ек
Сайлау • 23 Шілде, 2021
Президент сайлауы өтетін күн нақтыланды
Бүгін, 23 шілдеде Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Өзбекстан Республикасы Президентін сайлау науқаны басталды, деп хабарлайды Egemen.kz ӨзА-ға сілтеме жасап.
Аймақтар • 23 Шілде, 2021
Қатты дауыл мектеп шатырын ұшырып кетті
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 22 шілдеде қатты желден Қарабау орта мектебінің шатыры бүлінген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Шілде, 2021
Павлодарда жұмысшыны ток соқты
Павлодар кәсіпорындарының бірінде жұмысшыны ток соқты. Ер адам күйік пен түрлі дене жарақаттарын алған, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Шілде, 2021
Мүгедектердің құқығын қорғайтын заңнамаға өзгерістер енгізіледі
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға кезекті түзетулер қабылдау жоспарлануда. Бұл туралы Egemen.kz Еңбек министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Спорт • 22 Шілде, 2021
Ғалымбек Кенжебаев: Токиода Нұрдәулетовтен үлкен үміт күтеміз
22 шілдеде Токиода бокстан Олимпия ойындарының жеребесі тартылды. Онда қазақстандықтар өз қарсыластарын анықтады. Осыған байланысты Ұлттық олимпиадалық комитеттің ұйымдастыруымен бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев журналистердің сұрағына zoom арқылы жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 22 Шілде, 2021
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды
Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 22 Шілде, 2021
Токио-2020: Қазақстандық таеквондошылардың алғашқы қарсыластары анықталды
Токио Олимпиадасындағы Қазақстандық таеквондошылар Жансель Дениз бен Руслан Жапаровтың алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Президент • 22 Шілде, 2021
Ақмола облысының әкімі Мемлекет басшысына есеп берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевпен өңірді дамытудың өзекті мәселелерін телефон арқылы талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің фейсбуктегі жазбасына сілтеме жасап.
Аймақтар • 22 Шілде, 2021
Қарағандыда 1,5 миллиард теңгеге салынған мектеп жарамсыз болып шықты
Қарағандыда көру қабілеті бұзылған балаларға арналған жаңа мектеп оқушылар мен мұғалімдер үшін қауіпті болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Қазақстан • 22 Шілде, 2021
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан 78 адам қаза тапты
Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 9,3%-ға төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.
Медицина • 21 Шілде, 2021
Елордада екі медициналық мекеменің басшысына ескерту жасалды
Елорда әкімдігінің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы азаматтардың «Салауатты Астана» ЖШС мен «Шипагер» ЖШС жұмысына қатысты шағымдарын ескере отырып, аталған ұйымдарға ескертулер жасады, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Kazpravda.kz сайтында жарияланды.
Әлем • 21 Шілде, 2021
Қазандағы атыс: Қылмыскердің психикалық ауытқуы болған
Медициналық сараптама қорытындысы бойынша Қазан қаласының №175 мектебінде жаппай атыс ұйымдастырған Ильназ Галявиевтің психикалық ауытқуға ұшырағаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Руханият • 21 Шілде, 2021
Павлодарлық геологтар Молдовада белгісіз солдаттың сүйегін тапты
Экспедицияға облыс орталығындағы екі колледждің студенттері аттанды. Олар соғыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен отандастарды іздестіруде, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Шілде, 2021
Маңғыстаудағы эпидахуал күрделі – Министр
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Маңғыстау өңіріне жасаған жұмыс сапары барысында коронавирустық инфекцияға қарсы күрес жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді. Сондай-ақ аймақтағы медициналық көмек көрсету мәселелері талқыланды және оларды жою бойынша ұсыныстар берілді, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл жайында mangystaumedia.kz сайты жазды.
Аймақтар • 21 Шілде, 2021
Атырауда «Еңбек» бағдарламасына 4 миллиардқа жуық теңге бөлінді
Жыл басынан бері өңірдегі жұмыспен қамту орталықтарына 16 716 адам жүгінген. Оның 88 пайызы жұмыспен қамтылған. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Шілде, 2021
Президент кардиохирург Серік Бекбосыновтың жақындарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Шілде, 2021
Ана мен баланы қолдауға 130,4 млрд теңге бөлінді
Ағымдағы жылдың 6 айында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ана мен баланы қолдау үшін 130,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 20 Шілде, 2021
Белгілі кардиохирург Серік Бекбосынов өмірден озды
Бүгін елімізге белгілі кардиохируг Серік Темірханұлы Бекбосынов 41 жасында қайтыс болды. Қайғылы хабар кардиохирургия орталығының Facebook-тегі парақшасында жаряланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 20 Шілде, 2021
Елордада спорттық бәске ақша тігіп, жұртты алдаған алаяқ ұсталды
55 астаналықты 21 жасар Түркістан облысының тұрғынының алаяқтығына тап болды. Алаяқ спорттық ұтысқа ақша тігіп, баюдың оңай жолын ұсынған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Шілде, 2021
Атырауда Құрбан айт күні вакцина алуға болады
Атырау облысында Құрбан айт күні де вакциналау бекеттері жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Шілде, 2021
Бәйтерек ауданы әкімі қатаң сөгіс алды
Батыс Қазақстан облысындағы жағажайлардың бірінде болған арсыз оқиға өңір басшысы Ғали Есқалиев жетекшілік ететін коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі жедел штаб отырысында талқыланды деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Шілде, 2021
Аида Балаева: Құрбан айт - қайырымдылыққа үндейтін ізгілікті амал
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Шілде, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Ел және Елбасы • 20 Шілде, 2021
Елбасы: Құрбан айт – адамдарды мейірімділік пен ізгілікке үндейтін мереке
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел азаматтарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты.
Аймақтар • 19 Шілде, 2021
Қарағандыда жастардың тұрғын үй мәселесі қалай шешіледі?
Қарағанды облысында онлайн форматта өңір басшысы Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді. Отырыс барысында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету және өңірдің жастар ресурстық орталықтарының қызметі мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 19 Шілде, 2021
Қазақстанда мемлекеттік бюджет шығыны өсті
Қазақстанда мемлекеттік бюджет шығыны бір жыл ішінде тоғыз пайызға артты. Оның 26 пайызы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Шілде, 2021
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізуге дайын екендігі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 19 Шілде, 2021
Ақжүрек Таңатаров балуандарға сәттілік тіледі
Еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров Токио Олимпиадасында сынға түсетін қазақстандық атлеттерге сәттілік тіледі. Олимпиада жүлдегері еркін күрес балуандарының жүлдемен келетініне үмітті екенін айтты, жазады Egemen.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Шілде, 2021
Елімізде 168 мың отбасы әлеуметтік көмек алды
1 шілдедегі жағдай бойынша 168,3 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 19 Шілде, 2021
БҰҰ: Әлем халқы гуманитарлық көмекке мұқтаж
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қауіпсіздік Кеңесінде гуманитарлық дағдарыстың қуатты толқыны жүріп жатқанын, бұл бірінші кезекте қарулы қақтығыстар болып жатқан аудандардағы бейбіт тұрғындарға әсер етіп отырғанын айтты. БҰҰ бас хатшысының бұл үндеуін бірінші орынбасары Амина Мұхаммед оқып берді, деп жазады Egemen.kz БҰҰ Жаңалықтар орталығы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.