Солтүстік қазақстан
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Солтүстік Қазақстан облысында жағдай толық бақылауда
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың аймақтық коммуникация қызметінде берген брифингінің негізгі лейтмотиві осы болды, деп хабарлай Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Шілде, 2020
Солтүстік Қазақстанда екі ауданның әкімі ауысты
Пандемияға қарсы күресте кейбір аудандардағы жергілікті билік жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылық таныта алмай отыр. Осы себепті болса керек, Президент Қ.Тоқаевтың жаман індеттен сақтану шараларын күшейтуді тапсырған міндетінен кейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов бірден екі ауданның әкімдерін ауыстырды. Осы аудандардың елді мекендеріндегі тұрғындар арасында індеттің бас көтеруі біршама жоғары болатын, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 04 Шілде, 2020
Тіркелмеген қару-жарақтан құтылған абзал
Қазақстан Республикасының заңы бойынша тіркеуге алынбаған, заңсыз аң аулап жүргенде тәркіленген, сонымен бірге азаматтардың өз еркімен тапсырған қару-жарақтары жойылады. Жуырда Солтүстік Қазақстан полициясы осындай 724 қарудың көзін жойды, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 03 Шілде, 2020
Еліне ерен еңбек сіңірген тұлғаға арналған жиын
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастамасымен "Елбасы – тәуелсіздік тұғыры" деген тақырыпта онлайн конференция болып өтті.
Аймақтар • 03 Шілде, 2020
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық артқан
Солтүстік Қазақстан полициясы жасөспірімдер арасындағы қылмыс 30%-ға азайды деп ақпарат бергенімен бұл істе үлкен табыс жоқ. Бар болғаны былтыр осы кезеңде 16 қылмыс фактысы болса, биыл оның саны 11 болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 30 Маусым, 2020
"Biz Birgemiz" акциясы халықтың бірлігін көрсетті
Бүгін Петропавлда "Biz Birgemiz" республикалық акциясына қатысқан еріктілерді "Nur Otan" партиясы СҚОФ төрағасы, облыс әкімі Құмар Ақсақалов Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Назарбаевтың Алғыс хаттарымен марапаттады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 28 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстанда мал ұрлығы біршама азайды
Биыл Солтүстік Қазақстанда мал ұрлығы біршама азайып отыр. Нақты айтсақ жыл басынан 16 мал ұрлығы тіркелген. Ал өткен жылдың сәйкес мерзімінде 41 ұрлық болған еді. Санға салсақ ұрлық 61% азайған, деп жазады Egemen.kz
Экология • 28 Маусым, 2020
Еліміздің солтүстігінде 28-29 маусымда ауа райы күрт бұзылады
Солтүстік Қазақстан облысындағы "Қазгидромет" деректері бойынша 2020 жылдың 28 маусым 21:00-ден 29 маусым 21:00 аралығында ауа райы күрт бұзылады, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстанда елікке оқ атқандар ұсталды
Жуырда ен даланың еркесін көзі қиып атқандар рейдке шыққан табиғат қорғаушы полиция мен орман шаруашылығы қызметкерлерін көріп, жүре алмай көліктерін тастап, өздері орманға қашқан. Оқиға Шал ақын ауданының Минеевка ауылы маңындағы орманда болған. Машинадан екі мылтық және атып алған еліктің еті табылды. Полицейлер орманда қалдырылған "Лада" көлігінің иесі 31 жастағы Ортақкөл ауылының тұрғыны екендігін анықтады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстанда 4 күнде 32 жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасын аяқтады, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстанда үш азамат заңсыз аң аулаған
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері заңсыз аң аулау фактісін анықтады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Денсаулыққа көңіл бөлу - халық мұқтажын ақтау
Бүгін Солтүстік Қазақстанның облыстық ауруханасында жаңадан сатып алынған жоғары сапалы, аса қымбат магнитті-резонансты томограф (МРТ) аппараты іске қосылды, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шегушілерге көмек көрсетеді
Биылғы жылдың басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккен жеті әйел облыстық Әйелдерді қолдау орталығынан пана тапты. Бұлар, балаларымен қосқанда, барлығы 14 адам, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстан облысында 900-ге жуық құқық бұзушылық анықталды
Солтүстік Қазақстан облысында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Машина алды... Жүргізушілік құқынан айрылды
Осындай да ақымақтар болады екен. Машина сатып алған бойында оны «жуамын» деп араққа сылқия тойып, рөлде келе жатқан адамды СҚО полициясы ұстап, 15 тәулікке қамағанымен қоймай, одан әрі сот шешімімен 7 жылға жүргізушілік құқынан айырады.
Аймақтар • 08 Маусым, 2020
Медицина: Жауырды жаба тоқымау керек...
Жуырда Солтүстік Қазақстандағы көрсетілген медициналық және фармацевтік қызметтер мен тауарлардың сапасы және қауіпсіздігін бақылау депарментінің бастығы Серікбай Қасмақасов журналистерге брифинг беріп, үстіміздегі жылдың І тоқсанында өздеріне 19 арыз-шағым түскенін жариялады. Соның 11-нің дұрыстығы дәлелденген.
Аймақтар • 07 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстанда 26 армениялық автокөлік тіркелді
2020 жылғы 1 ақпанға дейін Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу демалыс күндері де жалғасып жатыр. Алты күнде Солтүстік Қазақстан облысында 26 темір тұлпар республикаға тіркеуге қойылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Аймақтар • 07 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстанда моланың қоршауын ұрлап жүргендер ұсталды
Қазақ арасында «вандализм» деген тағылықтың қазақша атауы да жоқ, өйткені біздің халқымыз мұндай азғындықты бұрын білмеген. Бірақ осындай тағы қылмыс жасайтындардың әлі де арамызда жүргені өкінішті. Жуырда СҚО Аққайың ауданы орталығының бір тұрғыны полицияға шағым беріп, әкесінің басына қойылған темір шарбақты біреудің тас-талқан қылып бұзып әкеткенін айтады.
Аймақтар • 07 Маусым, 2020
Құлқынын көбірек ойлаған жан қапы қалды
Жалпы елдің, тіпті әлемнің басына қауіп төніп, жұрттың бәрі пандемиямен күреске жұмылып жатқанда СҚО Шал ақын ауданы полициясы бастығының орынбасары, майор шеніндегі парақор өзіне ісі түскен бизнесменнен 1,3 млн теңге пара талап еткені үшін тұтқындалғанын бұрын жазған болатынбыз.
Аймақтар • 06 Маусым, 2020
Қазақстанға темекінің ірі партиясын заңсыз кіргізбек болған
5 маусымда Қазақстан шекарашылары «Жаңа жол» автомобиль пунктінде (Солтүстік Қазақстан облысы) Қазақстанға темекінің ірі партиясын (15 000 пачка) кіргізбек болған қылмыстың жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.