. Бұл оқушылардың сапалы білім алуына ықпал етеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Спорт • 13 Желтоқсан, 2023
Биыл балалар спортын дамытуға 43,2 млрд теңге бөлінді
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев туризм мен спортты дамыту саласында қабылдаған шаралар, келесі жылға жүктелген міндеттер турасында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2023
Ақтөбеде ым-ишарамен «көмектес» деп белгі берген жігітті полиция құтқарып қалды
Ақтөбеде тәртіп сақшысы көмекке мұқтаж екенін ишарамен білдірген жігітті қылмыскерлерден құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 13 Желтоқсан, 2023
Президент Солтүстік Қазақстан облысы әкіміне бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовті қабылдады. Президентке облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді, өңірдің шаруалары қиындықтарға қарамастан 3,7 миллион тонна астық жинағаны жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2023
Балықшылар ескере бермейтін жайт. Мұз үстіне қалай қауіпсіз шығуға болады?
Балық аулауды кәсіпке айналдырғандар үшін ауа райының қай мінезі де тосқауыл емес. Десе де қыстыгүні көлдің басына қос тігіп, сүйменмен ойық ойып балық аулайтындар жазатайым оқиғалардың алдын алғаны дұрыс. Осы ретте ШҚО ТЖД құтқарушылары мұз үстінде профилактикалық рейд жүргізіп, балықшыларға мұз бетіне қалай қауіпсіз шығу керектігін егжей-тегжейлі түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 13 Желтоқсан, 2023
Ілияс Жансүгіровтің бұрын-соңды ешкімнің қолына түспеген кітабы табылды
Алматы қаласының тұрғыны, кинорежиссер Ербол Бораншаұлының жеке кітапханасынан Ілияс Жансүгіровтің төте жазумен жазылған «Өтірік» атты өлеңдер жинағы табылған. 1927 жылы Мәскеу баспасынан шыққан кітап Ілияс Жансүгіров атындағы облыстық әдеби мұражайға өткізілген. Сүйінші хабарды мұражай меңгерушісі Нұргүл Жауынбаева І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Жансүгіров оқулары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясында мәлім қылды. Айтуынша, бұл – бұрын-соңды ешкімнің қолына түспеген түпнұсқа кітап, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2023
Қазақстанда жас ғалымдарға арналған баспана бағдарламасы іске қосылды
Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банкі» АҚ бірлесіп ғалымдарға қолжетімді шарттармен баспана алудың жаңа бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 13 Желтоқсан, 2023
Астанада екінші ауысымның оқушылары сабақты онлайн оқиды
Аяздың күшеюіне байланысты 13 желтоқсан күні 2-ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 13 Желтоқсан, 2023
Қанша градус аязда сабақ тоқтатылуы керек?
Қылышын сүйретіп қыс жеткенде күн райының қандай боларын болжап білу мүмкін емес. Ауа температурасы аязды болып, қыс қысқанда үлкендердің өзі сыртқа шығуға тайсақтап тұрады. Сол себепті қысы қатты өңірлерде сабақтар жиі тоқтатылып жатады. Мектеп оқушылары мен колледж студенттері қанша градус аязда оқу орнына бармаса болады? Бүгін мектепке, колледжге барудың қажеті бар ма, жоқ па деп күн сайын көңілінде күдік ұялайтындар үшін сауалдың ресми реттелген тәртіптік жүйесіне түсінік береміз.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2023
Алматы облысында жоғалып кеткен шопандар табылды
Алматы облысының Жамбыл ауданында қой бағып жүрген екі шопан жоғалып кеткен. Оларды Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары іздеп тапты. Екеуі де дін аман, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Желтоқсан, 2023
Алматыда бір түнде 33 жол апаты болған
Бұл туралы Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Серік Шумаев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2023
Танымал әншілер колонияда концерт берді
Қазақ эстрадасының әйгілі әншілері Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №12 мекемесінде концерт беріп, сотталғандарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Елорда • 12 Желтоқсан, 2023
Астанада Қазақстанның үздік тауарлары анықталды
Бүгін елордада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық-көрме байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқауда «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша жүлделер берілді. Енді байқау лауреаттары мен дипломанттары байқаудың эмблемасын төрт жыл бойы жарнамалық мақсатта пайдалану құқығын алады, деп хабарлайды Egemen.kz.