Ел
Кәсіпқой бокс • 21 Желтоқсан, 2021
Майрис Бриедис «Канелоны» жекпе-жекке шақырды
IBF тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, латвиялық былғары қолғап шебері Майрис Бриедис екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альваресті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Желтоқсан, 2021
Елорданы газдандыру жұмыстары неге баяу жүріп жатыр?
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесінің отырысында елорданы газдандыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тәуелсіздік • 21 Желтоқсан, 2021
Елбасы саясатының арқасында елімізде этносаралық қақтығыстар болмады
Бүгінде ата-бабаларымыз арман еткен Тәуелсіздіктің 30 жылдық асқар белесін бағындырдық. Мұндай ұлы мейрамды атап өту – біз үшін зор мақтаныш және үлкен мәртебе.
Жекпе-жек • 21 Желтоқсан, 2021
UFC-дің бұрынғы жауынгері бес адамға қол жұмсаған
Лас-Вегас полициясының өкілі Ларри Хэдфилд UFC-дің бұрынғы жауынгері Чейл Сонненнің қонақ үй маңындағы ұрыс-керіс кезінде бес адамды ұрып-соққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Желтоқсан, 2021
Биыл елордада қараусыз қалған 158 нысан анықталды
Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласында иесіз, қараусыз қалған 158 нысан анықталып, олар коммуналдық меншік ретінде қайта қабылданды. Бұл туралы қалалық активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ерсін Өтебаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Желтоқсан, 2021
Осы аптада Нұр-Сұлтанда өтетін мәдени шаралар тізімі жарияланды
Елорданың мәдениет мекемелерінде қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақыттарын көңілді, мағыналы өткізу үшін жаңа жыл алдындағы бағдарлама әзірленуде. Осы аптада театрлар, мұражайлар, шығармашылық ұжымдар қойылымдар, шоулар, көрмелер, концерттер дайындап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Желтоқсан, 2021
Елорданың бірнеше мектебіне тұлғалар есімі беріледі
Нұр-Сұлтандағы бірнеше мектепке белгілі қайраткерлердің есімін беру жоспарлануда. Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2021
Қазақстанда 643 шетел азаматы басшылық қызметтер атқарады
2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 15 527 шетел азаматы еңбек етуде, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тарих • 21 Желтоқсан, 2021
«Желтоқсан –1986 – Декабрь» жинағы таныстырылды
Алматыда Ұлттық кітапханада «Желтоқсан –1986 – Декабрь» құжаттық хроникалар жинағының таныстырылымы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Егемен Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2021
«Egemen Qazaqstan» мен «Беларусь сегодня» газеттері әріптестік орнатты
20 желтоқсанда «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ мен Беларусь Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Беларусь сегодня» баспасы арасында ақпарат алмасу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 20 Желтоқсан, 2021
Нұр-Сұлтанда қысқы демалысты қалай өткізуге болады?
Елорда көшелері жаңа жылдың басты атрибуттары – шыршалар, сыйлықтар, жаңа жылдық ойыншықтар және гирляндалармен безендірілді. Қаланың түрлі жерлерінде тұрғындардың белсенді қысқы демалысын түрлендіретін сырғанақтар мен мұз айдындары пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Білім • 20 Желтоқсан, 2021
Қазақстандағы шетелдік студенттердің саны 30 мыңға жетті
Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитын шетелдік студенттер саны 30 мыңға жетті. Көбінесе АҚШ, Африка, Ресей, сондай-ақ Таяу Шығыс елдерінен келген студенттер санының өсуі байқалады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 20 Желтоқсан, 2021
Мемлекет басшысы елорда әкіміне бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Кәсіпқой бокс • 20 Желтоқсан, 2021
«Канело» мен Бетерибиев жекпе-жегіне қатысты болжам жасалды
Жартылай ауыр салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген ресейлік боксшы Артур Бетербиев кезекті жекпе-жегінде америкалық Маркус Браунды нокаутпен жеңгеннен кейін мамандар мен боксшылар «Канело» - Бетербиев арасындағы шайқасты көргісі келетіндерін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Желтоқсан, 2021
Ван И: Тайвань – Қытайға қарсы қолданатын қару емес
Қытай елінің сыртқы істер министрі Ван И Тайвань бұғазы өзге елдердің Қытайға қарсы қолданатын қаруы болмайтынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 20 Желтоқсан, 2021
Елордада бас шыршаның шамы жағылды
Елордада «Нұр Әлем» сферасының алдындағы алаңда еліміздің жаңа жылдық бас шыршасының шамын жағу рәсімі өтті. 25 метрлік шырша қала тұрғындары мен қонақтарының қуанышына айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 20 Желтоқсан, 2021
Айдан айдың айырмасы жоқ, әлбетте. Әйтсе де, алты Алаш үшін ардақты, қазақ үшін қастерлі де қымбатты бір ай бар, ол – желтоқсан! Терең тарихымызды тұтас тергемей-ақ, тек соңғы тоқсан жылдың төңірегінде ой қорытсақ, желтоқсан ерліктің, еркіндіктің һәм елдіктің айы екеніне көз жеткіземіз!
Президент • 19 Желтоқсан, 2021
Тәуелсіздік күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау хаттары келіп түсіп жатыр
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2021
Тәуелсіздік күні туған сәбилерге baby-бокстар сыйға тартылды
Қазақстанда 16-17 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесі күндері дүниеге келген 2 мыңнан астам сәбиге baby-бокстар сыйға тартылды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Желтоқсан, 2021
Елорда тұрғыны 2,2 млн теңгесінен айырылып қалды
Нұр-Сұлтанда алаяқ «ипотека рәсімдеп беремін» деген желеумен елорда тұрғынын алдап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фотогалерея • 17 Желтоқсан, 2021
Алматыда «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, оның орынбасарлары, аудан әкімдері, қоғам қайраткерлері, желтоқсан және жастар ұйымдарының өкілдері 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Желтоқсан, 2021
Президент: Желтоқсан қаһармандары – Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туиттердегі парақшасында осыдан 35 жыл бұрын Кеңес одағының өктемдігіне қарсы шыққан қазақ жастары жайлы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Желтоқсан, 2021
Мемлекет басшысының атына шет ел Президенттерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары мен жеделхаттар келіп түсуде, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Тәуелсіздік • 16 Желтоқсан, 2021
Алматылықтар «Тәуелсіздік» монументіне тағзым етті
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Тәуелсіздік • 16 Желтоқсан, 2021
Мәулен Әшімбаев: Тәуелсіздіктен артық құндылық, одан асқан байлық жоқ
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев фейсбуктегі парақшасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Тәуелсіздік • 16 Желтоқсан, 2021
Асқар Мамин қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер • 16 Желтоқсан, 2021
Геральдика – халықты біріктіруші фактор
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жасампаздық желі ескен мына сөздерін тағы бір еске түсірейікші: «Әрқашан мемлекет туы жауға аттанған ерлердің қолында асқақ желбіреп бара жатады. Жеңімпаздар сол туды тізе бүккен дұшпан жеріне қадайды. Біз бір кездері құрамында болған Кеңес Одағының туы Рейхстагқа тігілгенін білеміз. Біздің ата-бабаларымыз да бір тудың астында жеңіске жетіп, Ұлы даланы сақтап қалды. Біз – солардың бүгінгі мирасқор жалғастырушыларымыз. Бір тудың астында Ұлы дала төсінде жеңіспен қарыштап қадам басып келеміз. Осы уақыт ішінде Қазақстанды бір ту астындағы біртұтас халық ете алдық. Біздің ту жолақ емес, бір түсті. Мұны бірліктің символы ретінде мен ұсындым. Ұлы дала көгінде алтын күн жарқырайды, бұл – ата-бабаларымыздың ақыл-ойының жемісі. Қыранның біздің даланы шарлап жүргені – халқымыздың биік рухы мен ұлы болашаққа бағыт алғанының белгісі».
Тәуелсіздік • 15 Желтоқсан, 2021
Желтоқсан – ұлтымыздың ар-намысы
1986 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің көркемсурет-графика факультетінің екінші курсында оқып жүрдім. Желтоқсан айының 17-сі күні, түске жақын сабақтан шыққан соң К.Маркс (қазіргі Д.А.Қонаев) және Совет (қазіргі Қазыбек би) көшесінің қиылысында орналасқан №2 жатақхана маңында жиналып тұрғанбыз. Сонда жігіттер 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумы болып, онда Д.А.Қонаевтың орынына Г.В.Колбиннің ҚКОК бірінші хатшысы болып сайланғаны туралы және қазақ жастарының наразылық шеруіне шыққандары туралы айтты. Осы кезде Совет көшесіндегі институттың бас ғимараты жағынан «бізге қосылыңдар!» - деген дауыстар естілді. Олар шеруші жастар екен, біз соларға қосылдық. Шеруші жастардың қолдарында «Лениндік ұлт саясаты жасасын!», «Әр республикаға өз елінің басшысы!» - деген т.б. көптеген ұрандар бар екен. Шеруші жастар жайбарақат, көңілді, ешқандай бұзақылық іс-әрекетсіз, алаңға жеткенше «Менің Қазақстаным» әнін шырқап, көтеріңкі көңіл күйде алаңға беттедік. Жол бойы біраз адам қосылып, шеруші жастардың саны әжептәуір көбейе түсті.
Елбасы • 15 Желтоқсан, 2021
Елбасының тағы бір ерлігі туралы
1991 жылы Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеп жүріп Таулы Қарабақтағы «ыстық нүктеге» тап болған, ол аздай армян жасағының тұтқынына түсіп, ауыр азап шеккен Бауыржан Досқалиевтің тағдыры біздің газет оқырмандарына таныс шығар. Осыдан бір жыл бұрын жарық көрген «Қап тауындағы тұтқын» (https://egemen.kz/article/256777-qap-tauyndaghy-tutqyn) атты мақаламыз әзербайжан елінің ақпарат құралдарына да жарияланып, екі елге қатар танылған еді. Сол батыр Бауыржан жақында тағы хабарласты. «Біз, «Таулы Қарабақ ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің 100-ге тарта мүшесі, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа «Қарабақ соғысының ардагері» деген атақ беруді және тиісінше мемлекеттік марапатқа ұсынуды сұраймыз!» дейді бірлестік төрағасы.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2021
Елбасының ескірмейтін естелігі
Тәу етер тәуелсіздігімізді тұғырға қондырып, тұрақты Қазақстанның кепілі болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халық үшін жасаған ерен еңбектерін қанша жазсақ та, айтсақ та артық етпес. Сол себепті Елбасына қатысты кез келген дерек, пайымды пікір, оймақты ой дәріптелуі де маңызды.