Сенат
Парламент • 15 Наурыз, 2021
Сенаторлар автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасын қарайтын болды
Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болды. Онда депутаттар 2021 жылғы 18 наурызда өтетін Сенаттың алдағы отырысының күн тәртібін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 11 Наурыз, 2021
Сенат сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша заңға енгізілген түзетулерді қабылдады
Бүгін Сенат отырысында сот жүйесін жетілдіру және қоғамның соттарға деген сенімін арттыру мәселелері қаралды. Соған сәйкес Парламент депутаттарының бастамасымен сот жүйесін жаңғырту мақсатында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және кейбір заңнамалық актілерге сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 09 Наурыз, 2021
Сот жүйесін жаңғырту бойынша заң жобалары қаралады
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының мүшелері осы жылдың 11 наурызында өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті. Депутаттар батып кеткен кемелерді жою туралы Найроби халықаралық конвенциясын ратификациялау мәселесін қарайды, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 02 Наурыз, 2021
Сенаторлар мемлекеттік органдардың көктемгі су тасқынына дайындығын талқылады
Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Кездесуге қатысушылар Төтенше жағдайлар министрлігі мен жекелеген өңірлердің күштері мен құралдарының көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 26 Ақпан, 2021
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
ҚР Парламенті Сенатында Палата Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровтің төрағалық етуімен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болды. "Ұлттық қауіпсіздік туралы" Заңның көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінің іске асыру барысын талқылау күн тәртібіндегі негізгі мәселе болды.
Қоғам • 25 Ақпан, 2021
Сенатор дендропаркті ғалымдарға қайтару маңызды деп санайды
Еліміздің жетекші аграрлық зерттеу жоғары оқу орындары қолдауды қажет етеді. Бұл туралы сенатор Сұлтан Дүйсембинов еліміздің Премьер-Министрінің атына депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 25 Ақпан, 2021
Сенат Төрағасының орынбасары ЕҚЫҰ ПА сессиясына қатысты
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясы бейне конференция байланысы бойынша өз жұмысын бастады. Оған Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров бастаған ҚР Парламентінің делегациясы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 24 Ақпан, 2021
26 ақпанда Үкімет отырысы өтеді
26 ақпанда Сенатта Палата Төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіровтың төрағалық етуімен «Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясатын заңнамалық реттеу: жай-күйі, проблемалары және шешу жолдары» тақырыбы бойынша Үкімет сағаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Театр • 22 Ақпан, 2021
Мәулен Әшімбаев: Біз бойымызды да, ойымызды да Абай сөздеріне қарап түзейміз
«Былтыр елімізде Абайдың 175 жылдығы кеңінен аталып өтті. Соның аясында ауқымды жұмыс атқарылды» деп жазды Сенат төрағасы Facebook жеке парақшасында.
Руханият • 18 Ақпан, 2021
Біздің алдымызда тұрған ең негізгі міндет – Тәуелсіздікті нығайту. Ол үшін ұлттың тарихи санасын жаңғырту аса маңызды. Бұл туралы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 18 Ақпан, 2021
Сенат уран өндіру мәселесі туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды
Жер қойнауын пайдаланушылар уран өндіру зардаптарын жою жоспарын барлық жұмыс басталғанға дейінгі құжаттар топтамасын дайындау сатысында ұсынуға тиіс. Кен орнындағы қордың едәуір өскені анықталған жағдайда, олар өз кірістерінің бір бөлігін сол аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағыттауға міндетті болады. Осы жаңалықтардың бәрі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне уран өндіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында жазылып отыр. Бұл құжат бір топ Парламент депутатының бастамасымен әзірленгенін айта кеткен жөн.
Парламент • 16 Ақпан, 2021
Сенаторлар сотталған адамдарды беру туралы заң жобасын қарады
Бүгін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 15 Ақпан, 2021
Сенаторлар 8 заң жобасын әзірлеуді жоспарлап отыр
Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болды. Онда депутаттар 2021 жылғы 18 ақпанда өтетін Сенаттың алдағы отырысының күн тәртібін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 10 Ақпан, 2021
11 ақпанда Сенаттың кезекті отырысы болады
2021 жылғы 11 ақпанда сағат 10:00-де Сенаттың кезекті отырысы болады, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 09 Ақпан, 2021
Мәулен Әшімбаев: Мұқағали шығармаларын дәріптеудің қашанда маңызы зор
Мұндай пікірді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Instagram әлеуметтік желісінде білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 09 Ақпан, 2021
Сенат Төрағасы Өзбекстан Елшісімен кездесті
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Ақпан, 2021
Мәулен Әшімбаев: Гуманитарлық білім берудің компоненті – жүйелі ойлауды қалыптастыру
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының кезекті отырысын да гуманитар мамандарды даярлау жөнінде өзінің Facebook парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 08 Ақпан, 2021
Сенаторлар дипломатиялық қызмет туралы заң жобасын қарайды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросының отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 02 Ақпан, 2021
Каспий теңізіндегі заңсыз балық аулауға қарсы күрес шаралары талқыланды
Сенат депутаттары Каспий теңізіндегі қызметті реттеуге қатысты заң жобасына түзетулер енгізу мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2021
Батыс Қазақстан облысындағы су тапшылығы қашан ретке келеді?
Сенатор Нариман Төреғалиев еліміздің Премьер-Министріне жолдаған депутаттық сауалында Батыс Қазақстан облысының оңтүстігіндегі 4 ауданының, оның ішінде Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандарының 80 мыңнан астам тұрғыны тап болып отырған өзекті мәселені көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 20 Қаңтар, 2021
21 қаңтарда Сенаттың кезекті отырысы өтеді
2021 жылғы 21 қаңтарда сағат 10:00-де Сенаттың кезекті отырысы болады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 18 Қаңтар, 2021
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 15 Қаңтар, 2021
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Бүгін VII шақырылымдағы Парламенттің 1-сессиясы өз жұмысын бастады. Сессияның ашылуында Мемлекет басшысы жаңартылған депутаттық құрамның алдында тұрған маңызды міндеттерді белгілеп берді. Бұл туралы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook желісінде тоқталып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 07 Қаңтар, 2021
Сенатор жол құрылысының сапасын тексерді
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков Алматы облысының Қарасай ауданына барды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 07 Қаңтар, 2021
Мәулен Әшімбаев Рождество мерекесімен құттықтады
Барша православтық христиандарды Рождество мерекесімен құттықтаймын, деп жазды Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің facebook-тегі парақшасында.
Парламент • 06 Қаңтар, 2021
Ерік Сұлтанов СҚО аудандарын аралады
Сенат депутаты Ерік Сұлтанов Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша, Ақжар және Уәлиханов аудандарында болды. Сапар барысында ол жергілікті құс фабрикасының жұмысшыларымен кездесті және кәсіпорындардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 28 Желтоқсан, 2020
29 желтоқсанда Сенаттың кезекті отырысы болады
2020 жылғы 29 желтоқсанда сағат 10:00-де Сенаттың кезекті отырысы болады, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 24 Желтоқсан, 2020
Бұқаралық спортты дамытуға арналған түзетулер қабылданды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Үкімет • 24 Желтоқсан, 2020
Сенатта кейбір заңнамалық актілерге қол қойылды
Сенаторлар «Техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарап, қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 23 Желтоқсан, 2020
Сенат депутаттары мақта саласын жандандыруды ұсынды
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану туралы және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» заң жобалары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.