Атырау
Аймақтар • 08 Маусым, 2020
Атыраудан Шымкентке ұшақ ұшады
Мұнайлы шаһардан Шымкент қаласына қатынайтын әуе рейсін ашу жоспарланып отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, алғашқы кезекте арнайы рейс «Атырау-Шымкент» және «Шымкент-Атырау» бағытында қатынайды.
Аймақтар • 08 Маусым, 2020
Атырау: Қауіпті індеттен зейнеткер көз жұмды
Коронавирус инфекциясы тағы бір адамды құрбан етті. Бұл жолы 72 жастағы зейнеткер қайтыс болды.
Қазақстан • 07 Маусым, 2020
Атырау: Күйік шалған жүргізуші қайтыс болды
Бұрнағы күні, 5 маусымда газ құю стансасында автоцистерна жарылып, төрт адам ауруханаға түскен еді. Соның ішінде денесінің 90 процентін күйік шалған жүргізушінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Жүргізуші кеше өмірден озды.
Аймақтар • 07 Маусым, 2020
Атырау: Әкім түлектерге «Абайдың қара сөздері» кітабын сыйлады
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мектеп бітірген түлектердің бір тобымен кездесті. Кездесуге 20-дан астам түлектің кейбірі Атырау қаласында, аудандар мен ауылдардағы мектептерде білім алған. Кейбірі кездесуге онлайн режимде қосылды. Түлектердің дені –әлеуметтік жағынан аз қамтылған, сонымен қатар, көп балалы отбасынан шыққан, жетім немесе жартылай жетім түлектер. Барлығы да әр салада жетістікке жетіп, облыстық, республикалық, сондай-ақ, халықаралық олимпиадалар мен түрлі байқауларда жүлделі орыннан көрінген жас дарындар.
Аймақтар • 07 Маусым, 2020
Атырауда армениялық 160 көлік тіркелді
Маусымның 1-нен бері Атырауда Армениядан әкелінген 160-астам көлік тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аймақтар • 07 Маусым, 2020
Атырау облысында коронавирус жұқтырған 6 адам тіркелді
COVID-19 вирусымен 4 адам Құрманғазы ауданында тіркелді. Олардың ішінде үшеуі ЖРВИ симптомдарының бар болуына байланысты өздігінен медициналық көмекке жүгінген, ал біреуі бұған дейін коронавируспен ауырған науқаспен байланыста болған.
Аймақтар • 05 Маусым, 2020
Атыраулық кәсіпкерлер базарлар мен сауда орындарын ашуды сұрады
Жылыой ауданының орталығы –Құлсары қаласында шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері жергілікті әкімдіктің алдына жиналды. Олардың талабы – базарлар мен сауда орындарын ашу.
Видео • 05 Маусым, 2020
Атыраудағы газ құю стансасында болған жарылыстан 4 адам зардап шекті (видео)
Атырау қаласында жергілікті уақытпен сағат 08:20 шамасында «ПромГаз» ЖШС-нің Атамбаев көшесінде орналасқан газ құю стансасында 50 текше метрлік автоцистерна жарылды.
Аймақтар • 05 Маусым, 2020
Атырау: Газ құю стансасында автоцистерна жарылды
Бүгін қаладағы газ құю стансасында оқыс оқиға болды. Жергілікті уақытпен сағат 08:20 шамасында «ПромГаз» ЖШС-нің Атамбаев көшесінде орналасқан газ құю стансасында 50 текше метрлік автоцистерна жарылды. Іле-шала өрт тұтанды.