Қостанай
Аймақтар • 01 Шілде, 2020
Қостанай облысында орман өрті сөндіріліп жатыр
Қарабалық ауданында Талды ауылының маңындағы орманды алқап өртенді. Қызыл жалын 13,3 га құрғақ шөп пен 3,6 га орман ағашын шарпыған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Маусым, 2020
Қостанай облысында шектеу шаралары ұзартылды
Бүгін облыстың бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Юрий Севостьянов аймақта шектеу шараларын ұзарту жөніндегі қаулыға қол қойды. Қаулы бойынша бұған дейін қабылданған шектеу шаралары ұзартылады және 1 шілдеден бастап күшіне енетін мынадай қосымша талаптар енгізілді, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 30 Маусым, 2020
Қостанай облысының 5684 тұрғынына қаржылай қолдау көрсетіледі
30 маусымнан бастап Қостанай облысының 11 ауданында тұратын мұқтаж жандар үшін 4-транш бойынша төлемдер басталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Birgemiz" қоры бұған дейін Қостанай, Рудный, Арқалық және Лисаков қалалары мен Жітіқара, Қостанай, Меңдіқара Федоров және Алтынсарин аудандарында тұратын 22 мыңға жуық мұқтаж жанға 50 мың теңгеден 3 рет демеуқаржы аударған болатын, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 29 Маусым, 2020
Қостанай облысында әлеуметтік осал топтарды қолдау орталығы ашылды
Қостанайдағы "Үміт-Надежда" қоғамдық бірлестігі пандемия жағдайында әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету орталығын іске қосты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Маусым, 2020
Қостанайда провизорлық емдеу орны жұмыс істей бастады
Қостанай қалалық ауруханасы бүгін түстен кейін суық тиген, тұмау жұқтырған және өкпесі қабынған науқастардан басқа ауруларды қабылдауын тоқтатты. Бұдан былай қалалық аурухана 250 орындық провизорлық стационар қызметін атқаратын болады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Маусым, 2020
Қостанайда Қап тауынан әкелінген 130-дан астам автокөлік тіркелді
Қостанай облысында Армениядан әкелінген 130-дан астам автокөлік тіркелген. Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Андрей Григоревскийдің айтуынша, аймаққа жалпы саны 763 армениялық автокөлік әкелінген, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 25 Маусым, 2020
Ресей азаматына айыппұл салынды
Қостанай облысы аумағында діни мазмұндағы материал таратқан Ресей азаматына айыппұл салынды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
"Қайрақ" бекетінде аса ірі көлемдегі контрабандалық тауар тәркіленді
ҰҚК Шекара қызметі облыстық департаментінің мәліметі бойынша, 23 маусым күні Қостаанй облысындағы "Қайрақ" автокөлік өткізу бекетінде күзетте тұрған шекарашылар Қазақстаннан Ресейге өтіп бара жатқан жүк көлігінен 65 мыңнан астам "HEETS" маркалы электронды темекі тұтатқыштарын тапқан, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 24 Маусым, 2020
Қостанай облысының әкімі коронавирус жұқтырды
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Қостанайда мерекелік онлайн-концерт өтті
Қостанайдағы "Жастар" сарайында өткен мерекелік жиынға бас-аяғы он-шақты адам ғана қатысты. Қалған мемлекеттік қызметшілер шараға онлайн режімде қатысып отырды. Алдымен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысы Асхат Ескендіров байқау жеңімпаздарын құттықтады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Қостанай трактор зауыты жылына 700 тракторға дейін шығарады
Ауыл шаруашылығы техникасы паркінің қазіргі жағдайы ерекше назар аударуды талап етеді. Бүгінде елімізде 153 мың трактор мен 42 мың бірлік комбайн тіркелген. Ауыл шаруашылығындағы жағдайды ескере отырып, қазіргі басты мәселе ішкі өндіріс есебінен ауыл шаруашылығы техникасының қатты тозған паркін жедел жаңарту болып табылады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Қостанайда "Халық алғысы" медалі табысталды
Қостанай облысында коронавирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен 127 адам "Халық алғысы" медаліне лайық деп танылды. Олардың ішінде 40 медицина қызметкері, 25 полицей, 21 әлеуметтік сала қызметкері, 21 ерікті, 8 үкіметтік емес ұйым өкілдері, 6 меценат, 2 мемлекеттік қызметші, 2 журналист және 1 мәдениет саласының өкілі бар, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Қашардағы кен өндірісі екі есе ұлғаяды
Кеніштегі кен аршу жұмыстарына бұған дейін темір жол транспорты пайдаланылып келген. Сарыбай-Соколов тау-кен бірлестігі таяуда өндірісті оңтайландыру мақсатында бұл көлік түрінен бас тартып, кеніш өзегін бойлай тартылған темір жолдардың бірін қалдырмай алып тастады. Жыныс тасымалдау технологиясын өзгерту кеніш жұмысының өнімділігін ұлғайтып, кен өндіру көлемін екі есеге дейін арттырады. Қашар кешеніндегі тиімді жобаны бірлестік басшылығына "Deswik" компаниясының канадалық кеңсесі ұсыныпты, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Қостанай облысы ПД музейінде "Ерлік" бұрышы ашылды
Қостанай облысының полиция департаменті музейінде қызметтік борышын орындау барысында ерлікпен қаза тапқан Дархан Базарбаевқа арналған Ерлік бұрышы ашылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 22 Маусым, 2020
Қостанайдағы облыстық балалар ауруханасында бұған дейін жүйке жүйесі дертіне ешбір операция жасалмайтын. Мұндай дертке душар болған балалар әдетте жолдамамен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы нейрохирургиялық орталықтарға жіберілетін, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Архимед Мұхамбетов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барды
Бұл туралы аймақ басшысы инстаграмм желісіндегі жеке парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Қостанайда ХҚКО жұмыс кестесін өзгертті
Қостанай облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс кестесін уақытша өзгертті. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 18 маусымдағы № 29 бұйрығына сәйкес ХҚКО-лар азаматтарды сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Қостанай облысында полицияны балағаттаған әйел сотталды
Денисов ауданының соты билік өкіліне тіл тигізген әйелге айыппұл салып, 40 сағат қоғамдық жұмыс істеуге мәжбүрлеу туралы үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 18 Маусым, 2020
Қостанайда өрт ішінде қалған сәби құтқарылды
Өрт сөндіру қызметіне Чкалов көшесіндегі № 7-үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабар бүгін таңертең келіп түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер пәтердің қонақ бөлмесіндегі жиһаздың жанып жатқанын анықтайды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Маусым, 2020
Қостанай облысында карантин режімі қайта күшейді
Бүгін коронавирус індетіне қарсы өңірлік жедел штаб отырысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов соңғы күндері аймақтағы эпидемиологиялық аһуалдың асқынып бара жатқанын атап өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Қостанайда 122 ерікті Елбасының Алғыс хатын алды
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов төтенше жағдай кезінде "Biz Birgemiz" республикалық акциясы шеңберінде мұқтаж жандарға белсенді көмек көрсеткен еріктілерді ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хаттарымен марапаттады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Қостанай облысында 26 ауыл әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк пен аймақ экологтарының және "Qostanai - adaldyq alany" жобалық кеңсесі өкілдерінің қатысуымен өткен онлайн-жиында айтылды. Эколог-мамандар облыс аумағындағы рұқсат етілмеген жерлерде 313 қоқыс үйіндісін тапқан. Бұл орындар "Ғарыш Сапары" ҰК АҚ жерсеріктік жүйесі арқылы анықталып отыр. Бүгінге дейін оның 155-і жойылыпты. Қалған 158 қоқыс полигонын жою жергілікті атқарушы органдарға міндеттелген.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Қостанай облысында 105 көшенің атауы өзгерген
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова аймақтың ономастика саласындағы оңтайлы өзгерістер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
"Дипломмен ауылға" бағдарламасы 500-ге жуық жасқа мүмкіндік береді
Биыл Қостанай облысында ауылға жұмысқа орналасқан жас мамандарға 277,8 мың теңге бір реттік жәрдемақы беріледі. Сонымен қатар жастардың үй салып алуына немесе сатып алуына қолдау көрсетіледі. Бұл мақсатта әрбір жас маманға жылдық сыйақысы 0,01% болатын 4 млн 167 мың теңге көлемінде қаржы беру көзделіп отыр. Бұл мәселе облыс әкімі өткізген селекторлық отырыста жан-жақты талқыланды.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Қостанайда Абай әндеріне арналған онлайн-концерт өтті
Қостанайдағы балалар музыка мектебінің өнерпаздары жазғы демалыс күндері мектептен тыс концерттер ұйымдастыруды бірталай жылдан бері дәстүрге айналдырған. Әдетте, мұндай шараларды тамашалауға негізінен мектеп жанынан ашылған лагерлер мен балалар клубына қатысатын балғындар баратын. Ұйымдастырушылар биыл дәстүрлі концертті онлайн түрде өткізуді жөн көріпті. Басты тақырып – Абай әндері, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Қостанай облысында зейнеткерлерді алдап ақша тауып келген алаяқтар ұсталды
Рудный қаласында ақпан айынан бері 10 шақты зейнеткерді алдап, заңсыз пайда тауып келген 4 алаяқ ұсталды. Қарағанды қаласынан келген 1 әйел және 3 ер адамнан тұратын қылмыстық топ қаладағы қарт кісілердің 5 млн теңгеден астам ақшасын қолды еткен, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Тұрғындар полицияға 36 қару тапсырды
Қостанай облысында өткен "Қару" жедел алдын алу шарасы барысында лицензиялық рұқсат ережесін бұзғаны үшін 45 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Маусымның сегізінде басталған іс-шара қылмыстың алдын алу мақсатында жүріп жатыр, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Қостанай облысында 70 елді мекенге ауызсу көлікпен тасымалданады
Биыл аймақта 29 ауылды сапалы ауызсумен қамту көзделіп отыр. Сондай-ақ 5 қалада ескірген су және кәріз құбырлары жөндеуден өтеді. Бұл туралы "Қостанай су" МКМ-не барған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Білім басқармасына қарасты мекеме басшысы пара бергені үшін тергеуге алынды
Қостанай облысының білім басқармасына қарасты "Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы" коммуналдық мекемесінің басшысы пара берді деген күдікке ілікті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Полиция заңсыз балық аулайтындарға тұсау салмақ
Заңсыз балық аулаушыларға қарсы рейд шарасын табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері жүргізіп жатыр. Арнайы құрылған жұмыс топтары балық уылдырық шашатын жерлер мен ерекше қорғауға алынған табиғи аумақтарды аралап, су қоймалары маңындағы жолдарға шолу қойған, - деп жазады Egemen.kz