Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 01 Тамыз, 2019
Елбасы Әсет Исекешевті қабылдады
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевті қабылдады. Бұл туралы Elbasy.kz сайты хабарлады.
Президент • 01 Тамыз, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, қоғам қайраткері Нұрлан Оразалинді қабылдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 01 Тамыз, 2019
Алматы облысында «Мектепке жол» акциясы басталды
Алматы облысында «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық шарасы басталды. Акцияға облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мұрындық болды. Ал әлеуметтік қамқорлық бағытындағы бастама еліміз бойынша 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейінгі аралықта өтпекші.
Тағайындау • 01 Тамыз, 2019
Қ. Әбдірахманов Қазақстанның Даниядағы елшісі қызметін қоса атқарады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 01 Тамыз, 2019
Румынияда қазақ классикалық музыкасының әуендері қойылды
Қарағанды қаласының Тәттімбет атындағы Академиялық халық аспаптары оркестрі Румынияның ірі қалалары – Бухарест және Констанцада концерттік турне өткізді.
Аймақтар • 01 Тамыз, 2019
Қостанайда ерлікпен қаза тапқан полицейлерге ескерткіш тақта орнатылды
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы болды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 01 Тамыз, 2019
Астана LRT-ның бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Астана LRT-ның бұрынғы төрағасы Талғат Ардан мен бірқатар қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентігінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.
Аймақтар • 01 Тамыз, 2019
Қостанайдағы қуаңшылықтың астық пен жем-шөпке кері әсері болатын түрі бар
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшылығы қатысқан брифингте мәлім болды.
Қоғам • 01 Тамыз, 2019
Мемлекет бөлген 3 мың оқу гранты үлестірілмей қалған
Инженерлік, педагогикалық әрі жаратылыстану мамандықтарына 3 мыңнан астам білім гранты қайтадан бөлінеді. Бұл туралы елордада өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қоғам • 01 Тамыз, 2019
«Алтын белгі» иегерлерінің қаншасы грант алды
Биыл білім грантын тағайындау нәтижесі 5 күн бұрын жарияланды. Бұл туралы елордада өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлем • 01 Тамыз, 2019
Ұйқыны қандырудың жаңа тәсілі пайда болды. Бұл туралы MedicalXpress интернет басылымы хабарлады.
Қазақстан • 01 Тамыз, 2019
Қазақстанда тамыз айында ауа райы қандай болады?
Тамыз айында орташа ауа температурасы солтүстік-батыс жартысында климаттық норманың жанында, ал оңтүстік-шығыс жартысында нормадан 1°С жоғары болады деп күтілуде.
Экономика • 01 Тамыз, 2019
Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жанынан Қазақстанның өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады. Қор бизнеске машина жасау саласындағы капиталды қажет ететін өндірістерді дамытуға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ төрағасы Мейрам Пішембаев ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясы барысында айтты.
Экономика • 01 Тамыз, 2019
Отандық өнім түрік нарығына шығады
Ыстанбұл қаласында Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және Түркияның сауда палаталары мен биржалар одағының қолдауымен Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы ұйымдастырылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тоқаевтың туфлиі қанша тұрады?
Қазақстандық кәсіпкер Мемлекет басшысы қандай аяқ киім сатып алғаны туралы айтты. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
Экономика • 01 Тамыз, 2019
Машина жасау саласын дамыту қарастырылды
ҚР машина жасау саласын дамытудың 2019–2024 жылдарға арналған жол картасын іске қосу және жалпы Қазақстандағы машина жасау саласын дамыту туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясы барысында айтып берді.
Аймақтар • 01 Тамыз, 2019
Маңғыстауда жыл басынан бері 120 жол-көлік оқиғасы тіркелген
Маңғыстауда жыл басынан бері 120 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 10 адам суға кеткен.
Қоғам • 01 Тамыз, 2019
Алматыда Ресей қалаларымен өңіраралық ынтымақтастық перспективалары талқыланды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы РФ Бас консулы Евгений Бобровпен кездесті.
Қоғам • 01 Тамыз, 2019
Алакөл: айдынға лас су қайдан келді?
Кеше әлеуметтік желілерде Алакөл жағалауында демалушылар түсірген бейнежазба таралып, онда айдынға суға құбыр арқылы лас судың қосылып жатқаны көрініс тапқан еді. Бүгін бейнежазбаларда көрсетілген жағдай бойынша Алматы облысы, Алакөл ауданының әкімдігі тарапынан арнайы комиссия құрылып, болған жайдың себеп-салдары анықталды.
Президент • 01 Тамыз, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев отандық өнімді қолдады
Мемлекет басшысы отандық өндірушіден аяқ-киім сатып алды. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.
Спорт • 01 Тамыз, 2019
Бұл күндері АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтіп жатқан теннисшілердің халықаралық турнирін қазақстандық Зарина Диас сәтті бастады.
Спорт • 01 Тамыз, 2019
Қазақстандық аралас жекпе-жек спортының өкілі Шавкат Рахмонов әйгілі UFC ұйымымен отандық спортшылар арасында бірінші болып келісімшартқа отырды. Бұл туралы файтердің менеджері Саят Әбдірахманов мәлімдеді.
Спорт • 01 Тамыз, 2019
Наурыз айында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өткен болатын. Мұхиттың арғы бетіне аттанған қазақстандық бес спортшының бесеуі де топ жарып, елімізде ауыр атлетиканың болашағы бар екенін дәлелдеді. Ал мұндай нәтиженің сыры неде екенін құрама бапкері Бақыт Ахметовтің өзінен сұрап білдік.
Спорт • 01 Тамыз, 2019
Қазақстан ауыр атлетикасының даңқы алысқа тарағанын ешкім жоққа шығара алмайды. Олай деуге негіз, біздің елде мықты бапкерлік мектеп те, жеңіспен өрілген тамаша дәстүр де бар. Тек қана әлем чемпионаты жайында айтар болсақ, қазақстандықтар алғашқы медальдің сыңғырын 1974 жылы естіді. Филиппиннің астанасы – Манилада өткен жарыста Юрий Зайцев қола медальді олжалады. 1976 және 1979 жылдары дәл сол спортшы екі дүркін әлем чемпионы атанса, 1977 жылы күміс медальді мойнына ілді. Ал 1975 жылы Мәскеудегі бәсекеде Василий Мажейков екінші орынды иеленді.
Тарих • 01 Тамыз, 2019
1939 жылы мамыр айында Атырау өлкесінде Қазақстан жазушыларының II съезі қарсаңында облыстық ақындар слеті өтеді. Бұл слет сол кезеңдегі халықтың мәдени өміріндегі үлкен серпіліс еді. Өлкеміздің талантты жастары бас қосқан бұл шараға соғыста хабарсыз кетіп оралмаған жас ақын Далабай Жазықбаевтың қатысқанын атап өтуіміз қажет. Жақында ғана РФ Қорғаныс министрлігі Орталық мемлекеттік архивінен Далабай Жазықбаев туралы мәліметтер табылды. Көптеген еңбекте ақынның туған жылы 1920 жылы деп жазылса, бұл құжатта «...1915 жылы Гурьев облысы, Жилокосинский ауданында туған, 331-атқыштар дивизиясында қызмет еткен» деп жазылған (төменде суреті берілген, реттік саны №22). Бір қызығы құжатты толтырғанда «Жазикдаев Даладай» деп қате толтырылған. Ағайын-туыстары жөнінде інісі Төлеген Құлметеновтің есімі жазылған.
Теміртау оқиғасы: Оқ атуға бұйрық берген кім?
Біздің қолымызға Мәшекеңше айтқанда, мейміл мес келіп түсті. Оның иесі ҚазКСР-інің сол кездегі Ішкі істер министрі, 1959 жылғы Теміртау оқиғасында жаппай қару қолдануға бұйрық берген делінген, өзінің қарақан басын ғана емес, сол кезде солқылдақтық танытқан КОКП-ның және жалалы болған советтік милицияның абыройын қорғап қалған генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаев. Қолымыздағы месте Ш.Қабылбаевтың өз қолымен жазған күнделігі, КОКП ОК Бірінші хатшысы Н.С.Хрущевке, КОКП ОК хатшысы Л.И.Брежневке, ҚК ОК бірінші хатшысы Д.А. Қонаевқа жазған өтініштері, сотта сөйлеген сөздері, басқа да осы іске қатысты құнды жазбалары сақталған екен. Төмендегі жазбамызда осы құжаттарды басшылыққа алдық.
Еліміздегі ең көгалды қала саналатын Алматының көркі – тамырын тереңге жайған мәуелі ағаштары. Аспанмен таласқан биік бәйтеректердің кейбірінің жасы тіпті ғасырдан да ұзақ. Қазіргі таңда шаһарда 2 миллионнан астам жасыл желек бар десек, оның ішінде 54 мың ағаш апатты жағдайда деп танылған.
Таңғажайып керіш: От шашқан алаулы адырлар
Зайсан көлінің солтүстігінде Құйған, Аманат, Ақсуат, Монекей, Жолнұсқау сияқты ауыл тұрғындары ежелден балықшылықты кәсіп етеді. Көлдің солтүстік жағалауындағы Қиынкеріш ландшафты геологтар мен табиғаттанушыларды, археологтарды жіпсіз байлаған ерекше жер екенін көріп таңданасыз. Қиынкеріш – бір қарағанда от шашқан алаулы адырлар... Бұл атырап туралы да ғалымдар мен натуралист жазушылар ара-тұра жазып жүр.
Жазасын өтеушіні азаптағандар жазасын алады
Жуырда интернет желісінде Алматы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЛА-155/8 мекемесі қызметкерлері мен осы колонияда жазасын өтеп жатқан сотталушылардың заңсыз әрекеттері бейнеленген видео тараған болатын. Ішкі істер министрінің өзі бейне кадрлардағы әрекетті «масқара жағдай» деп бағалаған іс бойынша түрме басшылығы түгелімен жұмыстан қуылып, колония бастығының орынбасары ұсталды. Бұл ақпарат Мемлекет басшысына да жетіп, Қасым-Жомарт Тоқаев туиттердегі парақшасында: «Алматы облысы Заречное ауылындағы түзету мекемесінде (ТМ) жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырдым. ТМ-нің 5 қызметкері ұсталды, бірқатары жұмыстан босатылды. ІІМ-не ТМ жаңғырту тапсырылды. Азаматтық бақылауды күшейту қажет» деп жазды. Жалпы, түрмедегі адамдардың тағдыры мен олардың құқықтарының қорғалуы өте нәзік мәселе. Оған қоса, бұл саладағы әрбір әрекет немесе әрекетсіздік халықаралық ұйымдардың бақылауында тұр.
Жолға шыққан жолаушы әйел қорғалған ба?
Халқымызда «Жолаушы өз үйінен 40 қадам ұзап шыққан соң – мүсәпір» деген ұғым бар. Негізі, араб тілінен енген мүсәпір сөзінің өзі жолаушы деген мағынаны береді, ал біздің халқымызға ол жолға шыққан адамның қорғансыздығын, дәрменсіздігін білдіретін мағынасымен сіңісті болған. Хадистерде: «Сапар – азаптың бір бөлігі, ол біріңді ішіп-жеуден және ұйқыдан тосады, егер (кісі) шаруасын тындырса, отбасына асықсын» делінген. Асыл дінімізде сапарға шыққан адамдарға Алланың тағылымды жеңілдіктері өте көп. Қазақ халқы да қай заманда болмасын, тіпті өздері жоқшылықтың зардабын тартып отырған кездің өзінде де жолаушыларды төріне шығарып, бар тәттісін, сусынын аузына тосқан. Бірақ біз қозғағалы отырған әңгіме басқа – қазір жолаушылар, оның ішінде сапарға шыққан әйел адамдар үшін жолда жүру неліктен қауіпті болып кетті?