и
Ауа райы • 24 Қараша, 2024
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» синоптиктері 24 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қараша, 2024
Ақтөбе облысында жол апаты болып, бір адам қайтыс болды
Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 23 Қараша, 2024
Белгілі «Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
22 және 23 қараша күндері Алматы қаласында белгілі вокалды-аспаптық «Яшлык» ансамблінің 50 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтті.
Волонтер • 23 Қараша, 2024
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті
Алматы қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында волонтерлік ұйымдарының слеті ұйымдастырылды.
Алматы • 23 Қараша, 2024
Алматыда креативті индустрия өкілдерімен кездесу өтті
Алматыдағы Almaty creative орталығында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың креаторлармен кездесуі өтті. Оған режиссерлер мен продюсерлер, суретшілер қатысты.
Қаржы • 23 Қараша, 2024
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік сатып алу туралы ашық диалог
Мемлекеттік сатып алу – жаңашылдықтарды, озық технологиялар мен отандық өндірісті ілгерілетуге ықпал ететін тиімді тетік. Осыған орай ҚР Қаржы министрлігі өңірлерде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдағы негізгі өзгерістерді түсіндіруге арналған бизнес өкілдерімен, мемлекеттік сектормен және азаматтық қоғаммен өкілдерімен кездесулер өткізуді жалғастырып келеді.
Ауа райы • 23 Қараша, 2024
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
23 қарашада еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Шымкент • 23 Қараша, 2024
Шымкенттегі пәтерлердің бірінен қарияның мәйіті табылды
Шымкенттегі пәтерлердің бірінен 78 жастағы қарияның мәйіті табылды. Қайғылы оқиға 15 қараша күні Спорт шағынауданындағы 5-қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 23 Қараша, 2024
Алматыда жасөспірім тауға жалғыз шығып, адасып кеткен
Алматы облысында Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері тауда қалып қойған 2008 жылы туған жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Қараша, 2024
«Бізге дәрігер керек» фильмі – XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің шымылдығын ашады
2024 жылдың 24-30 қарашасы аралығында Алматы мәдениет пен кино өнерінің орталығына айналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қараша, 2024
Алматыда қауіпсіздікке арналған видеосараптаманың жаңа түрлері сыналды
2023 жылы Алматы әкімдігі Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік білім беру және мектепке дейінгі мекемелерде жасанды интеллект алгоритмдері бар қауіпсіздіктің кешенді жүйесін енгізген болатын. Алматының оң тәжірибесін қабылдай отырып, бұл технология еліміздің басқа өңірлерінде де қолданысқа енгізіле бастады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 22 Қараша, 2024
ҚазҰУ-да қолданбалы микробиология зертханасы ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қара шаңырақ ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «Тұрақты болашақ-2024: биотехнология, экология, энергетика» атты халықаралық конференция өтті. Шара аясында Қазақстан-Германия-Қытай серіктестігі негізінде құрылған халықаралық қолданбалы микробиология зертханасының ашылу рәсімі өтті.
Экономика • 22 Қараша, 2024
Экономикалық трансформация: Елде 17 ірі жоба ашылып, 25 мың адамды жұмыспен қамтиды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашу үшін жүйелі күш-жігер қажеттігін айта келіп, Үкімет терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген 17 ірі жобаның тізбесін жасағанын атап өтті.
Туризм • 22 Қараша, 2024
Алматы облысына туристердің келуі рекорд жаңартты
Алматы облысында туристер саны рекордтық көрсеткішке жетті. Осы жылдың алғашқы 10 айында өңірге 1 млн 600 мың қонақ келген, деп хабарлайды, Egemen.kz.
Тағайындау • 22 Қараша, 2024
Туризм және спорт министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
ҚР Туризм және спорт министрлігінің аппарат басшысы қызметіне Роллан Серіков тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қараша, 2024
Олжас Бектенов Аркадий Добкинмен IT саласының дамуын талқылады
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов америкалық ірі технологиялық компаниялардың бірі EPAM Systems директорлар кеңесінің төрағасы, бас директоры әрі президенті Аркадий Добкинмен цифрландыру, IT-білім беру және Қазақстанның технологиялық экожүйесін дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм • 22 Қараша, 2024
Вице-министр: «Жасыл стандарттарды» енгізуді жалғастырамыз
Әзірбайжанның бас қаласы Бакуде СОР29 конференциясы шеңберінде туризмдегі климаттық шараларды кеңейтуге арналған жиын өтті. Кездесу барысында Қазақстан тұрақты туризм саласындағы жетістіктерін және болашақ жоспарларын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Қараша, 2024
Украина мен НАТО шұғыл отырыс өткізеді
Украина — НАТО Кеңесі қараша айында Ресейдің Украинаның әскери-өнеркәсіптік кешенінің нысандарына жаңа баллистикалық зымыранды қолдануына қатысты шұғыл отырыс өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Францияның AFP агенттігіне сілтеме жасап.
Үкімет • 22 Қараша, 2024
Үкіметте өндірісті локализациялаудың келешегі талқыланды
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов осы жылдың қаңтар айында Римде ҚР Президентінің қатысуымен өткен Қазақстан-Италия дөңгелек үстелінің алаңдарында жасалған келісімдер мен меморандумдарды іске асыру мәселелері бойынша энергетика және мұнай-газ химиясы саласындағы жабдықтардың жетекші өндірушілері – италиялық компаниялардың басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 22 Қараша, 2024
11-сынып оқушысы мектепке «жарылғыш зат» қойылғаны туралы хабарлаған
Түркістан облысында полиция жарылғыш зат туралы жалған хабарлама таратқан кәмелетке толмаған баланы тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Қараша, 2024
Қазақстан полицейлері футзалдан халықаралық турнирде топ жарды
Шағын футболдан Нидерландыда өтіп жатқан «World Police Indoor Soccer Tournament» халықаралық турнирінде Қазақстан полицейлері топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 22 Қараша, 2024
Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының жаттықтырушылар штабы Чианг Майда (Таиланд) өтетін Азия чемпионатына қатысатын құрамды жасақтады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Оқиға • 22 Қараша, 2024
Ақтөбе облысында лауазымды тұлға 1,5 млн теңге көлемінде пара алған
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық соты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 22 Қараша, 2024
Үкімет Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты жедел кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Сыртқы істер, Денсаулық сақтау, Көлік, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің басшылығымен Мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сұхбат • 22 Қараша, 2024
Бибігүл Төлегенова: «Бұлбұл» атандырған халқыма разымын!
Қазақ өнерінің паспорты іспетті, әлемді әнімен тамсантып, талай талантты шыңдап шығарған ерекше дарын иесі, аңыз әнші Бибігүл Төлегенова өзінің 95 жасында жеке шығармашылық кешін өткізгені – тарихта есте қалар оқиға, ұмытылмас естелік. Ерен өнер иелерінің басын жинаған өнер кеші «Астана Операның» үлкен сахнасында аншлагпен өтуі – елорданың жоғары мәдениетін, жарқын сәттерін көрсетеді. Кеш алдында қайталанбайтын сәттерді пайдаланып, Бибігүл Ахметқызынан эксклюзив сұхбат алып үлгерген едік.
Президент • 22 Қараша, 2024
Президент Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
Мемлекет басшысы Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты еліміздегі тиісті құрылымдарға шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Спорт • 21 Қараша, 2024
Азия чемпионатына баратын боксшылар белгілі болды
29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Чианг Мэйде (Таиланд) бокстан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2024
Мәдени құндылықтарды қорлағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылды
Қазақстанда материалдық емес мұраны қорғау туралы заң жобасын әзірлеу ұсынылды. Бұл мәселе Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 21 Қараша, 2024
Алматы әуежайы 10 миллионыншы жолаушысына шетелге жолдама берді
Бүгін сағат 14:55-де Алматы халықаралық әуежайы өзінің рекордтық 10 миллионыншы жолаушысын қарсы алды. Бұл – қала үшін тарихи оқиға, деп жазады Egemen.kz.
Дін • 21 Қараша, 2024
Мүфтият энергетикалық сусындарға қатысты пәтуа шығарды
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының пәтуа бөлімі энергетикалық сусындарды ішудің шариғаттағы үкімін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.