Ауыл
Аймақтар • 27 Сәуір, 2021
Қосшы ауылына қала мәртебесі берілуі мүмкін
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қосшы ауылын облыстық маңызы бар қала санатына жатқызу туралы жарлығы ашық талқыға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Сәуір, 2021
Nur Otan ауыл шаруашылығының дамуын бақылауға алды
Жайылымдық жерлердің, ауыл шаруашылығына қажет судың жетіспеушілігі, маман тапшылығы, тұқымдардың қымбаттығы мен тозығы жеткен техника. Ауыл шаруашылығы саласындағы осы және өзге де шешімін таппаған түйіткілді мәселелер «Nur Otan» партиясының Аграрлық секторды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысында талқыланды. Осы жиында жаңа кеңестің құрамы бекітіліп, алдағы жылға арналған жұмыс жоспары да айқындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Сәуір, 2021
2024 жылға дейін 19 құс фабрикасы салынады
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауылдық жерлерде өмір сүру деңгейін арттыру мәселелері қаралды. Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров қазіргі таңда министрлік Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын әзірлеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Сәуір, 2021
Биыл 480 ауылды дамытуға 105 млрд теңге бағытталады – ҰЭМ
Бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ауылдық аумақты дамыту және «Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыру туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Сәуір, 2021
3,5 мың ауыл 100% сапалы ауыз сумен қамтылады
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауылдық жерлерде тұрмыс деңгейін арттыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Сәуір, 2021
Ауылдарға кең жолақты интернет тартылады
– «Қой кезек-2021» деген тобымыз бар «уатсапта». Үйді-үйді аралап бөтен қой іздемейміз, топқа жаза саламыз. Интернет деген қолымызды ұзартып, көзімізді ашты, – дейді Ізғұтты Айтықов ауылының тұрғыны Жанимхан Өмірбек. Ұлан ауданына қарасты бұл ауыл Өскеменнен қырық-ақ шақырым жерде жатқанымен, осы уақытқа дейін интернетті қойып, ұялы байланысы болмаған.
ANTIKOR • 14 Сәуір, 2021
Антикор қалалар мен елді мекендердегі түйткілді мәселелерді шешуде
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Д.Малахов Тобыл қаласы мен Алтынсарин ауданын аралау барысында жергіліеті азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 13 Сәуір, 2021
Ауыл тұрғындарын баспанамен қамтуға арналған бағдарлама қажет – Сенат депутаты
Сенатта «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын жетілдіру және оларды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Дәурен Әділбеков жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Батыс Қазақстандағы Бөрлі ауылында карантин шаралары күшейтілді
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Аягөз Хайруллинаның 10 сәуірдегі қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz облықтың әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2021
Ауылда әрине клубтың болғаны жақсы. Руханият орталығы, елді мекендердегі бірден-бір мәдениет ошағы саналатын клубтың қадірін, пайдасын аға буын мен орта буын жақсы білер. Алдымен экономикаға басым көңіл бөлінген, клубтың тіршілігін кітапханасы сақтап қалған кезеңдегі жастар ше? Көркемөнерпаздар үйірмесі жоқ, әртістеріңіз ауылды айналып өтетін, кино көрсетпейтін клуб қызметінің мән-маңызы мен қоғам өміріндегі рөлін жастар қалай бағалайды?!
Аймақтар • 06 Сәуір, 2021
Маңғыстауда екі күннен бері құмды дауыл басылмай тұр
Маңғыстау облысында екі күннен бері қатты жел мен құмды дауыл басылмай тұр. Жүргізушілер қолайсыз ауа райын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 05 Сәуір, 2021
Интернеттің игілігін көре алмай отырған ауылдар
Түркістан облысындағы 264 ауылдың 74-і жоғары жылдамдықты ғаламтор желісіне қосылмаған. Осы мәселені түбегейлі шешу мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 3 кезеңнен тұратын жоба қолға алынып отыр.
Қазақстан • 02 Сәуір, 2021
Ауыл шаруашылығы министрлігі депутаттың сынына жауап берді
Ирина Смирнованың жолдаған депутаттық сауалында бірқатар түсінбеушілік бар, деді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов.
Қоғам • 01 Сәуір, 2021
Алматы облысының тұрғындары суды несиеге алып ішіп отыр
Осыдан бес жыл бұрын Алматы облысының төрт ауылына Ұлттық қор есебінен су құбыры жүргізілген. Жобаның құны – 1 млрд 200 млн теңге. Оның 178 миллионы Ақжазық ауылына арналған. Тек тегін емес, несиеге. Борышты бұған дейін жергілікті сумен жабдықтау ұйымы төлеп келген. Бірақ ол қарызға батқаннан кейін қарыз тұрғындарға жүктелген. Сондықтан да тарифті көтеруді ұсынған, деп хабарлайы Egemen.kz Еуразия бірінші телеарнасына сілтеме жасап.
Қазақстан • 30 Наурыз, 2021
Ауылдағы азаматтардың бастамаларын қолдауға 60 шағын грант бөлінеді
Бүгін, онлайн-форматта «Ауылда азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы туралы брифинг өтті. Жоба "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" мен ҚР АҚДМ қолдауымен жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 25 Наурыз, 2021
Ауыл шаруашылығына қанша гектар жер қайтарылмақшы?
Бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жұмыстары жайында баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 17 Наурыз, 2021
Атырауда шаңды дауыл басылмай тұр
Кеше Атырауда қатты соққан желдің екпіні секундына 20 метрге жетіп, шаңды дауылды көтерген еді. Шаңды дауыл бүгін де басылған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 16 Наурыз, 2021
Орталық Азия елдері Ауыл шаруашылығы министрлерінің ІІІ кеңесі өтті
БҰҰ Азық-түлік жүйелері жөніндегі саммитіне дайындық аясында өткен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрлігі басшыларының бейнеконференциясы агроөнеркәсіп кешеніне инновациялар енгізу мәселесіне арналды, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 02 Наурыз, 2021
Алексей Цой ауылдағы дәрігерлер тапшылығын қалай шешуге болатынын айтты
Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әлеуметтік қолдауды дұрыс ұйымдастырған жағдайда ауылдардағы дәрігер тапшылығын қалай шешуге болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 25 Ақпан, 2021
Президент: Ауылда тұратын әрбір адамның пікірі ескерілуі керек
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында өзін-өзі басқару тәжірибесін дамыту және жергілікті деңгейдегі сайлау институтын нығайту жайында сөз етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2021
Сервистік әкімдік ауылдарға да жетті
Алға ауданы Бестамақ ауылдық округінде «Сервистік әкімдіктің» ашылуы өтті. Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов, аудан басшысы Мамырғали Аққағазов, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Бауыржан Балғабеков пен «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы қоғам белсенділері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2021
Дауыл салдарынан Тараз қаласындағы бірқатар нысанға зақым келген
Жамбыл облысында ұйтқып соққан дауылды желдің салдарынан бірқатар нысандарға зақым келді. Тараз қаласы бойынша Абай, Жамбыл даңғылдары мен Қазыбек би, Қ.Сәтбаев, Көшеней көшелеріндегі және 15-ықшамаудандағы 10 көпқабатты тұрғын үйдің 1405 шаршы метр шатыры зақымдалған. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, шатырларды қалпына келтіру жұмыстары мердігерлер тарапынан жедел іске асырылатын болады. Сондай-ақ, 15-ықшамауданы №14 үйдің 20 шаршы метр балконы және 3 метр газ құбырына залал келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2021
Қостанай облысының Амангелді ауданына қарасты Үрпек ауылында тұратын зейнеткер Орынкүл Жұмаділдәқызы үйдің күнделікті күйбең тіршілігінен қолы қалт еткенде өзен жағалап, бір уақыт балық аулап қайтқанды әдетке айналдырған. Биыл 75 жасқа келген зейнеткер немерелері балық сұраса, қыстың қақаған аязына да қарамайды. Мұз оятын бұрғысын, шелегі мен қармағын қолына алып ауыл іргесіндегі өзенге қарай тартып отырады. Торғайдың қалыңдығы бір метр мұзын оп-оңай бұрғылап ойық жасап алып, қармақ салуға кіріседі.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2021
Баянауыл ұлттық саябағында сілеусін көзге түсті
Әлеуметтік желілерде Баянауыл ұлттық саябағында жүрген сілеусіннің видеосы таралған еді, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 16 Ақпан, 2021
Қаңтарда қазақстандық шаруалар 170 млрд теңгенің өнімін өндірді
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында 2021 жылдың қаңтар айындағы агроөнеркәсіп кешенінің даму динамикасы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 16 Ақпан, 2021
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 75,2%-ға ұлғайды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2021 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды. Еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі жағдай туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндады.
Қоғам • 15 Ақпан, 2021
Анасына әдепсіздік танытқан ұлға айыппұл салынды
Успен ауылының тұрғыны ұлының әдепсіздігіне шағымданды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 15 Ақпан, 2021
Құрғақшылықтан сақтандыратын құрылым
Еліміздің шаруалары егіс алқаптарын құрғақшылықтан сақтандыра алады. Оны үйден шықпай-ақ интернет арқылы жасауға мүмкіндік бар. Бұл үшін электронды цифрлы қолтаңба арқылы Qoldau.kz порталына кірсе болғаны. Сақтандыру құнының жартысын мемлекет төлейді.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2021
Ауылда ауызсу тапшылығы азаяды
Қостанай облысында ауылдық елді мекендердің 36,1%-ы ғана ауызсумен қамтылған. Облыс орталығынан шалғай жатқан ауылдардың көбі әлі күнге дейін кеңес заманында қазылған құдықтардың суын пайдаланып келеді.
Қазақстан • 11 Ақпан, 2021
Мемлекеттік қызметшілер «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатыса алады
«Дипломмен ауылға» бағдарламасына енді мемлекеттік қызметшілер де қатыса алады. Бұл туралы Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Нұржұма Ғұмарова мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.