ек
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2023
Көкшетау әкімдігі Жаңа жылды тойлауға 45 млн теңге бөлген
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Жаңа жыл мерекесіне орай қаланы безендіру үшін «Көкше тазалық» ЖШС мердігер ұйымымен 45 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу шарты жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2023
2024 жылы қанша күн демалыс болатыны белгілі болды
2024 жылы Қазақстан халқы 249 күн жұмыс істесе, 117 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағзым • 23 Желтоқсан, 2023
Үш майдангердің сүйегі елге жеткізілді
Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан үш жауынгердің сүйектері арнайы авиабортпен Астанаға әкелінді. Қарсы алу рәсімі ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Орталық әскери оркестр музыканттары, Ту тобы және Құрмет қарауыл ротасы әскери қызметшілерінің қатысуымен өтті. Аталған рәсімге Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен ардагерлері, «Атамның аманаты» ҚБ, Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің өкілдері, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері мен қаза тапқандардың туыстары қатысты. Іс-шараға Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстары әкімдіктерінің, қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің өкілдері бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 22 Желтоқсан, 2023
Астанада тағы бір мектеп ашылды
Астанада Б.Момышұлы атындағы мектеп-лицейінің жанынан жаңа ғимарат ашылды. Ашылу салтанатына қамқоршылық кеңестің өкілдері, педагогтер, ата-аналар мен мектеп оқушылары қатысты. Қабылданған шаралардың арқасында мектепке түсетін артық жектеме азайып, білім мекемесінің үш ауысымды проблемасы шешілді, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
«Жасанды интеллект»: Қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі даму мәселесі талқыланды
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жұмысымен танысты. Осы күнге дейін 170 мыңға жуық қолданушы «Тіл құрал» (5 деңгейлі жүйе) мен «Бала тілі» (9 жасқа дейінгі балаларға арналған) секілді тілдік онлайн платформалар арқылы оқыған. 400 мыңға жуық термин топтастырылған «Termincom.kz» платформасы да таныстырылды. Аталған портал терминдерді жүйелеу базасы міндетін атқарады. Бұл жұмысқа тиісті салалық мамандар тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 22 Желтоқсан, 2023
Астанаға көшуге шектеу қойыла ма? Әкім жауап берді
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек орталық крммуникациялар қызметінде елорданың әлеуметтік, экономикалық, демографиялық өсуіне қатысты БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 22 Желтоқсан, 2023
Астанадағы LRT құрылысы қашан аяқталады?
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде елордадағы LRT құрылысы қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
«Мені жарынан айырылған әйелдер ғана түсінеді». Қыз Жібек Төлегенін сағынатынын айтты
Актриса Меруерт Өтекешова Ақжайық телеарнасына берген сұхбатында марқұм жары, актер Құман Тастанбековті еске алды, деп хабарлайды Egemen.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап қандай төлемдер өседі, не өзгереді?
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 7 пайызға, яғни, 3450 теңгеден 3692 теңгеге өседі. Осыған байланысты әлеуметтік жәрдемақылар мен бюджетке төленетін салық, айыппұл мөлшері де артады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 21 Желтоқсан, 2023
Қысқы каникулда оқушылар қанша күн демалады?
Ел мектептерінде 29 желтоқсан күні ІІ тоқсан аяқталады. Осыған орай Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың қысқы демалыста қанша күн демалатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Желтоқсан, 2023
Бокстан әлем чемпионы «Жыл спортшысы» атанды
Елордада дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Астана» спорт форумы өтті. Форум аясында жылдың үздік спортшылары анықталды, деп жазады Egemen.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сенат • 21 Желтоқсан, 2023
Саусақ ізін тапсыру ерікті бола ма? Сенат заң қабылдады
Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 21 Желтоқсан, 2023
Спорттағы сыбайлас жемқорлық әрекеттері тексеріледі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі спорт саласында жемқорлық әрекеттердің бар-жоғын анықтап, талдау жүргізеді. Антикор Туризм және спорт министрлігін тексеруді бастайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2023
Белгілі меценат Дулат Тастекей қазақ тілін қолдауға 100 млн теңге аударады
Белгілі меценат, кәсіпкер Дулат Тастекей қазақ тілін қолдауға арналған QAZAQ TILI Endowment Qory эндаумент-қорына 100 миллион теңге аударады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2023
Қыста автокөлік әйнегін артық шығынсыз мұздан тазартудың ең оңай 5 тәсілі
Автокөліктің алдыңғы әйнегі ауа райының барлық «тосын сыйларын» алғаш болып қарсы алатын жабдық. Жазда шаң-тозаң жиналса, қыста мұз қатады. Біздің елдің климаттық жағдайында қыста алдыңғы әйнектерді жиі мұз «жаулап» жатады. Автокөлік әйнегіндегі мұндай жағдай сырттағы және машина ішіндегі температураның сай келмеуінен туындайды.
Президент • 19 Желтоқсан, 2023
Президент БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады. Кездесуде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023
Қаңтарда ел азаматтары қанша күн демалады?
2024 жылдың қаңтар айында Қазақстан халқы 21 күн жұмыс істеп, 10 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2023
Бір жылда 165 мектеп пайдалануға берілді – Үкімет
Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі білім беру саласын нығайту жөніндегі бірқатар маңызды бастамалары іске асырылып келеді. Биыл елімізде 137 мың оқушыға арналған 165 мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 18 Желтоқсан, 2023
Тиімді әріптестікті нығайту ТМД елдерінің басты бағыты – Премьер-министр
Премьер-министр Әлихан Смайылов Мәскеуде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысында сөз сөйледі. Үкімет басшысы Қазақстан интеграциялық байланыстарды тереңдету және оны жаңа практикалық мазмұнмен толықтыру үшін ТМД алаңында одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 18 Желтоқсан, 2023
Шавкат Рахмоновтың UFC рейтингіндегі көрсеткіші белгілі болды
ММА шебері Шавкат Рахмонов әлемдегі ең беделді промоутерлік ұйым UFC-дің көшін бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді және Қатар халқын ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қысқы спорт • 17 Желтоқсан, 2023
Денис Никиша әлем кубогінде қола қанжығалады
Қазақстан құрамасының қоржынына әлем кубогінде шорт-тректен алғашқы медаль түсті. Аталған сында шорт-трекші Денис Никиша үздік үштіктен табылды, деп жазады Egemen.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2023
Қарлы асуда адамдарды құтқарды. Көрші елдің азаматтарына құрмет көрсетілді
Жамбылдық құтқарушылар Қордай ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетіп, күш қосу үшін Қырғызстан Республикасынан келген әріптестерін шығарып салды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 15 Желтоқсан, 2023
Асланбек Шымбергенов нокаутқа түсіп қалды
Бүгін Beeline Arena-да өтіп жатқан бокс кешінде отандасымыз Асланбек Шымбергенов мексикалық қарсыласына есе жіберді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2023
«9 қабаттан құлай жаздады». Учаскелік инспектор бірнеше баланы ажалдан құтқарып қалған
Астанада үздік учаскелік инспектор анықталды. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2023
«Есімі - Тәуелсіздік»: Жетісу облысында аты ерекше бала тұрады
Жетісу облысында Тәуелсіздік есімді бала тұрады. Осындай ерекше атты иеленген ол Панфилов ауданы Көктал ауылындағы Абай атындағы орта мектептің 7 сыныбында оқиды, қазір 12 жаста, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Желтоқсан, 2023
Қазақстан жасанды интеллект саласында озық болуы керек - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы №96 мектеп-гимназияны аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Оқиға • 15 Желтоқсан, 2023
Алматы облысында жанармай құю бекетінде ірі өрт шықты
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында жанармай құю бекеттерінің бірінде ірі өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 15 Желтоқсан, 2023
Бірнеше баланы құтқарып қалған учаскелік инспектор үздік атанды
Астанада үздік учаскелік инспектор анықталды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.